.
.
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі. Сөздердің байланысу түрлері.Қиысу.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2259 | Размер: | Автор: гостьҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері.Қиысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-оқушылар сөздердің байланысу түрлерімен жеке-жеке толықтай танысады, талдайды, меңгереді, білімдерін кеңейтеді;
Дамытушылық-оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды, нақты мақсат қоя білуге үйренеді;
Тәрбиелік-оқушылар бір-бірін сыйлауға, отандыққа тәрбиеленеді.
Көрнекілік:интерактивті тақтадағы сурет, сызба, кесте.....
Сабақтың барысы.Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау.
Қызығушылықты ояту. Топтастыру стратегиясы. 1.Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
2. Сөздердің байланысу түрлерін ата.
Мағынаны түсіндіру. әр топ мүшелерін «1,2,3,4,5» деп санату.
Жанұя тобының 1-нөмірлі 1-столға, 2-нөмірлі мүшелері 2-столға, 3-нөмірлі мүшелері 3-столға, 4-нөмерлі мүшелері 4-столға, 5-нөмірлі мүшелері 5-столға отырады.
Әр столға әр тақырып беріледі: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Жеке жұмысқа 1 мин.,жұппен жұмысқа 1 мин.,топпен жұмысұа 2 мин.
Әр топқа жаттығу жұмыстары беріледі: 243-жаттығу, 248-жаттығу,254-жаттығу, 257-жаттығу, 262-жаттығу. Жаттығуға 2-3 мин. Уақыт беріліп, ауызша тексеріледі.
«Жанұя» тобы өз тобына келеді. Топ мүшелері үйреніп келгендерін келгендерін топқп айтып түсіндіреді (5 мин). Әр топтан бір оқушы түсінгенін айтады.Тақтаға бір оқушы жазып тұрады. (1,5 мин).
Әр топқа жаттығу беріледі. РАФТ I. 3 мин.+5 мин.
Топ аты Қиысу Матасу Меңгеру Қабысу Жанасу
Жаттығу 247 251 256 258 263
Рөл Абылай Автор Жамал Жазушы Жомарт
Аудитория Қария Халық Жау Оқырман Оқырман
Форма Диалог Монолог Сұрақ Портрет Суреттеу
Тақырып Түсі Қазақ әні Соғыс Мәлік Хан сарайы
Тапсырма. Әр топ өзіне сай байланысу түрлеріне бір мысал табу.
Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып тапсырма беріледі (5-6 мин).
Қиысу: Мен сөйлеймін. Біз жаздық. Айжан күлді. Дәрігерлер келіпті. Ол сөйледі. Біздер қыдырдық. Сен келдің.
Матасу:Сенің кітабың. Менің Отаным. Асанның ағасы. Әженің немересі. Атамның ауылы. Теңіздің жағасы. Сіздің оқушыныз. Көкемнің ауылы.
Меңгеру: Допты алды. Ауылға келді. Үйде отырмын. Мектептен барады. Терезені сүртті. Апаммен сөйлестім. Арқанмен түсемін.
Қабысу: Үлкен терезе. Жиырма бес бала. Бұл үй. Жетінші сынып. Орындалған армен. Тас жол.т Бақытты балалық.
Жанасу: Үйге қарай жүгірме. Әдейі келу. Қасақана айту. Шапшаң қимылдау. Көпір арқылы өту. Білу үшін оқу. Дереу жеткізу.
Кестені толтыру (қосымша тапсырма).
Мысалдар Қиысу Матасу Меңгеру Қабысу Жанасу
Алғашқы айлар +
Халықтың еңбегі +
Білгенге маржан +
Ауыр күрсіну +
Малды ауыл +
Екі дос +
Таудай талап +
Шамның жарығы +
Әзірше жүр +
Жыл сайын көбейді +
Сен келдің +
Күн шықты +
Ой толғаныс.СИНКУЭН (бес жолды өлең) 1 мин.-3 мин.1.Зат есім (бір) 2.Сын есім (екі) 3. Етістік (үш) 4.Сөз тіркесі (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу). 5.Синоним (бір).Қиысу тобына: Шаңырақ. Матасу тобына: Уық. Меңгеру тобына: Кереге. Қабысу тобына: Табалдырық. Жанасу тобына: Сықырлауық.Үйге тапсырма. Эссе жазу.Қиысу тобына: Ең жақсы тіл-ана тілі. Матасу тобына: Білім мен даналық-адамның көркі. Меңгеру тобына:Ел іші –алтын бесік. Қабысу тобына: Сөз-өмірдің ұлы қаруы. Жанасу тобына: Білім кілті-тіл.
Бағалау.
ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау
Білем Білгім келеді Үйрендім
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.