.
.
Қарағанды облысы Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1385 | Размер: | Автор: гостьШет ауданы
Мұхтар негізгі мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бағдал Айболат
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушылар сабақтас құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгісі, мағынасы және интонациясы жағынан ажырата біледі.
б)Оқушының ой-өрісін таным деңгейін кеңейте отырып, халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу. Сабақ үстінде оқушылар бойына ададмгершілік, достық сезімдерін ұялату.
Сабақ түрі: ертегі
Сабақтың көрнекілігі:Суретті плакаттар, кеспе қағаздар, ойынға керекті нәрселер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Оқушылармен амандасу.
3.Оқушыларды түгендеу.
І.Қызығушылығын ояту.
Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Өткен тақырыптарды «Орамал тастамақ» ойыны арқылы сұраймын. (Оқушылар тез-тез бір-біріне сұрақ қоя отырып,орамал тастайды.Орамал түскен бала сұраққа жауап береді.)
ІІ.Мағынаны тани білу.
-Балалар,біздер өткен сабақты ертегі түрінде өтіп едік,естеріңде ме?
Мен оның әліде жалғасы бар дегенмін.Қалай еді,еске түсіріп жіберейікші?!
1. «Қазақ лингвистикасы» -ата
2. «Грамматика» -әке
3. «Синтаксис» -немере.
4. «Құрмалас сөйлем» -шөбере
5. «Салалас құрмалас сөйлем» -шөпшек
6. «Сабақтас құрмалас сөйлем» туажат
7. «Аралас құрмалас сөйлем» -жүрежат
Енді осылардан тараған ұрпақтары өте көп.Сөйтіп,олар бір қауым елді құрайды.Бір-біріне сабақтасқан жеті атадан тараған бұл елдің аты –«Қазақ тілі».Шешен сөйлеп,тіл қадірін өз қадірім деп білген халық.Кеңдігін де,елдігін де,көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. «Сөзді түйдек-түйдек ағызған шешендер ұрпағымыз ғой біз де»,- дейді сабақтас құрмалас
Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып,кең даланы сұлу сағым басты.
Сабақтас құрмаласты былай көрсетуге болады
Жаттығумен жұмыс:№ 120 жаттығу.
Мәтінді оқып шығып,құрмалас сөйлемдердің қайсыс салалас,қайсысы сабақтас екенін анықтаңдар.Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,басыңқы, бағыңқылардың астын сызыңдар.
Жаттығумен жұмыс:№ 121 жаттығу.
1.Мәтінді оқып шығыңдар.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып,олардың қанша бағыныңқы сыңарлардан тұрғанын анықтаңдар.
3. Бағыныңқы сыңарлардың қандай жолмен жасалғанына талдау жасаңдар.
Жаттығумен жұмыс:№ 122 жаттығу.
1.мәтінді оқып,көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.Жарыспалы не сатылы көп бағыныңқы екенін анықтаңдар.
2. Өздерің мәтіндегі сөйлемдері ыңғайына қарай көп бағыныңқы сабақтас етіп құраңдар.
ІІІ. Ой толғаныс.
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен сабақтас құрмалас сөйлем қатысқөан үш сөйлем жазып келу,талдау.
Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.