.
.
4-сабақ Салауаттылық - өмір негізі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1577 | Размер: | Автор: гостьСалауаттылық - өмір негізі
Мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
- Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
- Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып, Н.Сарсенбаевтың өлеңін оқиды.
Н.Сарсенбаев
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Жаныңның саулық рухын аман сақта.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,
Сол сенің жеткен жерің биік тауға.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды оқып, ойлануға шақырады. Оның мақсаты – денсаулық, салауаттылықтың адам өміріне әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу.
Назар аударыңыз
Н.А.Добролюбов
Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Шығармашылық жұмыс
Төмендегі мәтіннен Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңіз.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушылармен бірге А.Самиғоллаұлының «Ойлан, достым...» әңгімесін оқып, талдау жасау арқылы олардың адам денсаулығына зиян әкелетін жағдайларды болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударады.
Ойлан, достым...
А.Самиғоллаұлы
Сіздер Жангүлдің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?
Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіздер?
Тыныштық сәті
Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.
Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.
Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.
Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.
Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінде айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты жалғастырады.
Дәйексөз
Сабақта қаралып отырған мәселені түйіндеу мақсатында мұғалім немістің көрнекті жазушысы Т.Карлейль: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген сөзіне оқушылардың назарын аудартады. Оқушылардың пікірін «Нақыл сөзді қалай түсінесіз?» деген сұрақ беру арқылы айқындап, мұғалім өзі түйіндеуіне болады.
Назар аударыңыз
«Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді».
Ж.Брэгг
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың денсаулық сақтау, нашақорлықтан аулақ болу туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқушыларға Р.Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесін оқып, талдауға ұсынады. Бұл мәтіндегі негізгі ой өмірдегі барлық нәрсе, соның ішінде денсаулықты нығайтуда, салауатты өмір сүруде әр адамның өз қолында екенін ұғындыру болып табылады. Өз сеніміңе берік болуды ұғындырады.
Қателіктің арты өкініш
Р.Пернеханқызы
Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?
Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?
Жаңа ақпарат
Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып шығу ұсынылады.
Мұғалім оқулықта берілген ақпаратты оқушылардың өз ойларымен толықтыруын сұрайды. Ол қарастырылған мәселені оқушылардың жауаптарымен байланыстыра, салыстыра талдауға мүмкіндік береді. Оқушылар зиянды әдеттерге әуес болудың салауатты өмір сүруге тигізетін әсерінің қандай болатынына жаңа ақпаратпен танысу арқылы көз жеткізеді.
Назар аударыңыз
Салауатты өмір салты – организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, шынығу-мүшелері жүйесінің қызметін арттырады; сыртқы ортамен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы, дұрыс тамақтану, гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға негіз болады; дұрыс мінез-құлық, өз қасиеттерін басқара білу адамның жақсы өмір сүруіне көмектеседі.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.
Оны талдауды немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.
Салауаттылық туралы оқушылардың білімдерін толықтырып, кеңейте түсу мақсатында Америкалық Поль Брэгг ұсынған денсаулықты нығайтуға байланысты ем түрлерімен таныстыруға тапсырма беріледі.
Оқушылар тапсырманы орындай отырып, салауатты өмір салтын құру үшін «Бірінші емші – күн сәулесі, екінші емші – таза ауа, үшінші емші – таза су, төртінші емші – табиғи тағам, бесінші емші – ашығу, алтыншы емші – дене жаттығулары, жетінші емші – демалыс, сегізінші емші – бойды тік ұстау, тоғызыншы емші – ақыл-ой» қажет екенін түсіндіріп айтады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақты аяқтап, қорытындылау мақсатында оқушыларды жүректен-жүрекке шеңберіне шақырады. Барлығы қосылып, «Көңіл көктемі» әнін айтады. Дәйексөз (оқушылар
«Көңіл көктемі»
Сөзі мен әнін жазған М.Ы.Ыбыраев
І. Туған жерді шарлайтын,
Шаттық болғым келеді.
Жүректерді баурайтын
Бақыт болғым келеді.
Қайырмасы
Қызғалдақтай жерімнің
Сәні болғым келеді.
Сүйіп айтар елімнің
Әні болғым келеді.
Қайырмасы
ІІ.Тамылжыған таңдарға,
Көрік болғым келеді.
Жалындаған жандарға
Серік болғым келеді.
Қайырмасы
ІІІ.Көктем болып көңілді,
Нұрландырғым келеді.
Шұғыладай өмірді,
Түрлендіргім келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.