.
.
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Сөйлем. Сөйлем және мәтін.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3217 | Размер: | Автор: гость«Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ» КММ
Зайтова Айгүл Құлмұхамбетқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сөйлем және мәтін.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сөйлем туралы синтаксистік түсінік
қалыптастыру.
Сөйлем құру дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы:оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық
қабілетін дамытуға баулу. Ауызша және жазбаша
тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып
сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, оларды
ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сюжетті сурет пен сызбалар, үнтаспа, «адасқан сөздер».
Әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, өзіндік жұмыс, топтастыру,
ой қозғау, Венн диаграммасы.
Пән аралық байланыс: математика, әдебиет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық көңіл-күйлерін реттеу.
- Күн болып күлеміз,
Гүл болып өсеміз.
Басымызды иеміз,
Билейміз, күлеміз.
II. Өткен сабақты бекіту.
Үй тапсырмасын сұрау.
a) 4- жаттығу. «Орман сағаты» мәтінінің мазмұнын сұрау.
ә) Мәтін туралы алған білімдерін пысықтау
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін неден құралады?
- Мәтіннің түрлерін ата.
- Мәтіннің бөліктері туралы айт?
б) Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
1. У дыбысы қандай дыбыс?
А. Дауысты
Ә. Дауыссыз
Б. Бірде дауысты, бірде дауыссыз
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А. 3
Ә. 2
Б. 4
3. ц, к, п, т, ш, с қандай дауыссыз дыбыстар?
А. Ұяң
Ә. Қатаң
Б. Үнді
4. мәтіннің неше түрі бар?
А. 3 түрі
Ә. 4 түрі
Б. 2 түрі
Жаңа сабақ:
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазамыз.
Таза жазу минуты (с, й)
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
Үнтаспа: Алло! Амансыздар ма, балалар?!
Қазір сіздерге қандай сабақ?
Оқушылар: Қазақ тілі.
Үнтаспа: Балалар, мен байланыс қызметкерімін. Жаңа ғана біздің телефон станциясына бір «Сурет жұмбақ» келіп түсті. Сендерге жолданған хабар. Осы сурет жұмбақты дұрыс шешсеңдер, бүгінгі оқитын жаңа тақырыптарыңның аты шығады. Ал қане, балалар, ойланып көрейік, дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Дайынбыз!
Сағат көз көй лек тіл етік м ысық
С ө й л е м.
Жаңа сабақ: Ассоциациялық аймақ құру.
- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді!?
Сергіту сәті.
Кітаппен жұмыс.
I-II топ. «мәтін құрастыр» ойыны.
Мазмұнды суретке қарап мәтін құрастыру.
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?Оны қалай анықтадың?Сөйлем дегеніміз не?
«Кітапханада»
- Марат пен Анардың бойынан адамға тән қандай қасиет көріп тұрмыз?
мейірімділік жанашырлық
Қамқорлық
ұқыптылық кітапқұмарлық
Оқушылардың түсінігін бақылау.
2-жаттығу. Өз пікіріңді айт.
3-жаттығу. Бұл мәтін бе немесе жеке сөйлемдер ме? Дәлелде.
Топпен жұмыс.
I топ: сөйлемдер дұрыс құралған ба? Түзетіп қайта жаз.
Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр,
Ақан, сырғанады, шанамен.
II топ: Сөйлемдердің орны дұрыс па?
а) Аузы-мұрны жоқ отау
Айдалада ақ отау
4-жаттығу. Екі топ ауызша орындау, жазбаша жазу.
«Адасқан сөздер» ойыны
Дыбыстық талдау жасау
I топ: сөйлем
II топ: нүкте
Венн диаграммасы.
Мәтін мен сөйлемнің ортақ қасиеттерін топтастыру.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Өз оқу құралдарың туралы шағын мәтін құрастыр.
5-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.