Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сұраулы сөйлем -

Сұраулы сөйлем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1571 | Размер: | Автор: гость
. Күні Қазақ тілі 2-сынып
Амирова Айнур Бакытбековна
Сабақтың атауы Сұраулы сөйлем
Мақсаты Оқушыларға сұраулы сөйлем туралы білімін толықтыру, тиянақтау; өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққ тәрбиелеу
Түйінді ой Сөйлем ойды білдіреді.
Сабақтың түрі Пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілдер Танымдық ойлау әдістері, көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілік 2-сынып Қазақ тілі оқулығы, жеке суреттер, тірек-сызба, тапсырма
Күтілетін нәтиже Сөйлемдерді ажырата біледі, сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқиды, кітапхана, қамқорлық туралы деректі біледі.
Сабақтың барысы Мұғалім әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық ахуал Зейінін сабаққа аудару.
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Психологиялық ахуал. «Мен бәрін орындай аламын»
Екі топқа бөлу. «Мәтін», «Сөйлем» Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге психологиялық ахуал туғызады.
Үй тапсырмасы Сұраулы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі.
179 – жаттығу. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Өткен білімді тиянақтау Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Біз бүгін «Синтаксис еліне» тағы да саяхаттаймыз. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз. Әр вагонда бір-бір жұмбақ, жұмбақтың шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр. Қандай сөз шықты? (Сөйлем). Пойыз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Бұл туралы не білетіндеріңді еске түсірейік.
*Сөйлем неден тұрады? /сөзден/
*Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?/бас әріп/
*Сөйлемнің ең соңында не қойылады?/тыныс белгісі/
Соңғы вагонда ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.
*Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері қойылады? Қане, ойланып көрейік.
Әр топ өз атына постер жасап, қорғайды.
Жаңа білімді игерту

Сергіту сәті 180-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулық мағына беріп тұрған сөзді тап.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қояйық.
Тақтамен жұмыс. 181-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
182-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып әңгіме құра.
Кітапхана туралы шағын слайд көрсету.
183-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып қарамен жазылған сөздерді салыстыр.
Проблемалық сұрақ: Сұраулық сөйлем болу үшін сұраулық шылау, сұраулық есімдік керек дейді. Бұл қандай сөздер?
-өткен сабақтан бері біз кім, неше, неге, қай, нешеде т.б. сөздерді қатыстырып сұраулы сөйлем құрағанбыз? Міне, бұл сөздер сұраулық есімдіктер. Анаңа көмектесесің бе? Қалаға барасың ба? Далада қар жауды ма? Күн суық па? сөйлемдеріндегі бе, ба, ма, па – сұралық шылаулар. Демек, сұраулы сөйлем құрауға сұраулық есімдік пен сұраулық шылаулар қатысады екен.
Сұраулы сөйлем туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік.
«Қызыл өрік»
Қорытындылау Шығармашылық жұмыс. Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.
2. Мәтіннен сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тауып кестеге орналастыр.
3. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге, керісінше, сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыру.
4. «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына өз үйшігіне орналастыру керек.
Өсімдік көктейді. Түйе боздайды. Балам өркенің өссін! Дала, қандай аппақ! Қамшы деген не? Кірпі қалай дыбыстайды? Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың бойына сұраулы сөйлемнен мынадай дағдылар қалыптасады: ауызекі сөзде, мәтіндерде кездесетін сұраулы сөйлемдерді таба білу; олардың интонациясын сақтай отырып, оқуға, айтуға жаттығу; тыныс белгілері қойылмай берілген сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыстап қою; мазмұндама, шығарма жазған кезде сұраулы сөйлемдерді дұрыс қолдана білу; ойдан сұраулы сөйлемдер құрастыра білу, т.б.
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс. 184-жаттығу Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.