.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Рентгендік сәулелер
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1559 | Размер: | Автор: гостьҚазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Физика пәні мұғалімі
Орынбаева Қызжібек Жолдасбековна
Сабақтың тақырыбы: «Рентгендік сәулелер»
Сабақтың мақсаты: Рентген сәулелерінің шығу тарихы, қасиеттерін түсіндіріп, рентгендік түтікшелердің құрылысымен таныстыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Рентген сәулелерінің шығу тарихын біліп, қасиеттерімен танысу. Рентгендік түтікшелердің құрылысын үйрету.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттырып, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Ғылыми-техникалық білім беру, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Түсіндірме, білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: Ойын сабақ, топтық жұмыс, түсіндірме, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейнефильм, үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Екі топқа бөлу: фотон және квант
ІІ.Суреттер сөйлейді.
ІІІ.Мәреге жет. Сұрақтарға жауап беріледі.
Фотон
1.Фотоэффект құбылысын электромагниттік толқындық теорияға сүйеніп, қандай қайшылықтар туды.
Фотоэффект құбылысын толқындық теория бойынша толқын металл бетіне түскенде, ондағы электрондарды тербеліске келтіреді.
Босап шыққан электрондардың жылдамдығы түскен толқынның толқын ұзындығы өскен сайын артуы керек.
Шындығында, босап шыққан электрондардың жылдамдығы сәулелердің толқын ұзындығы кеміген сайын арта береді.
2.А.Эйнштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін қандай жолды таңдап алды?
А.Эйнштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін жарықтың бөлшектік әрі кванттық қасиетіне сүйенеді.
3.Эйнштейн формуласын жаз.
4.Жарық дуализмі дегеніміз не?
Жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттерінің бірлігі-табиғи заңдылық.
Квант
1.Фотоэффект құбылысына сүйеніп, жарықтың электромагниттік толқындық табиғатын теріс деуге бола ма?
Жоқ, жарық жарық көзінен шыққанда бөлшек түрінде шығып, кеңістікте толқын болып таралады.
2.Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
Металл бетіне түскен жарық фотонның энергиясын ондағы электрон жұтады да, жұмыс жасап, металдан босап шығады.
3.Фотоэффектің қызыл шекарасы.
Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп - фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын айтамыз.
4. «Фотоэффект» қайда қолданылады?
Өндірісте, тұрмыстық техникада және ғарыш аппараттарында кең қолданылады.
Үйге берген есептерді тексеру.
Жаңа сабақ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.