.
.
Қарағанды облысы С.Сейфуллин «Дала»өлеңі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2298 | Размер: | Автор: гостьШет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жұман Мадина Жақсылыққызы
6 «А»сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Дала»өлеңі
Мақсаты:
1.Ақынның өмірі,шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып,өлеңнің тақырыбын идеясын ашу.
2.Оқушының іздемпаздық қасиеттерін дамытып,қалыптастыра отырып,ойлау,
сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Білім,білік дағдыларын арттыру.
3.Отан сүйгіштікке,сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.
Түрі:Жаңа сабақты игеру.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау,суреттеу,топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс:Тарих,география,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.
Кезекші диалогы.
Тілдік ортаға ену.
Апта,күн,ай.
2.Үй жұмысын тексеру.Ахмет Байтұрсынұлы қысқаша өмірбаянын сұрау.
3.Жаңа сабақтың мақсаты:С.Сейфуллин өмір жолына тоқтала отырып,
«Дала»өлеңін мәнерлеп оқу,мағынасын ашу.
Мағынаны тану.Ой қозғау.
Біздің кентіміз қалай аталады?
С.Сейфуллин кім?
С.Сейфуллинге арналып мектебімізде не ашылды?
Ол мүйісте нелер бар?
С.Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.
1894ж-Қарашілікте дүниеге келді.
1905ж-Нілді орыс-қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)
1913ж-Омбы семинариясына түсті.
1916ж-Бұғалы мектебін ашты.
1922ж-«Асау тұлпар»өлеңдер жинағы шықты.
1926ж-Гүлбпаһрам Батырбекқызына үйленді.
1938ж-С.Сейфуллин өмірден өтті.
Хронологиялық кесте бойынша әңгімелету.
Мәтінді оқыту.
Ойларын жинақтап кластер құру.
С.Сейфуллин
1922ж-«Асау тұлпар»өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Дала» өлеңіндегі сөздікпен жұмыс.
Дала-степь
Құшағын жайған-раскрыл объятия.
Бейне бір жас баладай-как младенец.
Шатттанып-радоваться
Иісін аңқытып-с душистом запахом
Оқушыларға 2-3рет оқыту.
Өлеңді талдау:
Өлеңді мәнерлеп оқимын,оқушыларға тізбектей,толығымен оқытамын өз сөзімізбен орыс тіліне аударамыз.
-Мәнерлеп оқу(бірнеше оқушы);
-мазмұнына қарай баяндау;
-өз ойларын қосып әңгімелеу;(5мин)
Сұрақ тапсырмаларға жауап бергізу.
Дәптермен жұмыс. С.Сейфуллиннің қандай шығармаларын білесіңдер?
1Қазақ тілінде неше септік бар?Атап шығыңдар.
2.Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтаңдар.
3.Өлеңнен ақын қолданған теңсеулерді тауып,мағынасын түсіндіріңдер.
Мысалы:анадай,баладай, т.б.
Ой толғау:
Шағын эссе сурет бойынша «Менің далам»тақырыбында 2-3сөйлем немесе тақпақ құрастыру.
Оқыту.
Сабақты бекіту:Ой қорыту:
Біздің кентіміз қазір қалай аталады?
С.Сейфуллин кім?
Мүйістен нені көрдіңдер?
Сендер сол мүйіске қандай үлес қосар едіңдер?
Қандай өлеңмен таныстық?
С.Сейфуллин қай жылы қайтыс болды?
Сабақты қорыту:Оқушыларды бағалау.
Үйге: «Дала»өлеңін жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.