Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ресей империясы. -

Ресей империясы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2944 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Суатова Фарида Болатовна

Қысқа мерзімді жоспар
10-сынып
Сабақтың тақырыбы §3-4 Ресей империясы.
Мақсаты Ресей империясының құрамындағы ұлттық топтарға талдау жасай отырып, Ресей империясындағы ұлттар мен діни топтардың жағдайы, XX ғасырдың басындағы Ресей революциясының басталу себептері мен Мемлекеттік Думаның сайлауы, Столыпиннің аграрлық реформасының мәні мен аграрлық реформаның Қазақстанға тигізген әсері туралы мағлұмат беру және тарихи фактілерді өз бетімен талдап саралауға, сол арқылы өзіндік сыни көзқарасын дамыту.

Күтілетін нәтиже Тақырыпты оқып отырып ел тарихын өзінің дәйекті шешімдерімен саралай алады.
Сыни бағытта ойлана алады.
Топтық жұмыстарға белсене араласып, өзіне көшбасшылық қасиеттерді жинақтайды.
Осы тақырыпқа байланысты Қазақстан тарихынан алған білімдерін қолдана отырып, пәнаралық байланыстар жасауды біледі.
Сыныбындағы оқушылардың пікірлерін тыңдайды
оқушылармен сыйластық қарым-қатынастар орната алады
Тарихи фактілерді пайдалана отырып, оқиғаны өз көзқарасымен өрбітеді.
Қосымша әдебиеттермен және ғаламтор деректерімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Өзіндік жұмыстарға белсене араласады.

Сілтеме Қ. Исламбеков «Дүниежүзі тарихы» Шың-кітап А.2013жыл
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011 жыл
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл», «Айналмалы бекеттер», слайдтар, маркерлер, стикерлер
Қолданылатын ресурстар Карта
Ғаламтор материалдары
Қ.Қожахметұлы, Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов «Дүниежүзі тарихы» 10-сыныбына арналған оқулығы Алматы «Мектеп» 2014жыл
Х.Ермұханова «Казақстан тарихы» А.2009-2010жж
Х.Ермұханова «Қазақстан тарихынан нақты деректер» А.2007 жыл
постер дайындау, қорғау, тірек сызба, интернет жүйесі материалдары,
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 1-деңгей
1-деңгей курс барысында қолданылған топқа бөліну және сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері (интернет материалдары)
Кейінгі тапсырмалар Қосымша құжаттарды талдау, өз ойымен пікірлерін әзірлеу
Ресей империясындағы Столыпиннің аграрлық реформасы туралы қосымша деректермен танысу, ресурс жинақтау.
Мұғалім жазбалары
Сабақ
кезеңдері Тапсырма Мұғалім
іс-әрекеті Оқушылар
іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 минут Сынып оқушыларының сабаққа қатысын бақылау
Топқа геометриялық фигураларды таңдату арқылы бөлу
Ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру.

Топ ережесін сақтауды назарға ұстау
Топ басшысына «Оқушының
өзін-өзі бағалау бетшесін» үлестіреді.

Әрбір геометриялық фигуралардың мағынасы туралы айтып өту. Сынып тазалығы
Оқушының сабаққа қатысы

Өздеріне ұнайтын геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Топтан бір оппонент оқушы топ мүшелерінің сабаққа қатысын бағалап отырады.
Қызығушылықты ояту
7 минут «Миға шауыл» әдісі
1.Бірінші орыс революциясы қай жылдары болып өтті?
2.«Модернизация» қандай ұғым?
3.1909-1913 жылдары өндірістік өрлеуімен көзге түскен ел ?
4. Столыпин кім?
5.1905-1907 жылдардағы революцияның себептері?
6.1906 жылғы аграрлық реформаның мәні?

Оқушылардың есте сақтау қабілет-деңгейін байқау мақсатында және жаңа сабақтың тақырыбын сұрақтар қою арқылы өздеріне таптыру.

Тақырыпты тапқаннан кейін оқушының айтар мәліметі болса сонымен сабақты анықтайды Әр топ мүшелері сұраққа нақты әрі толық жауап береді.жауап береді

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды
Мағынаны тану

10 минут

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі.

АКТ арқылы тақырыпқа сәйкес дайындалған слайдтар арқылы жаңа сабақ туралы жан-жақты тоқталады.

Даталарды және тақырыптағы маңызды оқиғаларды дәптерге түртіп жазып алады.
Топтық жұмыстар
13 минут «Айналмалы бекеттер»
Сандарды суыру арқылы топқа түсетін тақырыпты анықтайды.

1.Ресей империясы
2.1905-1907 жылдардағы революция
3.Либералдық партиялардың күресі
Мемлекеттік Дума
4.Столыпиннің аграрлық реформасы Топқа түрлі-түсті карандаштар таратылып, топтағы жеке оқушылардың
қатысын бақылайды

Топтардың белгіленген уақытта өз жұмыстарын қалдырып, басқа бекетке(топқа) ауысып, алдыңғы топтың жұмысымен танысып толықтырады. Топ мүшелері өздеріне түскен тақырып төңірегінде топ ішінде талқылап, ойларын постерге түсіреді.

Бөлінген уақытқа байланысты басқа бекеттерге ауысып жұмысты толықтырады.


Сергіту сәті
2 минут «Жұмыр қылыш» Оқушылармен бірге сергіту сәтіне қатысу Интерактивті тақта
Жеке тапсырмалар

5 минут «Менің пікірім......»
1.Реакция және революциялық өрлеу кезеңі

2.Революцияның тарихи маңызы
Оқушылардың жұмыстарға араласуын сырттай бағылып тыңдайды.
Жақсы пікір білдірген оқушыларды смайликтер беру арқылы мадақтап отырады. Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін ортаға салады.
Сұрақ-жауап әдісі
2 минут «Бұл кезде қандай оқиға болды?»
1. 1906-1910жж
2. 1900-1903жж
3. 1909-1913жж
4. 1907-1912жж
5. 1912-1917жж Жақсы жауап берген оқушыны мадақтайды Осы жылдардағы болған оқиғаларды айтады.
Бағалау
2 мин «Оқушының
өзін-өзі бағалау
бетшесі» Бағалау бетшелері Әр топтың оппонент оқушысы топ мүшелерінің сабақтағы қатысын, белсенділігі туралы жеке-жеке тоқталады.
Рефлексия
2минут «Менің сабақтан алған әсерім...» Стикерге әсерін жазып қалдырады. Рефлексиясын жазып сыныпта оқып хабарлауға болады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.