.
.
Байханосова Акмарал Карабаевна, Сәулет ескерткіштері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2180 | Размер: | Автор: гостьА.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Шардара қаласы
Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау
Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру
Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кесенелер суреттері, қазіргі заманғы архитектура үлгілері, слайдттар,постер жасау.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, өнер.
Сабақтың әдісі: «СТО», «Джиксо» ойды жалғастыр стратегиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1Топқа бөлу.
2. класты түгендеу
3. психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс:
1. Оқушылардың Шоқан, Абай, Ыбырай туралы жазған эсселерін оқыту
2. Сұрақтарға жауап:
1) Ш.Уәлихановтың қазақ халқы тарихындағы орны қандай?
2) А.Құнанбаевтың қандай өлеңін білесің?
3) Ы.Алтынсарин - ағартушы, педагог дегенді қалай түсінесің?
Мұғалім : Қазақстан тарихында бұл дана тұлғалардың рөлі өте зор. Шоқан аз ғана уақыт өмір сүрсе де, ғылымның әр саласын меңгерген. 1868-1869 ж.ж. реформаларға үлесін қосқан.Абай-қазақ халқында дара да дана тұлға.Абайдың асыл сөздері бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.Ыбырайға келер болсақ оның еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Сәулет өнерінің тарихы
2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері
3.Қазіргі заманғы сәулет өнері
1.Сәулет өнерінің тарихы №1 слайд
Киіз үй ата - бабаларымыздың басты баспанасы.Киіз үй тек қазақ халқының қана емес түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ –мекені болғаны мәлім.
Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі - оның қастерлеп ұстаған, киелі тұтқан тұрағы, мекені, баспанасы, мақтанышы болған.Киіз үй баспана ғана емес, сәулет , құрылыс, қол өнер жетістігінің тамаша үлгісінің туындысы да болып табылады.Баспана киіз үйдің үлгілері қазір күмбез бейнесінде Президент әкімшілігінде , Парламенттің қос палатасының біріккен мәжіліс залында, Президенттік мәдени орталығында және тағы басқа құрылыстарда көрініс тапқан.
Сұрақ:Еліміздің Елтаңбасында киіз үйдің қандай бөлігі бейнеленген?
- Шаңырақ
Шаңырақ - қазақ халқы және республиканың басқа халықтарының ортақ Отанының көрінісі.Шаңырақ - қазақ халқы үшін ерекше қасиетті ұғым.Ата-бабаларымыз шаңырақты айрықша қастерлеп, кие тұтқан.Шаңырақ - отбасындағы амандық, береке-бірлік, тату өмір қоршаған орта, әлемдік сәулет өнерінің тамаша үлгісі, ортақ отанымыздағы тыныштық, тұрақтылық, беріктілік ұғымдарымен байланысты.
Мұғалім: Біз орта ғасырлар деп қай ғасырларды атаймыз?
2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері .№2 слайд бойынша түсінік беру.
Қазақстан жерінде осы кезеңге дейін сақталған ортағасырлық сәулет туындыларынан слайд көрсету. Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Қожа Ахмет Иассауи т.б.кесенелер.
Картадан орналасқан жерлерін көрсету
4.Мағынаны тану.Топпен жұмыс.Оқушыларды топқа бөліп, кесенелер суреті таратылады.Әр топ өздеріне берілген кесене туралы оқулықтан тауып, ерекшеліктерін дәптерлеріне жазып алады және осы топтан бір оқушы өздеріне берілген кесене туралы мәліметтермен таныстырады.
1 топқа - Айша бибі кесенесі
2 топқа - Алаша хан кесенесі
3 топқа - Ахмет Иассауи кесенесі
5.Тренинг.Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.
Сәулет ескерткіштері-----------Орналасқан жері
1. Айша бибі кесенесі----------А)Жезқазған қаласы
2. Қарахан кесенесі-------------Ә)Түркістан
3. Жошы хан күмбезі-----------Б)Тараз
4. Алаша хан кесенесі----------В)Қарағанды
5. Қожа Ахмет Йассауи--------Г)Тараз
6. Бабаджа қатын---------------Д)Тараз
1 2 3 4 5 6
б г а в ә д
6.Карта бойынша жұмыс. Аталған кесенелердің Қазақстан аумағындағы орындарын көрсету
7.Қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері. Постер қорғау. №3Слайд көрсету.
Көп қабатты үйлер
Театр үйлері
Қонақ үйлер
Алматыдағы собор
Бәйтерек
Ақ Орда
Нұрмешіт т.б
Мұғалім:Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын.Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.
- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?
- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
IV.Сабақты қорытындылау:
«Орнына қой» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдері тексеріліп сабақ бекітіледі.
Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін _____________дейді.Еңбек құралдары, шаруашылық түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар біртіндеп ____________салуды үйренді.Жерді қазып жасаған үйді ______________деп атады.Көшіп –қонған кезде түйеге артып жүруге, құрастыруға ___________қолайлы еді.Құрылыс салуға сапалы материалдар ____________қолданған.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін қазақ халқы қасиетті ____________есебінде құрметтейді.
Керекті сөздер:Жеркепе, киіз үй, сәулет өнері, пантеон, тұрғын үй, тас, күйдірілген кірпіш
V. Үйге тапсырма.
§38.Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?
Мәліметтер жинау
Өзін-өзі бағалау.Оқушылардан кері байланыс алу.
IV. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене араласып, сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.