Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз туралы түсінік. -

Сөз туралы түсінік.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3943 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ибраева Сандугаш Есенгельдиновна
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз туралы түсінік.
Мақсаты: Сөз бен сөйлем, сөз жұптарын салыстыруға үйрету; сөз мағынасын түсіндіруге баулу; дыбыс пен әріп туралы білімдерін қайталау; ойындар , жұмбақтар арқылы тіл байлығын дамыту. тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат. үлестірме карточкалар
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер-білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Буын неден құралады?
Сөз неден құралады?
Сөз дегеніміз не?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сөз туралы түсінік.
Әлемдегі бар дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы:
Бұлттар –су тамшылары-нан,орман-ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз-сөйлемдерден,ал сөйлем неден құралады?
Ү. Жаңа материалмен таныстыру.
232- жаттығу.Бұл тапсырмада әр бағанда не жазылғанын оқып бір-бірінен өзгешелігін табу. ( әріп, буын, сөз)
Сөз-заттың,сапаның,қимылдың,санның атауы.
Мысалы: ай,үй,ақын,тұнық,әдемі,жиырма,түсін.
233- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып бірнеше сөз жасатып,оны орындауда сөзде неше дыбыс,неше әріп барын айтқызып,сөздің дыбыстан құралатынын (әріп-дыбыстың таңбасы екені белгілі),дыбыс өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгеретінін байқату қажет.
Мысалы:
«ЖЫЛ»мезгілді білдіреді, «ЖОЛ» адамдар жүретін соқпақ жол,
«ЖЕЛ»табиғат құбылысы, «ЖАЛ»жылқынын жалы.
Өздік жұмыс:
234-жаттығу. Топқа бөліп жаз, бір- бірінен өзгешелігі неде?
Зат Сын-сапа Сан Қимыл
Адам Сұр Жиырма жүзді
Кітап Ақ жеті ойнады
Жылқы Жасыл Тоғыз
Сергіту сәті: Аяқпенен топ, топ, топ
Ал қолменен хлоп, хлоп, хлоп
Бір онға, бір солға, айналайық кел мұнда
235 - жаттығу. Жұмбақтын шешуін тап,қарамаен жазылған сөздердің мағынасы неліктен өзгергенін дәлелде
Қолына, жолына
Тапсырма: «Сиқырлы сағат»
Оқушылардың сөз туралы білімдерін толықтыру мақсатында,төмендегі тапсырмаларды орындау.Өздерін көріп отырган сағаттағы 12 әріптен сөз шығару керек.Ол үшін сағат тілі бойынша белгілі бір жүйемен ешқандай әріпті аттамастан рет-ретімен оқыған жөн.
Ата,атау,тау,ауа.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.
ҮІІ. Бекіту
Сөзжұмбақты шешу.
1.Көл жағасында өсетін шөп (Құрақ)
2.Адамның дене мүшесі (Құлақ)
3.Сүттен жасалатын тағам(Қатық)
4.Ыдыс(Қасық)
Қ Ұ Р А Қ
А Ұ
Т Л
Ы А
Қ А С Ы Қ

Қорытынды:
-Бүгін біз не білдік?
-Сөз деген не?
-дыбыстар сөз жасайды
-сөздегі дыбыс өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгереді
-сөз-белгілі бір заттың атауы
-сөздерден сөйлем құралады
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 236-жаттығу
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.