Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы,
Қ.Нығманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Гүлбану Қашаубайқызы.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске
түсіре отырып толықтыру.Сөйлемді айтылу мақса-
тына қарай ажырата білуге машықтандыру және
сауаттылықтарын арттыру.
2. Оқушының танымдық белсенділігін
арттыру, ойын, тілін, дамыту.
3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: белсенді тақта, сын тұрғысынан ойлау
және жазу стратегиялары. Қараев технологиясы
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Екі көз не үшін керек?
Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: Ақыл-кеңесті тыңдау үшін
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Оқушы: Елге көмек беру үшін
Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?
Оқушы: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін
Ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.Әр топ жетекшісінің міндетімен,топ мүшелерін топ жетекшілері бағалайтынын айту.
Топтардың аты : 1топ «Ұлан»
2 топ «Қыран»
3 топ «Достық»
ІІ. Жаңа сабақ
1. Проблемдік ситуация туғызу. Ребус шешу.
-Ал,балалар ребус шешіп көрейік.(сөйлем)
С
К
-Қандай сөз шықты?
-Сөйлем.
-Ендеше біздің тақырыбымыз неге байланысты болады?
-Сөйлем тақырыбына байланысты.
-оқушылар 1-2 сыныптардан сөйлем тақырыбымен таныссыңдар
-Ендеше сөйлем тақырыбы бойынша нені білеміз?Канеки,ойымызды жинақтайықшы.
-Ал енді айтқан ойларымызды топтастырып көрейік.(Интербелсенді тақтада топтастыру)
Ә)Топтастыру



1. Сөйлем сөзден құралады.
2. сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
3. сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
4. сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады
5. сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты болады
6. сөйлем тиянақты ойды білдіреді
Б)Оқушы-
Оқушы сабаққа келді.-
-Қайсысы сөз,қайсысы сөйлем?
-Сөз дегеніміз не? Сөз ол бір заттың атауын білдіреді.Мысалы: парта,тақта т.с.с
-Ал сөйлем дегеніміз-тиянақты бір ойды жеткізіп тұр.
Сөз бен сөйлем ұғымы.
Сөз ол зат, құбылыс атауы. Адамдар бір-бірімен өзара пікір алысады, сөйлеседі, осы сөйлесу сөйлем арқылы жүзеге асады.

В)Сөйлем түрлері.

-Өріске шыққан малдар ауылдан ұзап барады
-Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді
-Ауа райы қандай тамаша

- осы сөйлемдерде не жетіспейді?
- Тыныс белгілері
- Ол қандай тыныс белгілері?
- Нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі
- Бірінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Нүкте
- Ол қандай сөйлем?
- Хабарлы сөйлем
- Екінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Сұрақ белгісі
- Ол қандай сөйлем?
- Сұраулы сөйлем.
- Үшінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Леп белгісі
- Ол қандай сөйлем?
- Лепті сөйлем
-Балалар біз сендермен сөйлемнің түрлерін анықтадық.

лепті
хабарлы

сұраулы

Әрқайсысының анықтамаларын оқушыларға айтқызу.
1.Бірдеңе жайлы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем
дейміз.
2.Жауап алу мақсатында айтылған айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем
дейміз.
3.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Олар көтеріңкі
дауыспен айтылады.
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
-Сөйлем тақырыбын еске түсіру.
-өте жақсы.

2.Деңгей бойынша жаттығу жұмыстарын орындау
І деңгей.

1- тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.

І топ ІІ топ ІІІ топ
орман
оқиды
кітапхана
спорт күз
ойнады
Отан
жапырақ мектеп
бидай
әкелді
өсімдік

2- тапсырма.
І топ
Мамандық аттарын ата.
Мен адамдарды емдеймін________________
Мен көмір қазамын__________________________
Мен үй саламын_________________
Мен ән айтамын_________________

ІІ топ
Сөздерден баспалдақ жаса
С
С
С
С
С

ІІІ топ
Схемадан сөз құра

т
ш
с

А
ж л



қ у қ

ІІ деңгей
1- тапсырма. Оқулықтағы 1- жаттығуды орындау.

І топ ІІ топ ІІІ топ
Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдердің айырмашылықтарын айт Сөйлемнің 3 түріне мысал келтір

2-тапсырма.
-І топ ІІ топ ІІІ топ
Сызба бойынша сөйлем құра



Сөз құрастырып жаз

ңоқрауы- арыбдом-
қашлұқын- натғараж-
«Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз жазып шық.

ІІІ деңгей
1- тапсырма
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ребусты шеш.
С
К


Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.
1.Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр.
2.Адамға, пайда, келтіреді, құстар көп.
3.Ол,айырылып,қалды, шанадан,абайсызда.
4.Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.
Дұрыс тапсаң, мақал шығады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ж Р Е І Б Й А Ы Д Ң Л

1 3 2 4 5 7 6 9 8 10 3 11 4 5 7 6

2- тапсырма
3-жаттығуды оқулықтан оқып орындау. (жазбаша). Сөйлем соңына не нүкте, не леп белгісі, не сұрау белгісі қойылады деген ережені бекіту.

ІІІ.Қорытынды
1) Сөзжұмбақ

1.?-белгісі бар сөйлем қалай
аталады?
с
ө
й
л
е
м
2. Өзі тәтті
Тәттінің іші қатты
Қаттының іші тәтті
(өрік)
3. Жүрсе ізі жоқ
Сойса қаны жоқ
(қайық)
4 .Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты
(алма)
5.Аспай түскен
Қайнамай піскен
(жеміс)
6.Өзі арық, сөзі әріп
(қалам)

2). Жұмбақ жасыру.
Өзім сөзден тұрамын
Тиянақты ойды құрамын
(сөйлем)

ІV.Рефлексия.
Ал енді әр топ сөйлем тақырыбы бойынша нені еске түсірдік?
-1 топ.Жалпы сөйлем туралы
-2 топ.Сөйлемнің түрлері туралы
-3 топ.Біз сөзден сөйлем құрастыра аламыз.Сөйлемнің 3 түріне мысал келтіру.
Сөйлем құрған кезде сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болуы керек.
Сонымен біз жалпы сөйлем тақырыбын еске түсірдік.
Кім? Қайда? Не істеді?
Мысалы: Олжас мектепке келді.Сөйлемдегі сөздер сөйлем мүшесі бола алатындығына келесі сабақтарда көз жеткіземіз.

V. Үйге тапсырма:
1)4- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
2) «Мен Тәуелсіз ел тірегімін» тақырыбына әңгіме жазып келу.
Керекті сөздер: Отан,азамат,сүйемін,болашақ,сүйемін,білімді ұрпақ.
VІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.