.
.
Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім. Сөз таптары. Зат есім.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1207 | Размер: | Автор: гостьМақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1. Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз таптары, зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:, қималы карточкалар., сызбалар, борсық, құстар суреттері
Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Өткенді қайталау: 3 - оқушы тақтада
сөйлемді жалғастыр:
- айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан - жағынан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз
- заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздер.... деп аталады.
- заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер.. және... арқылы беріледі.
Сөйлемдерде не туралы айтылды? Зат есім, етістік, сын, сан есімдер. Бір сөзбен қалай айтамыз - сөз таптары
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
Суреттерге қара. Құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақтар қоясың? Ал мына суреттерге қандай сұрақтар қоясың?
......................................
Сергіту сәті:
3. Жаңа білімді бекіту:
3 - жаттығу кестені толтыр:
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, үлкен, ақын, жеті, жуынды, жүзді, жасыл, әке.
4 - жаттығу қайсысы зат есім, қайсысы етістік екі топқа бөліп жаз.
3 - жаттығу 146 бет мәтінді көшіріп жаз, зат есімдерге тауып, астын сыз, сұрақ қой.
5 - жаттығу бір сөзбен ата.
Түйе, жылқы, сиыр, ешкі -...
Кесе, тәрелке, қазан, ожау -...
Қияр, қызанақ, қызылша, орамжапырақ -...
Сөздерге сұрақ қой.
6 - жаттығу - 145, 146 беттер бойынша оқу, талдау.
4. Үйге тапсырма: жаттығу, ережелер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.