.
.
Сүйіспеншілік-тіршілік тірегі. Сүйіспеншілік-тіршілік тірегі.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 17194 | Размер: | Автор: гостьАтырау қаласы.
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің
психологы Сарбасова А.Қ
Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде осы бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты, сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни, ағаш жемісін береді. Міне, осы бес құндылықтың ішіндегі сүйіспеншеліккк тоқталып өтейік.
Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң , ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі – Алла тағаланы барынша жан-тәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы – бүкіл жарық диниені сүю.
Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды.
Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық.
Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңіл көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауhарларын жер-жаhандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы риясыз сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілігі жоқ жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды. Жаратылыстың өзегі жан толқытып, мән толғайтын махаббатты сезіне алмастан шырағы сөнген тұлдырдай семіп, сөніп, жоқ болады.
Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі болғандай. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жарық бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!
Өзгелер үшін өмір сүру, өзгелер үшін жанын пида ету – адам баласына ғана тән асқақ сезім. Бұл сезімнің қайнар бастауы риясыз сүйіспеншілікте
жатыр. Ендеше жұдырықтай жүрегі сүйіспеншілік деп соққан жандарды адамзаттың ең абзалына балау орынды-ақ. Ізгілік қаhармандары бойларындағы өшпенділік, жек көру секілді әдеттерді біржолата жоя біледі. Үмітсіздік, тіпті өлім де ізгілікті ту еткен мұндай қаhармандардың сағын сындырып, тауын шаға алмақ емес. Олар күн өткен сайын жан дүниелерінде сүйіспеншіліктің жалынын лаулата түседі. Адамзаттың барлығын бауырындай көретін пейілдері көл-көсір, жайылған дастархандай дарқан. Сондықтан да баршаның көңіліне қалай шаттық сыйлау керектігін жақсы біледі. Жаратушы тарту еткен мәңгілік бар болудың бақытына бөленгені сонша өмірдің пәнилігі мен өлім де олардың ізгілік деп соққан жүректеріндегі жалынды жігерді әсте жасыта алмайды.
Баласы үшін өлімге бас тіккен ананың жанкештілігі мейірімділіктің нышанын ұқтырмай ма? Осы секілді елі үшін еңіреп, етегімен су кешкен ұландар – ұлтының жанкештілері. Ал енді адамзаттың бақыты үшін басын бәйгеге тіккен, бары мен жоғын ортаға салып, баршаның көңіліне тақ құрған ізгілік жаршыларын өзі өлсе де аты өлмейтін нағыз қаhармандар деуге әбден лайық. Ізгілік жаршыларының қолында кез келген дұшпанды тізе бүктіретін қару және барлық қақпаны айқара ашатын сиқырлы кілт бар. Ол – сүйіспеншілік. Міне, дәл осы қару мен кілтке ие болғандар бүгін болмаса да болашақта жер-жаhанның барлық қақпаларын айқара ашып, жүректерін тербеген махаббат шам-шырағы арқылы төрткүл дүниені бейбітшілік пен бақытқа бөлейді.
Риясыз сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Оны іспен ғана білдіре аласың, себебі ол сезімнің бір бөлшегі, ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады. Үлкен сезімдерге бастау береді.
Риясыз сүйіспеншілік, жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады.
Сүйіспеншілік – елдің ыстық ықыласына бөленудің ең төте жолы. Өйткені, сүйіспеншілік – пайғамбарлардың қастерлі жолы. Бұл жолдың жолаушылары жолдан жазып, тығырыққа тірелуі мүмкін. Тұйыққа тірелген күннің өзінде жабылған бір есіктің орнына басқа жерден мың есік ашылады. Иә,риясыз сүйіспеншілікпен барша адамзатты бауырға басып, жүректерге жол таба білсек, дүниеде шешімін таппаған мәселе қалмас еді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.