Сан есім
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1595 | Размер: | Автор: ПубликаторОҚО, Сайрам ауданы, №28 «Ақбай» жалпы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сапарбекова Қарлығаш. 6-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сан есімді түсіндіру және сөйлем ішінде ажырата білуге
дағдыландыру, сан есімді қаншалықты ұғынатындығын байқау,
бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше оқуға деген ынтасы мен ықыласын
арттыру және ауызекі сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ тілі сабағында оқулықтардан және көркем шығармалардан
оқытып, талдай отырып әрбір оқушының бойында адамгершілік
қасиеттерін қалыптасуына, мейірімділікке, білімге ұмтылуға,
талаптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сан есім туралы таблица, алма ағашы, қазақтың ұлы
ақыны Абай, бүктеме, сыр сандық.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ –жауап, проблемалық ойын сабағын
мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а ) Әнұран орындау
ә ) Амандасу, түгелдеу
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар, сан есім дегеніміз заттың, санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы. Сан есім неше? нешеу? нешінші? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Сыныпта он ұл бала бар.
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен табу.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
- Балалар енді мына теледидарға қараңыздар. Бұл теледидардан қазақша жыл атауларын көріп отырсыздар.
Сұрақ-жауап әдісі.
Бір мүшелде неше жыл бар?
Бір жылда неше ай бар?
Жыл неше мезгілге бөлінеді?
Бір мезгілде неше ай бар?
Бір айда неше апта бар?
Бір аптада неше күн бар?
Бір күнде неше тәулік бар?
Бір тәулікте неше сағат бар?
Балалар жауап береді.
- Енді, балалар, бәріміз мына «сиқырлы алма» ойынын ойнаймыз.
Оқушыларды «Талаптылар» және «Жүйріктілер» тобына бөліп жарыстырамын. Есептің жауабын тез орындаған топ жеңімпаз атанады.
Бұл жерде сандарға қанша ? неше ? сұрақтары қойылатынын атап өтемін.
9-3 5+3 7+2 3+4
8+2 6+0 8-2 6-4
Талаптылар тобы жеңіске жетті.
Жаттығу жүргізу.
Бұл таблицадан сан есімдерді табу және қазақша, орысша, өзбекше тілдерді оқушыларға үйрете отырып сөйлеу тілін дамытамын.
Мысалы:
1.Кірпі екі саңырауқұлақ жегіп бара жатыр.
2.Типратикан икки қузиқорин олиб кетяпти.
3.Ёж несёт два гриба.
1.Екі шымшық бұтаққа келіп қонды.
2.Икки чумчуқ бутага келиб қунди.
3.На ветку сели два воробья.
1.Тарелкеде үш алма бар.
2.Тарелкада уч олма бор.
3.На тарелке лежат три яблоко.
Ұлттық ойын түрін жүргізу.
Сыр сандық
Сыр сандығым ашылды,
Ішінен жұмбақ сырлар шешілсін.
Тапқырлықпен ,ойшылдықпен
Ұландардың ойлау қыры, ойлау сыры
Шашылсын!
Өткен сабаққа және жаңа сабаққа байланысты үлестірмелі парақшалар.
Екі білезік, үш сақина, бір жүзік, алтыншы үй. т.б
Сан есімдерді таптырамын. Сұрақ қойдырамын.
Пысықтау.
Төле биге қаз дауысты Қазыбек сәлем бере келгендегі Төлебидің он түрлі жұмбағына Қазыбектің шешуімен сабақты пысықтаймын.
Қорытындылау.
Сұрақтар беру арқылы сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын, естіртемін.
Үйге тапсырма.
Сан есімді оқып келу.
Сан есімге байланысты 4- сөйлем жазып келу.