Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақта диалогтік оқытудың тиімділігі -

Сабақта диалогтік оқытудың тиімділігі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1532 | Размер: | Автор: гость
. Түлкібас ауданы, А. Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ешмуратова Гулмира Сеитмуратовна
Сабақта диалогтік оқытудың тиімділігі
Қазіргі заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарына тиімді ықпалдастыра алу, ұтымды қолдану әрбір жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың ерекшелігі деп ойлаймын. Әркімнің өзіне тән жеке мүмкіндіктері мен таланттары бар. Солардың арқасында ғана алға қойған мақсаттарына табысты түрде қол жеткізе алады. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алғанда ғана оқшылардың пәнге деген қызығшылығын арттыра аламыз. Күнделікті өтілетін әрбір сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім бер жүйесін жаңартудың негізі болып табылады. Диалогтік оқыту әдісі бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуға, сонымен қатар өзіне және өзгеге деген қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді. Оқшылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекет етуі дамиды, өз ойларын білдіреді, түрлі идеяларды түсінуге ықпал етумен қатар өз идеяларын дәлелдей алады. Сабақта диалогтік оқытуды қолданғанда оқушылардың мұқият тыңдап, сабақты талдауға, шешіле сөйлеп, өз ойларын білдіруге, ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алатындығын байқауға болады. Оқушылар сұрақты дұрыс қоя отырып, ілгері жылжуларына ықпал жасайды.
Диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейлерінің өсуіне де ықпал етеді. Оқушылардың бірлескен сұхбатының маңызы зор. Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді. Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінулеріне ықпал етеді. Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі. Сонымен қатар, мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Оқудың сапасын жақсарту мақсатында өткізген әр сабағымыздың мақсаты оқушылардың жан-жақты ойлауына, тұжырым жасауына, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына, өз ойларын бүкпей еркін жеткізуіне, тіл байлықтарын молайтып, сөздік қорларын еселеу үшін сол нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Сабақ барысында оқушылардың диалогтік қарым-қатынасты орната отырып, ойлау қабілеттерінің даму жолдарын анықтай алу керек. Әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды диалогтік оқыту арқылы білімге деген құштарлығын, ізденімпаздық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамытуға бағыттау керек. Оқушылардың сабақта ойын еркін жеткізіп айта алауы үшін, оның жауабын сабырмен тыңдап, кемшілігін көңіліне тимейтінтіндей етіп түзеп, мақтау сөзді көбірек қолданып отырсақ оқушы ойын еркін жеткізе алады. Түрлі сұрақ-жауап арқылы оқушы ны сыныппен қарым-қатынас жасата отырып, білім алуын ынтымақтастырып, ойлау қабілетін дамыта аламыз. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе алмайтын, оқушылармен әңгімелесуге құлқы жоқ, үндемей отыратын оқушылардың өздері де қызығушылық таныта бастайды. Сабақ тақырыбы бойынша өз ойларын айта алуға мүмкіндіктерінің бар екендігін түсінеді. Өздерінің де жаңа идея туғыза алатындықтарын оны ортаға салып айтуға, өз пікірін еркін жеткізе алатындығын түсінеді. Оқушының бойында өзінің идеяларын, пікірлерін дәлелдей алуға деген қызығушылық пайда болады. Диалогтік оқыту әдісін қолданғанда оқушылардың сөздік қоры молаяды, тілі дамиды, сұрақтарды нақты қоя білуге жаттығады. Өзім сабақ беретін орыс сыныптарында зерттеушілік әңгіме жүргізу үстінде жыл мезгілдерінің суреттерін пайдаландым. Мен сұрақ қоймай жатып-ақ оқушылар суретке қарап, бір-бірінен жылдың қай мезгілі? Саған жылдың қай мезгілі ұнайды? Жыл мезгілдері жайлы өлең жазған қандай ақындарды білетіндіктері жайлы сұрақтарды талқылап үлгерді. Сабақ кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, сыныпта бір-бірімен сұхбаттасып, сұрақтың түріне қарай деңгейі жоғары керісінше төмен сұрақтар қойғыза отырып, сыныпта ынтымақтастық жағдайын қалыптастырдым. Оқушылар суреттегі жыл мезгілдері арқылы диалогті қолданғанда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінің де қалыптасқаны байқалды. Сөздік қорының молайып, ойларын еркін айта бастағаны қуантты. Оқушылар тақырыпты өз беттерінше ізденіп, білімдерін көрсете алды.
Күтілетін нәтиже жоғары деңгейлі сұрақтарды қою арқылы оқушының ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту болды. Диалогтік әдісті қолданғанда оқушылардың есте сақтау қабілеттері артады, тілдері жаттығады, өзара сұхбаттасады, ойын дамытып келесі оқушымен ой бөліседі. Оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырым жасай алады, білімі жоғарылайды, сөздік қорлары молаяды. Оқушының топта өзін ұстауы, сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздығы жақсарады. Топта өз сыныптастарын зейін қоя тыңдап, өзінің жауабымен салыстыра отырып, өзіндік пікірін айта алауға дағдыланады. Диалог арқылы оқытуда сыни көзқарасы қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан, алған білімін қажетті кезде пайдалана алатын оқушыны қалыптастыра аламыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.