.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Сөйлем мүшелері.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1139 | Размер: | Автор: гостьТ. Тәжібаев атындағы бастауыш мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Анарбаева Дана
қазақ тілі пәні.
Қысқа мерзімді жоспары.
20.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелері туралы өткен сыныптағы білімдерін жаттығуларды орындау арқылы қайталау. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғымды қалыптастыру.
оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәнерін, тілін дамыту, ойлау қабілеттерін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, есте сақтау, дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, өз бетімен, жұппен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Нәтижесі: Адам еңбегі және судың табиғатпен байланысын түсінеді. Оқушының ойлау, қиялдау,елестету, іздену іс-әрекеттерін қалыптасады. Сөздік қоры молайып, өз ойлары мен пікірлерін еркін айтуға. көз қарастарын дәлелдей білуге машықтанады.
Әдіс-тәсілдер: «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары. сөздік жұмыс, спикерлерге арналған сигналды таяқшалар, бетке түсірілген ассоциялар, әңгімелерден үзінді,мақал-мәтелдер, белгілер,оқулық, дәптер
Уақыт Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
2 мин
Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа керек құралдарын дайындату. Оқушылар сәлемдесті. Сабаққа керек құралдарын дайындады. Оқу құралдары
7 мин Бағдарлау мотивациялық кезең Оқушыларды тақырыпқа байланысты (үнтаспадан судың сылдырын тыңдау)
-Кәне, балалар барлығымыз көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап табиғаттағы судың сылдырап аққан әдемі әуенін естиік.
-Біздің қоғамымыз үшін сендерде осындай мөлдір, таза, әдемі, пайдалы болыңдар.
-Бүгінгі сабағымыз бізге тек ғана қуаныш, сәттілік әкелсін.
-Бүгінгі біздің мақсатымыз қазақ тілі пәнімен қатар дүниетану пәнін игеру.
-Біз сөйлем мүшелерін қайталаймыз және судың табиғаттағы айналуы туралы білімдерімізді кеңейтеміз.
-Топпен жұмыс істейміз. 4 топ бойынша
топ «ойшыл»
топ «алғыр»
топ «білгір»
топ «талантты» Оқушыларды тақырыпқа байланысты, үнтаспадан судың сылдырын тыңда, тапсырмаға дайындлады. плакат, түрлі түсті маркер, ноутбук
18 мин Орындаушылық кезең 1.Көркем жазу. «Су – ғажайып зат».
2.Сөздік диктант
3.Сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне талдау.
4.Сұрақ-жауаптар. (өткен тақырыпқа шолу).
5. «Су» сөзіне ассоциация құру. (жұппен жұмыс)
6. «Ойды аяқта» (су туралы мәліметтер).
7. «Куб» ойыны.(мақал-мәтелдер,шығарма жазу).
8. «Су» тақырыбына сөйлем құрау.
Сөздік жұмыс.
Балалар мұнда әріптер өз-ара ренжісіп, орынға таласып келіспеушілік пайда болды.
Біз қазір сол әріптерді дұрыс орынға қою керекпіз.
Жа...быр, мұ...ит, құд...қ, тұ...ы, та...з,мөл...р,мұзд...қ, тере...., саза..., өз...н.
Келесі бетінде тексеру жүргізу.
Жақсы балалар, бұл сөздердің барлығы немен байланысты?
Жауап: (сумен)
Дұрыс, балалар ендеше осы сөздердің ішінен бір-бір сөзден алып мағыналы сөйлем құрап жазайық. Тақтаға 4 бала шығады.
(жаңбыр, мөлдір, терең, өзен).
Өте жақсы
Енді, сендерге мынандай сұрақ.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 1-ші топ
Қазақ тілінде сөйлем мүшелері қалай бөлінеді? 2-ші топ
Тұрлаулы мүшелер неден құралады?
Бастауыш дегеніміз не? 3-ші топ
Баяндауыш дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? 4-ші топ
Дұрыс, балалар. Сонымен сөйлем мүшелерін қайталап өттік.
Бірақ біз тек қана сөйлем мүшелерін емес, сонымен қатар табиғаттағы «су» туралы өз білімізді қайталап өтейік.
Жалпы «су» деген сөзді айтқанда сендердің көз-алдарыңа нелер елестейді?
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында көркем жазу орындайды. «Су – ғажайып зат» топтық сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманың мазмұнымен танысып, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Топ-топты жұлдызшалармен бағалайды.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге мағынасын ашып орындайды.
Соны атап тақтаға ілейік.
өсімдік өмір
жауын-шашын мұхит
бұлақ су тамшы
мұз теңіз
адам тазалық Қазақ тілі
Алматы баспасы 2010ж
плакат, түрлі түсті маркер, кесте парағы, дәптер
2 мин Сергіту сәті «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдату
5 мин Жаңа сабақты бекіту Мен сендерге су... деп жазылған бетті көтеремін, сендер көп нүктенің орнына ойды жалғастырыңдар, яғни бұл ойынның аты «Ойды жалғастыр».
Су.................
Жақсы балалар. Сусыз өмір, тіршілік жоқ деген қорытынды ой түйеміз.
Бірақ ойнымыз аяқталған жоқ.
Келесі тапсырма:
Судың үш күйі................................
1-тап. Мұз 2-тап. Су 3-тап. Бу 4-тап Қатты Сұйық Газ
2-тапсырма.
-Судың қасиеттері
Иіссіз Түссіз Дәмсіз
1-тап 2-тап 3-тап
3-тапсырма.
-Судың пайдасы-электр қуатын береді Ойынды орындату арқылы, су туралы білгендерін бекітеді Плакат, маркер
3 мин Бағалау кезеңі Критериалдық бағалау жүйесі бойынша оқушыларға ескерте отырып бағалаймын. «Бағалау ағашына» өз ойын жазып стикерлерін жапсыруды тапсырдым.
«Бағалау ағашына» өз ойын жазып стикерлерін жабыстырады.
Блоб бағалау ағашы дайындалған плакат, стикер
5 мин Қорытынды «Су» туралы топтастыру орындатамын. Мақал айту жарысы. «Су» туралы топтастыру орындайды.
2 мин Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» сабақтан алған әсерлерін жаздырту. «Екі жұлдыз, бір тілек» сабақтан алған әсерлерін жазады Стикер, маркер
1 мин Үйге тапсырма жаттау. Мазмұнына байланысты сурет салып келу.
Үй тапсырмасы: __________________________________________________________________________________________________
Кеткен кемшіліктер: ______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Жою жолдары: ___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.