Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұрпақ тәрбиесі -

Ұрпақ тәрбиесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1030 | Размер: | Автор: гость
. Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы
№1 “Бөбек” бала бақшасы
Нұртаева Наргиза Қайратбекқызы

Халқымыз қай уақытта бол¬ма¬сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та¬лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке¬рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа¬уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де¬ген ғұлама ғалым Әбу На¬сыр Әл-Фа¬ра¬би ой¬ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо¬лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы¬нып қаралмайтын күрделі про¬цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы¬лай де¬ген бо¬ла¬тын: «Ба¬ла¬ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке¬ле¬шек за¬ма¬ны¬на лайық қылып шығару ке¬рек». Иә, Мағжан ата¬ла¬ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке¬рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас¬тар. Олар за¬ман та¬ла¬бы¬на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар¬тып отыр. Ба¬ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за¬ман та¬ла¬бы¬на сай ұрпақ тәрбиелеу.
Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ере¬сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба¬ла¬лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо¬лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо¬лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай¬да ба¬ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор¬ны ерек¬ше. Себебі, ба¬ла- бақшаға ба¬ра¬тын ба¬ла қоғамда өз ой¬ын ашық айтуға үйренеді. Со¬ны¬мен қатар жан- жақты жетіледі. Баланың өсіп жетілуіне ойынның көп түрлілігі үлкен әсер ететіндіктен бірнеше түрін ұсынғым келеді.
1.Бұл ойынға жіңішке жіп пен сақина керек. Сақинаны жіпке тізіп,екі шетін біріктіріп байлап, домалақ етіп қоямыз. Жіп шеңберінің ортасына бір ойыншыны қойып, қалғандары екі қолдарымен жіпті ұстап тұрады.Сақинаны көрсетпей жылжытып отырып, ортадағы ойыншыдан жасырамыз. Егер ортадағы ойыншы сақинаны тапса таптырып қойған бала екеуі орын ауыстырады.
2.Екі ойыншыны көздерін байлап, алдарына тамақ немесе жеміс салаттарын қоямыз.Екеуі бірін бірі тамақтандырулары керек.
3.Екі ойыншы сыныптан сыртқа шығып біреуінің киімін, түймесін немесе шаш түрін өзгертіп қайта кіреді. Сол кезде іште отырғандар қандай өзгеріс болғандығын анықтауы керек. Бұл ойын балалардың есте сақтау, қашанда көңіл бөлу қасиеттерін қалыптарстырады.
4.Топты екіге бөлеміз.Алдын-ала жазылып қойған сөздерді алып, сондағы жазылғанды (мысалы:оқушы) қимылмен білдіруі керек. Қаншалықты көп тапса сол топ жеңімпаз. Осы ойын арқылы баланың актерлық қабілеттерін дамытамыз.
5. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Екі шұңқыр ыдыстың ішіне бірдей массада конфеттер саламыз. Әрбір қатысушы аузымен бір –бір конфеттен алып келесі ыдысқа салуы керек.
6. Бір баланы орындыққа отырғызып, заттарын (сағат,телефон) аламыз.Оларды ұзын жолақпен қыз тұрған жерге дейін қоямыз.Баланың көзін орамалмен байлап, сол заттарды баспастан қызға жетуін талап етеміз.Егер заттарды баспастан қызға жетсе, онымен дос болуы керек.(Жолдағы заттарды алып тастап, қыздың орнына бір баланы отығызып қоямыз)
Ойын түрлері балалардың жасына сай қаншалықты түрлене түссе, балаларымыз да соншалықты бақшамызға қызығушылықпен асыға түспек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.