Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
С. Торайғыров «Кедей» -

С. Торайғыров «Кедей»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1496 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№10 жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Муканова Кымбат Сапарбековна
С.Торайғыров «Кедей»
Сабақтың мақсаты:СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері; білімділік:өлеңнің негізгі ойын, идеясын меңгерте отырып, тарихи кезеңдерге тоқталу. Оқушыларға автор туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелілік:Отанын сүюге,батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер топтамасы, сюжетті сурет, кестелер.
Типі: аралас сабақ
Түрі: топпен жұмыс
Әдісі: СТО стратегиялары,түсіндіру, тірек сызба
Сабақ барысы:
1.Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.
Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі-бәрі орнында...
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқу түбі – тоқу
I – топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын сұрау
II – топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест сұрақтары:
1.Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А. соғыс жылдары
Б. ашаршылық жылдары
В. жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық қай жылдары болған?
А. 1941-1945 жылдары
Б. 1936 жылы
В. 1930-1932 жылдары
3.Жырлағаным –кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А. Б.Майлин
Б. Қабанбай батыр
В. Б.Соқпақбаев
4. Ой қозғау;Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?
-Кедей..
-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?
5. Мағынаны тану.
1.Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру
Кедей
Күзгі түн шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген
Қараңғы, ит пен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа.
2.Іштей оқу, тізбектеп оқу;
3.Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.
4.Топтарда толтырған кестелер арқылы пікір алысу.
5.Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды , ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
6. Сергіту сәті.
7.Ой толғаныс.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.
I топ
II топ
III топ
8.Еркін жазу. Оқушылар сұраққа жазбаша жауап береді.
Iтоп: Бұл өлеңді ақын неліктен “Кедей” деп атаған?
II топ: Кедей деп кімдерді атаған?
III топ: Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?
9. Қосымша ақпарат беру. Тарих бетіне үңілсек...
Аштық жылдары
1921-1922 жылдардағы аштық
1930-1932 жылдардағы аштық
Болу себептері
1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.
кедей
Қазір кедей адам жоқ.
Қазіргі кезде кедей адамдар бар
Аштық,кедейлік болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?
Зардаптары
Демографиялық жағдай қиындады. Халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.
Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпына келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
10.Автор туралы мәлімет.
11.Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін-келбеті..Суретке байланысты мақалдар айту
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар...
12. Венн диаграммасы.
Оқушылар екі мәтінді салыстырып ұқсастығын табады.
Ұқсатығы
13. Бекіту.Бес жолды өлең;
1.Кім?-Кедей
2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3.Не істеді?-Қой бақты.
4.Не үшін?- Күнін көру үшін.
5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.
14.Қорытынды. Ел тәуелсіздігіне тоқталып бүгінгі күнге баға беру. Гүлденіп келе жатқан Қазақстанды көрсету.
15.Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады.Әр топты жалаушалармен марапаттау.
16.Үйге тапсырма: С.Торайғыров «Кедей» өлеңін жаттау.
Б.Майлин “Күлпаш”
С.Торайғыров“Кедей”
Ашаршылық кезінде төмендегідей қарсылықтар болды: 1929-1931жж – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны (Семей округі – халық наразылығының ірі ошағы). 1930ж ақпаннан мамырға дейін – 6 ауданды қамтыған күшті толқу болды (Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі – «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды). Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады. Созақ жеріндегі көтеріліс – Шебер ұйымдастырушылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Басшысы – Жақыпов. Аудан орталығын басып алып, көтерілісшілер аудан басшыларын өлтірді. 1931ж көктем – Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарындағы көтеріліске қатысқандар түгелдей қырылды. «Бесеудің хаты» – Ф.Голощекинге арналған ашық хат. 1932ж шілде де Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев бірлесіп жазды. 1933ж наурызда – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды. Республика аумағында 1929-1931жж аралығында ұжымдастыруға қарсы 372 жаппай толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам қатысқан (Толқулар мен көтерілістерді жаншу кезінде 1916ж көтерілісті басу тәжірибесі қайталанды). Төменде ашаршылық кезеңдерінің фото суреттер жиыны келтірілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті "Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты"
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3357 Қазақ әйелі. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3498 Су тасу. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4353 Көшпенді қазақтар. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4355 Тезек теріп жүрген қыз. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3448 Базардағы жоқшылық. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39320 Қазақ ауылы. 1928 жыл.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3466 Баян-Ауыл маңындағы Әулие-Тас үңгірі алдында отырған қазақ жігіті. Павлодар облысы, 1928 ж.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3473 Әскери комиссариаттағы әскерге дайындык шаралары. Павлодар 1929 жыл.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3497 Төлдеген мал. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3545 Трактор курсын бітірген алғашқы түлектер. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3614 Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3620 Жұттан кейін қалаға көшіп келе жатқан отбасы. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3515 Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3613 Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3612 Көші-қон кезінде. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4383 Сәбилердің бейіті (Моянды демалыс орнының маңы). Павлодар облысы, 1931 жыл. •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3571 Қыстақ. Павлодароблысы, 1933 жыл.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39293 Келі түйіп жатқан келіншек. Уақыты белгісіз.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-36481 Сауыншының баласы. Алматы обл. 1930 жыл •РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3511. Баурсақ дайындау кезінде. Павлодар обл. 20-шы жылдар.
•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3400. Жұт. Павлодар обл. 1914 жыл.
Қазақ даласындағы ашаршылық. •Государственный архив Южно-Казахстанской области
•http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253 Ашаршылық зардаптарының бірі – балалар панасыздығы •Фото ҚР Президенттік Мәдениет Орталығының мұражай қорынан алынған
Адамдар аштықтан аман қалу үшін мекен еткен жерлерін тастап, қоныс аударуда. Қазақстан, 1930 жж. •http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253
Аштан өлер алдындағы қазаққа көмек беруге тырысқан Татьяна Невадовская. Қазақстан, 1933 жыл •http:// kargaly.ucoz.kz/news/2008-12-10-253 Тэги: ашаршылық, жұт, большевизм саясаты, ұжымдастыру, тәркілеу, қуғын-сүргін
Ашаршылық зобалаңы(деректі фильм)
“Қазақ тарихындағы ең қаралы, ең қасіретті кезең – 1932-1933 жылдар – халықымыздың тең жарымын, бәлкім, одан да көбірек бөлігін жалмап жатқан ғаламат ашаршылық. Қазір бұл сұмдық заманды баяғы Ақтабан-Шұбырынды уақиғасымен салғастырып жатады. Онда да қазақ халқы ауыр шығын тартқаны белгілі. Қалған ел қонысынан ауып, жан-жаққа бытыраған, қаншама қиындыққа ұшыраған. Бірақ Ақтабан-Шұбырынды – жаугершілік кезіндегі ауыр жеңіліс нәтижесінде тап болған бақытсыздық еді. Ер-азамат айқасып, арпалысып өлді, бала-шаға, кемпір-шал тура келген ажалға ұшырады. Аман қалған азаматтардың басы бос болды, қолында қауы болды; ел-жұрт қайтадан ұйысып, қатерлі жауға қарсы жаңа күресін бастады. 1932-1933 жылғы ғаламат ашаршылықтың жөні мүлде бөлек. ” – дейді Мұхтар Мағауин.
Назарларыңызға режиссер, документалист, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омаровтың “Нәубет” деректі фильмін ұсынамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.