Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлем мүшелері және олардың байланысы -

Сөйлем мүшелері және олардың байланысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1504 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Сөйлем мүшелері және олардың байланысы
Мақсаты: сөйлем мүшелері туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3-жаттығуды тексеру ІІІ. Білімді тексеру: 1)Ақ түйе боталады.2)Сәуле киім үтіктеді.3)Ара гүлге қонды.4)Бүгін күн жылынды.
IV Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерді жайылма сөздерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар Балалар балық аулады.т.б Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырыңдар Айару келді.Жаңбыр жауды.т.б
ә) оқулықпен жұмыс 7-жаттығуды(терең ойлау тапсырмасы) Жайылма сөйлемдерді оқы.Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып,төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.(оқушылар атақты шопанмен кездесті.) б) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.
8-жаттығу в) Сергіту жаттығуы Рбусты дұрыс шешсең,мақал шығады.(Ерді намыс өлтірер.Жайылма сөйлем
9-жаттығу Сызбаны толықтыр. Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы мүше



Бастауыш

Тұрлаусыз мүше

Баяндауыш
11- жаттығу ауызша орындау(Терең ойлау тапсырмасы) жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады? 1) себет жалаң сөлем/Жаңбыр жауды./ 2)себет жайылма сөлем /Лаура кітапханаға ткелді.1,2,3,4сөйлдерді саламыз/
13- жаттығу1)Мақалды түсініп оқы.2)Мақалды сөйлем мүшесіне талда.3) Сөйлем мүшелерінің байланысын тап. Ағынды су арнасын табады.
VI. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Тұрлаулы мүшені атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
VII Үйге тапсырма: 12- жаттығу 6-бет.
VІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.