Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз  таптары -

Сөз таптары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2512 | Размер: | Автор: гость
. Бектасова Кенжекул Казанбаевна,
«Теректі» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Бәйдібек ауданы

Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Сөз таптары туралы түсініктерін еске түсіріп, кеңейту. Сөз таптарына дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2) Тәрбиелігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
3) Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу, көркем жазуын, дербес жұмыс істеуін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сементикалық карта, сөзжұмбақ (интерактивті тақтада), кубиктер, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері:
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
2.Үй тапсырмасын пысықтау.
«Кубизм» стратегиясы:
1. Мәтін және оның түрлерін айт?
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөйлем және оның айтылу мақсатына қарай түрлері?
4. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5. Сөйлем мүшелерін ата?
6. Дара және күрделі мүше дегеніміз не?
7. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
8. Қыстырма сөздер дегеніміз не?
9. Күрделі сөз дегеніміз не?
10. Біріккен сөздер деген не?
11. Қос сөздер деген не?
12. Қысқарған сөздер деген не?

3.Қызығушылықты ояту.
- Қандай сөз таптарын білесіңдер? (Сөз таптары туралы түсіндіремін). Оқушыларды 4 топқа бөлемін. 1- топ: «Зат есім» , 2 -топ: «Етістік», 3 -топ: «Сын есім», 4- топ: «Сан есім».
4.Жаңа сабақ.
«Кім зерек?» ойыны арқылы сөздік диктант жазу. Әр топ өзіне тиісті сөздерді жазады: қарлығаш, көркем, еңбек, екінші, ұстады, бақа, ойнады, үш, ашулы, толық, елу, телпек, көк, ұшты, балға, өтірікші, тоғызыншы, жүз, тұрды, жүгірді, ту, желбіреді, сары, ащы, шар, төрт, отыз. (Тақтамен тексереді).
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.
Сөздерді оқып, тұсындағы сұраққа жауап беру. Әр сөз табына қойылатын сұрақтардың әр басқа болуын дәлелдеп көру.
1. Тігінші, өнер, ұя, таң, көке – бұлар қай сөз табы?
2. Жарысады, түсінді, ұмтылды, озды – бұлар қай сөз табы?
3. Әдепті, көкшіл, кең, тәтті, тұнық - бұлар қай сөз табы?
4. Үш, жетінші, алтау, жиырма бес - бұлар қай сөз табы?
2- жаттығу.
Жаңылтпашты оқып жатқа жазу. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау.
Үш ішік тыстадым.
Үш үскі ұштадым.
3-жаттығу.
Мәтінді оқу. Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талдау.
Борсық – Қазақстанда кең тараған аң. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Топпен жұмыс (қағаз суыру). Әр топ алған сөз табы туралы айтады.
4-жаттығу.
Берілген зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп жазу.
Сын есім, сан есім, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, дәлелдеу.
Тай, күн, аққу, тау, тауық, оқушы.
6 – жаттығу:
Керісінше жұмбақ. Сөзжұмбаққа сұрақтар жазу. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа алу.

Көлденеңінен: Тігінен:
1.----------------------------------------------------- 1. ----------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------
2.----------------------------------------------------- 2. -----------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------

Ы
З
Ж А Б А Ғ Ы
Қ
О
р

Р
Ы
С Е Л Д І Р Е У

Семантикалық карта. «Кім тапқыр» ойыны.
Қ/с Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
1
2
3
4
5
6
7
8 Айнұр
ұшты
бес
жүгірді
әдемі
доп
оныншы
қызыл +

5.Қорытынды.
Топ бағасын есептеп, мадақтап, бағалау.
6.Үйге тапсырма.
5 – жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін табу.
Сөздерге сұрақ қойып, қай сөз табы екенін анықтау.
Жұмбақтың шешуіндегі сөзбен әңгіме құрау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.