Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз бен мағына -

Сөз бен мағына

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1923 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетінін түсіндіру;
ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық дайындық
Қайырлы күн ,балалар,
Аспанымыз ашық болсын!
Аптаның бұл күні,
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алар бағаңыз,
Кілең «бестік» болсын!

Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамыту
Оқушы:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ана тілінің қызметі жайлы жазып келген әңгімелерін оқыту.
III.Білім тексеру.
Өздік жұмыс
Жасыл, әсемпаз,үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құраңдар.
ІV. Жаңа сабақ:
Ә) Мағынаны тану
Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы.Сөз дыбыстар тіркесінен жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағына мен тығыз байланысты. Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны. Тілімізде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, сияқты, таман.
Осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездеседі. Мысалы, елу деген сөздің бастапқы түрі елліг болған. Ол бірте-бірте мынадай өзгеріске түскен: елліг-еліг-елу.
V.Білім бекіту.
Сөздерді өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?
Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.
«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.
- Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?
- Мағына
- Мағына – сөздің ішкі мазмұны
- Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
- Жоқ
- Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.

Сөз

Атауыш сөз Көмекші сөз Одағай сөз
Ұлт туралы алақай
Атамекен үшін пай-пай
Кең қарай паһ

2.Үлестірме қағазбен жұмыс:
І деңгей
Сөз неден құралады?
Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз.

ІІ деңгей
Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, толық мағыналы сөздердің астын бір, жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздердің астын екі сыз.

ІІІ деңгей
Төмендегі сөздер қандай мағына беріп тұр?
Туу! Ойбай! Құдай-ай! Обал – ай!
«Күз келді» деген тақырыпқа мәтін құра.

3. Оқулықпен жұмыс
29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазыңдар.
30-жаттығу. (топтық жұмыс) Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар. Жазған сөздеріңнің мағынасын ауызша айтыңдар. Осындағы кейбір дыбыс тіркестерін неліктен сөз деп атауға болмайды? Осы мысалдарға қарап, сөз болу үшін оның қандай белгілері болуы керек деген сұраққа жауап беріңдер.

VІ. Сабақты қорыту.
- Сөздің мағынасы деген не?
- Тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?
- Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал;
- Мағынасы жуық сөздерге мысал;
- Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге мысал келтіріңдер;
.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
VIІI. Үйге тапсырма.
34-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.