.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы Сөз бен мағына
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3108 | Размер: | Автор: гость№1 Е. Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Мұхаева Толқынай Бектайқызы
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5 В
3. Күні, айы, жылы: 15.09.2015 ж
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім: Мухаева Толқынай
Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға сөз және олардың мағыналары туралы түсінік
беру, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы алған
білімдерін бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбекке,
татулыққа, сөз қадірін білетін азамат болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушыларды көркем сөйлеуге, сөздердің мағыналарын
аша білуге, шығармашылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, топқа
бөлу, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, АКТ, плакаттар,
стикерлер
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Топқа бөлу (Сөздер арқылы)
3.Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Мәтін туралы түсінік
2. 26-жаттығу
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деп айтқан Бауыржан Момышұлы атамыз. Осы ойды жалғастырып шағын шығарма жазыңдар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Лексика – белгігі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапсы, қимыл – әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.ал сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың тіркесі емес, жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағынасымен тығыз байланысты.
гр. “Lexikos” –сөзі, “сөз,сөздік” деген мағынаны білдіреді
ЛЕКСИКА
Сөз
Заттар мен құбылыстардың
атауы
Мағына
Сөздің ішкі мазмұны немесе
білдіретін ұғымы
1. Қар ----- түсі ақ,салқын,еріп суға айналатын зат
2. Парта ----- ағаштан жасалған оқушының мектептегі құралы
3. Бесік ---- ағаштан жасалған,сәбидің жататын төсегі
4. Үй ----- ағаштан немесе кірпіштен салынған ғимарат
5. Кітап ----- баспадан түптеліп шығарылған мәдени рухани қазына
6. С ---- ағынды өзен. Өзен,көл және т/б түзетін мөлдір сұйық зат
7. Тау ---- жер бетінен жоғары да,көтеріңкі өркештеніп тізбектеліп,созылып жатқан заңғар,құзды биіктік
Сонымен қатар тілімізде мағынасын жоғалтқан сөздерде бар
Мысалы: үшін,дейін, кейін, таман, және,арқылы, туралы,секілді, сайын және т/б
Мағынасы бар Мағынасы жоқ
1. Отан үшін
2. Үйге дейін
3. Күн сайын
4. Көпір арқылы
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу жұмыстары
1-топ. 28-жаттығу
мағынасы бар 5 сөз,мағынасы жоқ 5 сөз
2-топ. 30-жаттығу
мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар
3-топ. 31-жаттығу
төмендегі сөздердің құрамындағы дыбыстарды
пайдаланып, мағыналы сөздер құраңдар
4-топ. 32-жаттығу
мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық
мағыналарын анықтаңдар
VІ . Шығармашылық жұмыс
Төмендегі өлең жолдарынан Халқым, Тілім, Отан сөздерін пайдалана отырып сурет саламыз.
“Үш бақытым” өлеңі
Ең бірінші бақытым- Халқым менің
Соған берем ойымның алтын кемін
Ол бар болса,мен бармын қор болмайтын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің”
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей-кейде өмірден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсын ба?
Ойланбай-ақ, кел дағы от ал менен.
VII Сергіту сәті
«Сәйгүлік » сергіту сәті
VIII Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2. Үй тапсырмасы:
1. Сөз бен мағына туралы түсінік.
2. 33 -жаттығуды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.