Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабырсыз,арсыз, еріншек.  Абай Құнанбаев -

Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2159 | Размер: | Автор: Публикатор
. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ

№7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ТАҚЫРЫБЫ: Сабырсыз,арсыз, еріншек.
Абай Құнанбаев


СЫНЫБЫ: 4Б (төртінші)

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: Бекжанова Шолпан

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету
2. Көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру;
3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақта қолданылатын әдістер: топтастыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.
Пән аралық байланыс:
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу;
2. Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтарды тексеру;
3. Сыныпты топқа бөлу.
Біз бүгін Абай ауылына саяхат жасаймыз, үш топқа бөлініп, әртүрлітапсырмалар орындаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Бәйге» ойыны
Өткен сабақта кімнің әнгімесімен таныстық?
Спандияр Көбеев кім?

Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті? Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Қай топ тапқыр?»

Бұл кімнің өлеңі?
Өлеңді кім жатқа айтып береді?
Жарыс сабақ. Тақырыбы: «Абай ауылына саяхат»
Балалар, бүгін біз сендермен «Абай»ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз.
«Мен не білемін?» үш топқа тапсырма
І топ – «Абай туралы мәлімет»
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.
Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
ІІ топ – «Абайдың шығармалары»
Абайдың шығармалары:
Ғылым таппай мақтанба
Интернатта оқып жүр
Пайда ойлама, ар ойла
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Әсемпаз болма әрнеге
Жазғытұры
Жаз
Күз
Қыс
Желсіз түнде жарық ай

ІІІ топ - «Абайдың қарасөздері»

Ендеше, бүгін біз Абайдың жаңа өлеңімен танысамыз. Ол «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталады.
– Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.
– Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту.
– Мәтіндегі ақынның айтып отырған негізгі ойын анықтау.
«Кім шапшаң?» ойыны
Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр.

Адамның мінез – қылықтары:
Жағымды Жағымсыз





ІV. Сабақты бекіту. Шығармашылық тапсырма
«Абай ауылына» да келіп жеттік. Балалар,біз «Абай» шаңырағына енуіміз үшін төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек. Қай топ тез жауап берсе, сол топ «Абай» шаңырағына бірінші енеді.
“Жұлдызды сағат” ойыны
1. Абай қай жылы туды?
1855, 1963, 1845;
2. Қай жерде туды?
Семей, Алматы, Торғай
3. Әкесінің аты кім?
Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;
4. Абай қай рудан?
Жігітек, Бөкенші, Тобықты;
5. Анасының, әжесінің аттары кім?
Әйгерім, Зере, Ұлжан;

V. Қорытындылау. «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру. Рефлекциялық бағалау кезеңі. Оқушылар өздерінің жауаптарына ауызша баға береді. Жарыс қорытындысы шығарылады.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.