.
.
Мұғалім Карабалиева Қ.Қ. Құрманғазы (Қазақтың күй өнері кітабынан)
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2039 | Размер: | Автор: гостьМектеп Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сынып 2
Пән Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Құрманғазы (Қазақтың күй өнері кітабынан)
Сабақтың мақсаты а) Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратты меңгерту арқылы алған білімін нақтылау мен түсіну икемділігін қалыптастыру.
ә) Өз бетімен жұмыстануға,қойылған міндеттерге сәйкес тапсырмаларды орындау қабілеттерін дамыту.
б) Алған ақпараттан қорытынды жасай білуге,өнерден эстетикалық тәрбие алу икемділігін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі Көрнекілік,сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар Дамыту, 5 жолды өлең, білім беруді ізгілендіру.
Сабақтың оқыту құралдары Интерактивті тақта, компьютер
Пәнаралық байланыс Музыка
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту 1.Оқу-құралдарының дайындығын тексереді.
2. Оқушы қимылдарын бақылайды.
Мұғалім оқушыларға өткен сабаққа байланысты сұрақтар жазылған карточкалар үлестіріледі 1. Сабаққа қажетті құралдарын дайындап,түгелдейді.
2. Біз әдепті баламыз,
Оқып,білім аламыз.
Ана тілін құрметтеп,
Әсем әнге саламыз.
Сабаққа даярлық ұйымдастырылады.
Оқушылардың зейіні сабаққа аударылады.
Негізгі бөлім
а) Өткенді қайталау 1. Өткен сабақта кім туралы әңгімеледік?
2. Ол кім?
3. Ол қашан, қайда дүниеге келген?
4. 131-беттегі мәтіндегі Кенже туралы бөлікті баяндап бер.
5. Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы әңгімелеп бер.
6. Дина Нұрпейісованың күйлерін ата
7. «Әсемқоңыр» күйін кімге арнаған?
8. «Қарақасқа» күйін кімге арнаған?
9. Домбыраның құрылысын ата.
10. Білетін күйшілерді ата.
11. Жұмбақтардың шешуін тап
Ұзын мойын,екі ішек,
Қатар-қатар тепкіншек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
12. Мақалды жалғастыр.
Ақыл көкке жеткізер,
......... .......... ........... -Дина Нұрпейісова
-Күй анасы, домбырашы, композитор.
-Д.Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген.
-Мәтін бойынша әңгімелейді.
-Мәтін бойынша әңгімелейді.
- «Тойбастар», «16 жыл», «Сауыншы», «Әсемқоңыр», «Қарақасқа»
- Немересіне
Өзінің бәйгеге қосып жүрген жылқысы өлгенде шығарған күйі
Шанағы,мойыны,құлағы,тиегі,
қос ішегі
Қорқыт,Тәттімбет,Қазанғап,
Құрманғазы.Дина,Дәулеткерей
- домбыра
Өнер көпке жеткізер. Бұрынғы алған білімдерін талдап,өзгелердің жауаптарын дәйектейді,өзгенің жауабымен салыстырады.
Жаңа сабақты меңгерту
ә) Ой қозғау 5 жолды өлең құрастыру
1. Кім? (1)
2. Қандай? (2)
3. Не істеді?(3)
4. Сөйлем.
5. Мәндес сөз. 1. Дина
2. Дарынды, атақты.
3. Шығарды, орындады,тартты
4. Дина- күй анасы.
5. Күйші. Ақпаратты сұраққа жауап беру арқылы алады,өз іс-әрекетін бақылайды,тапсырманы тәртіппен орындайды.
б) Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Оқулықпен жұмыс (мәтінмен жұмыс)
в) Өз бетімен жұмыс
ІІІ.Қорытынды бөлім
А) Сабақты бекіту.
Бағалау
Үйге тапсырма
-Күй анасы-Дина әжеміз болса,күй атасы кім?
-Бүгінгі сабағымызды Құрманғазы атамызға арнаймыз. (Слайд арқылы баяндау)
Күйлеріне тоқталу
1. «Адай»
2. «Балбырауын»
3. «Ақсақ киік»
4. «Көбік шашқан»
5. «Сарыарқа»
6. «Аман бол,шешем,аман бол»
7. «Ақбай»
« Адай» күйінің бейне клипын тамашалау.
Оқулықтағы «Құрманғазы» мәтінімен танысып,күйші туралы мына ретпен баянда:
1. Құрманғазы кім?__________
2. Ұстазы кім?__________
3. Оның өмірі қандай күресте өтті?
______,_______
4. Күйлері нені суреттейді?
_______,_________,
_______,_________,
________
-Енді,балалар,осы атамыздың күйлерінің бірі- «Балбырауынды» көзімізді жұмып,мұқият тыңдайық,не елестетер екенбіз.
Бекіту сұрақтары:
1. Сабақта кім туралы әңгімеледік?
2. Оның ұстазы кім?
3. Күйлері нені суреттейді?
4. Қазіргі күйшілерден кімдерді білесіңдер?
( слайдтар арқылы баяндау)
Мәтінді оқып,мазмұндау,күй тыңдау, сурет салу. -Құрманғазы.
-Дәптерге қажетті жерін түртіп жазып алады.Слайдтан бірге оқиды.
Дәптерлеріне күйлердің аттарын жазып отырады.
Құрманғазы-күй атасы.
Ұстазы-Хан Базары-Ұзақ.
Әділетсіздікпен, озбырлықпен
Ат шабысын,туған жерге деген сүйіспеншілік,көңіл шаттығы,халықтың асқақ үні.
Көздерін жұмып,тыңдайды,не елестеткендерін әңгімелейді: Дала,аттың шабысы,құстардың қалықтап ұшуы, адамдардың қуанышты сезімдері.
-Құрманғазы
-Ұзақ
-Аттың шабысы,халықтың қуанышы
-Айгүл Үлкенбаева,Асылбек Еңсепов, «Ұлытау» тобы, т.б
Құрманғазы,Тәттімбет,
Домбырамен жырлаған.
Жүрекке ем қонсын деп,
Елге күйін сыйлаған
Домбырасыз сән қайда?
Домбырасыз ән қайда?
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма.
Қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандартты өнімдері нысанында өз ойын рәсімдейді.
Жаңа ақпарат алады,түсінеді,еске сақтайды.Ұсынылған ақпаратты нақтылайды.
Мәтінмен жұмыстана отырып,өз ойын ұсынады,өзге оқушының жауабын дәйектейді.
Тапсырмамен жұмыстана отырып,өз ойын ұсынады,өзге оқушының жауабын дәйектейді.
Қимыл-әрекет арқылы көрсетіп, музыкаға қосылып,шырқайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.