Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
С.Бегалин. « Бала Шоқан» -

С.Бегалин. « Бала Шоқан»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1283 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Боранқұл ауылы
Опорный орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Жұмалиева Гулнар Тлегеновна

Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин. « Бала Шоқан»
Сабақтың жалпы мақсаты: Әңгіменің мазмұнын игеруге,идеясын ашу,өзінше ой қорытуға,топтасып жұмыс істеуге ,өнерді бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: СТО, баяндау,талдау,сұрақ-жауап,ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: С.Бегалин,Шоқан портреттері,мүсінші бала суреттері
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасы
«Кім жылдам?» стратегиясы
1.С.Бегалин кім?
2.Қай жылы дүниеге келген,қай жылы дүниеден өткен?
3.Қандай шығармаларын білесіз?
4.»Жазушы естелігінде» не айтылған?
5.Біз қандай шығармасымен таныстық?
3) Мағынаны тану.
Сыныптағы оқушыларды 7 топқа бөлеміз. «Әдебиет үйірмесі»стратегиясы бойынша сабақта сыни тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру.
Оқушылар, бүгін біз С.Бегалин атамыздың «Бала Шоқан» шығармасын, 7 топқа бөлініп талдаймыз
1-топ. Баяндаушы- «Бала Шоқан» әңгімесінің мазмұнын айтады.(1-3 бала кезектесіп мазмұн айтады)
2-топ. Зерттеуші- шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме береді. (Шоқан,Мысық,Жақып,анасы,әкесі)
3-топ.Сұрақ қоюшылар – әңгімеге байланысты сұрақтар.
4 – топ. Сілтеме табушылар – мәтіндегі таныс емес сөздер,қанатты-нақыл сөздер,мақал-мәтелдерді тауып,соларға түсінік береді.
3) Сергіту сәті. Жаттығу жасаймыз.
5-топ. Бейнелеуші суретшілер – оқиғаға қатысты суреттер салады.
6-топ.Дәнекер – әңгімеге ұқсас басқа оқиға немесе әңгіме айтып береді.
7-топ. Тілшілер – бәрін тыңдап болып,үшінші жақта әр топқа талдау жасап,баға береді.
4) Ойтолғаныс.
Әр топ 5-6 сөйлемнен тұратын мүсінші бала туралы өз ойларын жазады.
6) Үйге тапсырма. «Қажымұқан» хикаятын бір шолып оқып келу.
7) Бағалау.
Әр топ «Бағдаршам»бойынша бір-бірін бағалайды,мұғалім оқушылардың қорытынды бағасын журналға қояды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.