Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлем мүшелері -

Сөйлем мүшелері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1792 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сөйлем туралы білімдерін пысықтай келе, сөйлем мүшелері туралы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Сауатты жазу, көркем жазу дағдыларын дамыту.сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқуға ынталандыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта қолданылатын
әдістер:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, таратпа материалдар, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Күннің суреті арқылы оқушыларды бір-біріне, мұғалімге деген сыйластық көңіл-күйін қалыптастыру:
- Күннің қандай қасиеттері бар?
- Отбасы мүшелерінен кімді күнге ұқсатуға болады?
Үй жұмысын тексеру: «Кубизм» әдісі бойынша сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер құрастыру.
- Құрастырған сөйлемің неше сөзден тұрады?
Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту:
Ой толғау

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге. ( Сұлтанмахмұт Торайғыров)
- Абай туралы не білесіңдер?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Өлеңнің әр сөзіне сұрақ қой?
- Олай болса, сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған сөйлем сөйлем мүшелері деп аталады.
Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу
Сауысқанның суреті ұсынылады.



Сергіту сәті:

4-жаттығу.
Алдымен үлгі орындалады.
Әр топқа бөлініп беріледі Ережемен танысу:
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған сөйлем сөйлем мүшелері деп аталады. Мысалы: Марал (кім?) әңгімені (нені?) оқыды (не істеді?).


Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдегі әрбір сөзге сұрақ қой. Әрбір сөйлем неше сөзден құралады. Сауысқанды байқаған кездерің болды ма?


2-жаттығу.
Суреттер бойынша 2 сөзден тұратын сөйлемдер құратыр.

Бүркіт ұшты. Түйеқұс жүгірді. Қарға қонды.
Бүркіт қалықтап ұшты. Түйеқұс тез жүгірді. Қарға ағаш басына қонды.
- Қандай сөздерді қостық?
- Сөйлемнің мағынасы қалай өзгерді?

Жұбын тап: тақтаға жазылған сөздердің қарама-қарсы мағыналы сөздерін жазу. Қатарлар арасындағы сайыс
1-қатар 2-қатар 3-қатар
Сол-...
Еңбекқор-...
Жас-...
Қорқақ-...
Қиын-...
Ыстық-...
Лас-...
Жаман-.. Отыр-...
Аласа-...
Қалың-...
Қатты-...
Ащы-...
Ақ-...
Алыс-...
Жылдам -... Жуан-...
Асау-...
Ерте-...
Күн-...
Жарық-...
Арық-...
Аз-...
Өтірік-...

1-топ. 2 сөзден құралатын сөйлем құрайды.
2-топ. 3 сөзден құралған сөйлем құрайды.
3-топ. 4 сөзден құралған сөйлем құрайды.
4-топ. 5 сөзден құралған сөйлем құрайды
5-топ. 6 сөзден құралған сөйлем құратыр.

Барлығына ортақ бір сөз беріледі.
«Мысық» сөзіне осындай пирамида құрастыру керек.
Мысалы:
Қарға қарқылдады.
Қарға далада қарқылдады.
Қарға далада қатты қарқылдады.
Қарға далада қар жауардың алдында қатты қарқылдады.
Қарға далада қар жауардың алдында масасызданып қарқылдады.

Қорытынды: - Сөйлем туралы не білесіңдер?
- Сөйлемнің түрлері қандай?
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Үйге тапсырма: Ереже жаттау 64-бет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.