.
.
Ашық сабақ Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2730 | Размер: | Автор: гостьБиология
(8 сынып)
ОҚО, Аманкелді жалпы орта мектебінің биология
пәні мұғалімі Бейсебай Камила
Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сүйектің құрылысы (бүктеме), адам қаңқасы (плакат), сұрақтар, тест, сәйкестендіру тесті, бас сүйек, қол сүйектері, жамбас белдеуі сүйектері (муляж).
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа қатысуы;
2. Оқушыларды топқа бөлу;
II. Қызықтырушылықты ояту
А) Үш топқа арналған сұрақтар.
І-топ.
1. Сезімтал жүйкелер жиынтығы қалай аталады?
2. Дыбыс сүйектері құлақтың қай бөлігінде орналасқан? (ортаңғы)
3. Бас сүйек қаңқасына жатады: (ми сауыты, бет бөлімдері)
4. Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? (маңдай, төбе, самай, шүйде)
5. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? (еңбек)
6. Кеуде қуысын құрайтын сүйектер: (12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға, төс сүйегі)
7. Омыртқа саны: (33-34)
ІІ-топ.
1. Көз алмасы қандай қабықшалардан тұрады? (сыртқы, ортаңғы, ішкі)
2. Дыбыс сүйектері қалай аталады? (төс, балғашық, үзеңгі)
3. Сүйек қанша жаста қатая бастайды? (екі)
4. Қолбасы сүйектерін ата. (білезік, алақан, саусақ сүйектері)
5. Білезікте қанша сүйек бар? (8)
6. Қысқа сүйектерге жатады: (омыртқа, алақан, табан, саусақ)
7. Омыртқаның құрылысы: (денесі, доғасы, қабаттары, өзегі)
ІІІ-топ.
1. Сипап сезу арқылы нені анықтаймыз? (пішінін, қаттылығын, тегістігін, жылы-суықты)
2. Рефлекс дегеніміз не?
3. Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқа: (құйымшақ)
4. Жалпақ сүйектер: (жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері)
5. Аяқ сүйектері: (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)
6. Аяқ бұлшықеттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге толық тиіп тұруы қалай аталады? (жалпақ табандылық).
Ә) Топ мүшелеріне үш түрлі сүйек үлгілері сипаттауға беріледі.
1. Бас сүйек қаңқасы
2. Қол сүйектері
3. Аяқ сүйектері
Б) Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тест сұрақтары:
І. Орталық жүйке жүйесіне жатады:
А) көз Б) жұлын В) құлақ Г) тері
2. Ми бөлімдеріне жатпайды:
А) сопақша ми Б) мишық
В) алдыңғы ми Г) үлкен ми сыңарлары
3. Мидан қанша жүп жүйке тарайды?
А) 12 Б) 10
В) 14 Г) 8
4. Көздің қосымша аттары:
А) көз алмасы Б) жас белдері
В) соқыр дақ Г) сары дақ
5. Құлақтың қай бөлігі түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады?
А) сыртқы құлақ Б) ішкі құлақ
В) ортаңғы құлақ Г) шытырман
6. Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
А) 200 Б) 180 В) 204 Г) 195
7. Қанша сегізкөз омыртқасы бар?
А) 7 Б) 5 В) 12 Г) 4-5
8. Жалпақ сүйек
А) жілік Б) омыртқа
В) бас сүйектері Г) табан сүйектері
9. Омыртқа жотасында қанша иілім бар?
А) 4 Б) 2 В) 3 Г) 6
10. Денесі жалпақ, әрі үлкен омыртқа:
А) мойын Б) арқа В) бел Г) сегізкөз
III. Мағынаны танып білу:
Жаңа сабақ.
1. Сүйектің құрылысы.
2. Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% оссейн, 21,8% минералды заттар, 15,7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру.
Сүйектің байланысы:
1. Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.
2. Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.
3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.
IV. Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін тексеруін арналған тапсырмалар.
1) Сүйектің құрылысы
Тығыз ұлпа Борпылдақ ұлпа
Сүйек қабы Шеміршекті қабаты
Жуандап өсуі Ұзарып өсуі
2) Сүйектің құрамы
Су оссейн минералды заттар май
серпімді иілгіштік морт сынғыштық
3) Сүйектердің байланысы
қозғалмалы жартылай қозғалмалы қозғалмайтын
аяқ-қол сүйектері омыртқалар ми сауыты, сегізкөз
4) Сандар нені білдіреді?
20-25, 50%, 12,5%, 21,8%, 15,7%, 230.
V. Ой толғау.
1. «Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?
2. Тақырыпқа байланысты қазақ халқының қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?
VI. Білгенің артық болмас!
Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен.
VII. Қорытынды.
Бағалау парағын пайдаланып оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.