Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету. -

«С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1282 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін: Келісемін:
Қарауылкелді балалар Қарауылкелді балалар
бақшасының меңгерушісі : бақшасының әдіскері:
_______С.С.Утеталиева _______Г.Н.Абишева


Тақырыбы: «С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
Мақсаты:
Білімділік: «с» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру; с дыбысы бар сөздерді буынға дұрыс бөлуге үйрету; с дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін түсіндіру.
Түзету-дамытушылық: балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: логопедті мұқият тыңдауға, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд, видео.

1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
-Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көп деген қонақтар келіпті, Кәне, бәріміз келген қонақтармен амандасып алайықшы.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
/балалар қонақтармен амандасады/
Біздің ұранымыз:
Біз көңілді балалармыз!
Ештенеден қорықпаймыз!
Келген қонақтарды сыйлап
Ортаға білімімізді саламыз!

2.-Балалар, бүгін біз үлкен саяхатқа шығамыз. Ал саяхатқа шығу үшін бізге бір көлік керек. Кәне, балалар, тыңдайықшы , ненің дыбысы?
/үнтаспадан поиздың дыбысы естіледі /.
-Өте дұрыс балалар. Біз бүгінгі саяхатқа поизбен шығамыз. Осы поиздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз. Әр вагон тапсырмасын орыңдасаңдар, поиз бізді бір үлкен қалаға алып барады.
-Кәне, кеттік пе? Қандай қалаға баратынымызды білгілерің келе ме?
-Ия.
-Ендеше бірінші вагонның тапсырмасын орындайық.
3. Тыныс алу жаттығулары
-Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Ол ойынды мұрнымызбен ойнайық. Айтыңыздаршы, кәне мұрыңдарың бар ма? Көрсетіңдерші?
/балалар мұрындарын көрсетеді/.
-Міне, біздің мұрнымыз. Мұрын серуенге шықты. Мұрнымыз терең тыныс алу үшін аузымызды жауып қоямыз. Мұрнымызбен тыныс алып, мұрынмен дем шығарамыз.
-Мұрын жақсы иіс иіскегісі келеді. Мұрын тесігін кезек-кезек басу арқылы жаттығу орындаймыз.
-Балалар, біз бірінші вагонның тапсырмасын орындадық. Келесі вагонның тапсырмасын көрейік.
4. Жұмбақ шешу
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен.
/сағат/
-Дұрыс, балалар ол сағат.
-Балалар, сағат деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-С дыбысы.
-Кәне, бәріміз бірге с-с-с-с деп айтайықшы.
-Балалар, бүгін біз «С» дыбысын дұрыс айтуға үйренеміз.
5. «С» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру
-«С» дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. С дыбысы сөздің басында, ортасында, және соңында кездеседі.
-Кәне бәріміз тағы да бір рет с-с-с-с деп айтайықшы.
-Енді менің артымнан буындарды қайталаймыз.
Са-со-су-сы
Со-су-са-сы
Сұ-со-са-сы
-Міне, біз екінші вагонның тапсырмаларын орындадық. Ал үшінші вагон бізге қандай тапсырма алып келгенің көрейік.
6. Видео «С» дыбысы мен әрпі
/балалар видео көреді/
7. «С» дыбысы бар сөздерді буынға бөлу
-Балалар, «с» дыбысына әрпіне қандай көп сөздер бар екен. Ендеше осы сөздерді тағы бір рет қайталап буынға бөлейікші.
Са-ғат
Са-бын
Сә-біз
Са-қи-на
Сүт
Сыр-ға
Си-ыр
-Осы сөздердің бәрінде «с» дыбысы сөздің басында естіліп тұр.
-«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан-«с» дыбысы сөздің ортасында естіледі. Жолбарыс-«с» дыбысы сөздің соңында естіледі.
-«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым.
-ІІІ вагонның тапсырмасын орындадық
8. Артикуляциялық жаттығулар
-Келесі вагонның тапсырмасы –артикуляциялық жаттығуларды орындау.
«Тәтті тосап»- жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару .
«Ат шауып келеді»- - ауызды кең ашып тілді таңңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу.
«Инеше»- ауызды кең ашып алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Күрекше»- жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.
«Әткеншек»- жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға созып,біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.
«Сағат»- тілді жіңішкертіп ұстап оңға солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
9.Тіл ұстарту жаттығуы
-Келесі 5 вагонның тапсырмасы. «С» дыбысына байланысты 4 жол тақпақ жаттаймыз.
Са-са-са
Ызындайды маса.
Іс-іс-іс
Аппақ екен тіс.
/балалар логопедтің артынан бірнеше рет қайталап жаттайды./
10. Сергіту сәті
-Балалар, кәне бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындап жіберейік.
-Ал енді, балалар, біз барлық вагондардың тапсырмаларын орындадық. Кәне көрейік, поезд бізді қандай қалаға алып келді екен.
/Бәйтеректің суреті ашылады/
-Қараңдаршы, балалар, мынау ненің суреті?
-Бәйтерек.
-Бәйтерек қай қалада орналасқан?
-Астанада.
-Яғни бізді поезд қай қалаға алып келіпті?
-Астанаға.
-Дұрыс балалар, жарайсыңдар. Астана деген сөзде бүгін біз танысқан «с» дыбысы бар екен. Кәне бәріміз Астана деп айтайықшы.
-«С» дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұр?
-Сөздің ортасында.
-Астана туралы не білесіңдер балалар?
-Астана біздің бас қаламыз.
11. Қорытындылау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы
-Біз бүгін қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?
-С-с-с.
-Қыздар құлағына тағады-сырға
-Уақытты көрсетеді-сағат
-Қыздар қолына тағады-сақина
-Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын-сүт
-Рахмет балалар, бүгін бәріңіздерде өте жақсы қатыстыңдар.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.