.
.
Ақтөбе облысы Сандар әлемі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2323 | Размер: | Автор: гостьТемір ауданы
Шұбарқұдық кенті
№4 қазақ орта мектебі
даярлық класының тәрбиешісі:
Жумагалиева Лязат Утегеновна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика
Тақырыбы:Сандар әлемі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:Балаларды 1-ден 10-ға дейін ауызша санап есептей білуге ,сандар қатарын,сандарды тура және кері санауға ,өткен сабақтарға сүйене отырып логикалық есептер шығару,геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Апта күндерін атауды,қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін тиянақтап бекіту.
Көрнекілігі:Суреттер,таяқшалар,карточкалар,геометриялық пішіндер,санамақ материалдары.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Дәлелдеу -
ояту Шаттық шеңбері
-Армысың бақдаулетті жерім менің,
-Армысың асқар тауым көлім менің.
- Армысың еңселі елім менің!
-Еліме тыныштық тілеймін!
-Күніміз жарқын болсын!
-Бәріміз дос болайық!
-Бәріміз тату болайық! Балалар қонақтармен амандасып, шаттық шеңберін орындайды
Ұйымдастыру іздену Балалар, бүгін бізге күз ханшайымы қонаққа келеді.Біз күз ханшайымының тапсырмаларын орындасақ бізге өз сыйлығын береді.
-Қане маған 1-10-ға дейін кім санап береді ?
-Ал,балалар сандар туралы санамақ білеміз бе?
«Кім жылдам»ойыны. Ойынның шарты.Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру.
1.Бір жылда неше ай бар?(12 ай)
2.Қазір қай ай?(Қараша)
3.Бір жылда неше мезгіл бар?(4 мезгіл)
4. Қазір жылдың қандай мезгілі?(Күз мезгілі)
5. Бір аптада неше күн бар?(7 күн)
6. Бүгін қандай күн?(Сәрсенбі)
Тәрбиеші:Балалар сонымен қараша айы ,күз мезгілі,сәрсенбі күні екенін білдік. Қане ,хормен бүгінгі күнге жақсылық тілейік.
Сәрсенбі сәтті болсын
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді тыңдайық.
3)Апта күндері туралы тақпақтар айтқызу.
4)Дидактикалық ойын: «Суретті аяқта»
-Қандай аң?-Не жетіспейді?
-Құлақ үшбұрыш пішіндес.
-Құйрық,сопақша пішіндес.
-Бас ,дөңгелек пішіндес,шеңбер пішіндес.
Сергіту сәті:
Қане сергіп алайық
Ойланайық саспайық,
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық.
5. Шығармақ боп есеп
Жиналды бес мысық.
Үшеуі ұйықтап отырды
Ынталасы неше мысық?(2)
Бір-бірімен жарысқан,
Екі аю ,бір қасқыр.
Екі қоян бір түлкеі
Бәрі неше ойлан сен (6)
Сиырда бар қос мүйіз
Ешкіде бар қос мүйіз,
Қосып көрші екеуін
Болады сонда қанша мүйіз?(4)
Түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Бірі қозылы, бір қой
Бәрін бірге ойлап қой.
6. Күз ханшайымы сандық ашып балаларға ішінен бір сан алып ,сол санға байланысты көркем сөз айтуға ұсынады.
4 саны: Төрт түлік мал,төрт мезгіл,дүниенің төрт бұрышы.
5-саны:Бас бармағым- атам үйдің данасы,
Балан үйрек –әжем ошақ анасы.
Ортан терек-әкем отау панасы.
Шылдыр шүмек-шешем шаңырақ ажары.
Титтей бөбек-мен бәрінің базары.
7 саны. Жеті ата, жеті қазына,жеті күн,жеті шелпек.
«Күн сәулесі»-атты шаттық шеңбері арқылы балаларға сұрақ қойып,күннің сәулелерін жинау арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.
-Кемпірқосақта неше түс бар?(7)
-Бағдаршамда неше көз бар?(3)
-Қолғапта неше саусақ бар?(5)
-Адамда қанша көз бар?(2)
-Жұлдыздың неше бұрышы бар?(5) Балалар 1-10-ға дейін санап береді.
1 дегенім-білеу
2дегенім-елеу
3 дегенім-үскі
4 дегенім-төсек
5 дегенім-бесік
6 дегенім-асық
7 дегенім-желке
8 дегенім-серке
9 дегенім-торқа
10 дегенім оймақ
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Балалар өз бетінше орындайды.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
3 саны-3көз
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы-құлақ
Рефлекс түзету «Ғажайып сандықтан»-сыйлықтар алып балаларға тарату. Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білді:1-ден 10-ға дейін ауызша санап есептей білуді ,сандар қатарын,сандарды тура және кері санауды білді.
Игерді:өткен сабақтарға сүйене отырып логикалық есептер шығару,геометриялық пішіндер туралы білімдерін игерді.
Меңгерді: Апта күндерін атауды,қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.