.
.
ОҚО Сәулелі сөз
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1753 | Размер: | Автор: гостьШардара ауданы
Сүткент ауылы
Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Ташеева Әлия Қарабекқызы
Сабақтың тақырыбы: Сәулелі сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – жаңа сабақты жаттығу жұмыстарын орындату арқылы меңгерту;
Дамытушылық – шығармашылық, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды халқын, табиғатын, махаббат сезімдерін аялауға тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс;
Сабақтың типі: Жаңа білім беру;
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы;
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, сурет, өнер, халық педагогикасы;
Сабақтың көрнекіліктері: Қ.Аманжоловтың суреті, сызба-кесте, тірек-сызба, суреттер, кітаптар көрмесі, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушыларды түгелдеу;
Ә) оқушылардың сырттай және іштей (психологиялық) әзірлігін қалыптастыру;
ІІ. Үй жұмысын сұрау
171-жаттығуды берілген тапсырмалар бойынша оқытқызу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Нұр жаусын» деген тамаша сөз бар. Бірден көңіліңе көктем сыйлайды. Осы сөзден көрінбейтін мыңдаған жұлдызды ұшқын жаныңа әсер етіп, сәулелендәреді. Ең сәулелі сөз-сәлемдесу.
Сәлеметсіз бе, аман-есенсіз бе, ассалаумағалейкүм, есен-саусыздар ма, сәлем, т.б. құлаққа сіңген, жаттанды сөздермен әртүрлі ортада амандық сұрасамыз. Шығыс елінде қазақтар ғана әйел адаммен «ассалаумағалейкүм» деп амандаспайды. Ал қалған нұсқаларды адамның жасы, қызметі, т.б. ерекшеліктерін ескере отырып, өз талғамына орай қолданып жатады.
Үлкен мен кіші, жас шамасы бірдей немесе қызмет бабындағы қарым-қатынас та белгілі бір әдеп талаптарын сақтауды қажет етеді. «Сәлеметсіз бе?» деп сыпайы сәлемдесу-әлеуметтік сипаты бар этикет талабы. Мекеме қызметкерлері, шәкірт пен ұстаз, ата-ана мен перзент бірін-бірі көргенде «Сәлем!» деп қолын ербеңдетуі әдепсіздік, қызмет бабындағы немесе үлкен мен кіші арасындағы әдептілік ережелеріне қайшы келер өрескелдік болып табылады.
«Сәлем- сөздің анасы» дейді халқымыз. Жарқ етіп амандасып, тамаша сөздермн жұмысқа кіріскелі отырған ортаға ізгілік нұрын сыйлап, алдағы әркеттің баянды болуына ықпал етеді.
«Сәлемдесу», «Қоштасу» тақырыбындағы ой-толғауы тексерілді және төмендегі сұрақтарға оқушылар тақтаға сызбасын сызып, өткен сабақты жақсы меңгергендіктерін көрсетті.
1) Сәлемдесу дегеніміз не?
2) Сәлемдесудің мәні неде?
3) «Сәлем» және «ассалаумағалейкүм» сөздерінің мағынасы қандай?
4) Сәлемдесудің қандай түрлерімен амандасасыңдар?
5) Басқа халықтардың қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?
6) Қол беріп амандасудың сыры неде?
ІV. Бекіту. 173-жаттығу. Қасым ақынның өлеңі ата-әжелерінің жүрегіне сәулелі шырақ сепкен тамаша туынды болды. Енді бізге жеткен мұраның сезімді тербер сиқырлы қуатын салмақтап, көріңдер. Үш топқа бөлініп, үш шумағын талдамас бұрын «дариға» сөзі қандай мағыналарда қолданылып тұрғанын анықтаңдар. Содан соң кестемен жұмыс жасаймыз.
ІІІ. Кестемен жұмыс. Әр топ өзіне ұнаған шумағын талдау.
1.Шумақтан жаныңа әсер еткен сөз, сөз тіркестерін көшіріп жазу. 2.Бұл сөздердің адам жанына қандай әсері барын айтып берәідер. 3.Өз шумақтарыңның ерекшеліктерін атап көрсетіңдер.
Мысалы: өң-түс, қайратым кеміп, «келмейді өлгім» Беймәлім күй, жан қиналысын сезіну, өмір үшін күрес, т.б. Адамның кенет соққы алғандығы жай-күйін ашады. Біздің шумақтан...
174-жаттығу. «Әлем кереметтерінің бірі» деген тақырыпта Тәж-Мавалдың суретін қарап отырып, өнер құдіреттілігі мен сұлулыққа деген мақтаныш жөніндегі асқақ көңіл-күйге негізделген 10. 20 сөйлем аралығында оқушы пікірлерін жазғызу.
V. Қорыту. Адам жанына жақсы әсер қалдыратын сөзді таба білу, нақты кезеңдегі жағдайға байланысты таңдап, талғап қолдану өзіңе байланысты. Ол көтеріңкі әсерге толы шешен сөз орамдары емес, қарапайым сөз болса да, ең бастысы, шын жүректен шықса болғаны. Ақ ниетпен амандасып, жарқын жүзбен қоштасудың да тілдік қарым-қатынастағы орнымен мәні ерекше екнін есте ұста!
1) Үйге: 178-жаттығу. Жан-жағыңа қараңдар. Қастарыңдағы ждостарыңа сендердің жылы лебіздерің (қиындықтардың уақытша екендігі немесе оның әдемілігі мен талғамының жоғары екендігі жөнінде) аса қажет. Онда осындай шуақ шашқан сөздерге толы хат жазып, достарыңды қуантыңдар.
2) Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.