Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сандар әлемі» курсының бағдарламасы -

«Сандар әлемі» курсының бағдарламасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3426 | Размер: | Автор: гость
. Мектепалды даярлық тобына арналған «Сандар әлемі» курсының бағдарламасы
Жарық жалпы орта білім беру мектебі әдістемелік кеңесінде талқыланды
хаттама №1 28.08.2014ж
Құрастырған: Шет ауданы, Жарық
жалпы орта білім беру мектебінің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Б.Ж.Райхан

Пікір

Пікір жазушы: Алтайбаева Гүлімжан, Жарық орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, І санатты

«Сандар әлемі» бағдарламасы мектепалды даярлық тобына арналып құрастырылған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына, Қазақстан Республикасының Білім беруді 2020 жылға дейінгі дамытудың мемлекеттік бағдарламасына негізделген.
Бағдарлама мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің ойын, логикасын дамыта отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру негізінде жасалған. Бағдарламаның ерекшелігіне тоқталсақ:
• тәрбиеленушілердің өздігінен танып іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді;
• балалардың танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту, тілін байыту;
• тәрбиеленушілердің қиялын дамыту;
• математиканы қызықты көру
Бағдарламада мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің жас
ерекшеліктеріне байланысты мақсаты мен міндеттері көрсетілген. «Сандар әлемі» математика пәнінің көмекшісі ретінде табылады.
Даярлық топта «Сандар әлемін» оқытудың барысында балалар сандар ен цифрларды, фтгураларды, есептерді ойын түсінде алады. Ойын арқылы Сандар әлеіне саяхат жасап, тәрбиеленушілердің математикаға деген қызығушылығы артады.
«Сандар әлемінде» мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің логикасы дамиды, шығармашылығы ұшқындайды.
Әрбір тәрбиешінің басты міндеті тәрбиеленушілердің жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Балаларды даярлық топтан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға машықтандыруда бұл бағдарлама үлкен рөл атқарады.

Түсінік хат

Ұсынылып отырған «Сандар әлемі» бағдарламасы мектепалды даярлық тобына арналған, 32 сағатқа негізделген.
«Сандар әлемі» - белгілі бір шығармашылық қабілетті талап етеді. «Сандар әлемі» мектепалды даярлық топ трбиеленушілерінің математикаға деген қызығушылығын арттырады.
Бұл бағдарламаның міндеті тәрбиеленушілерге фигураларды танып,
ажырата білуге үйрету. Ойындар арқылы тәрбиеленушілердің логикасын, қиялын дамыту. Сандар әлеміне саяхат арқылы 1-20 дейінгі сандар және оның құрамын түсіндіру. Заттарды салыстыра, ажырата білу қасиеттерін дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы 10-ға дейінгі қосу мен азайтуды үйрету.
Балаларға Сандар әлеміне саяхат барысында мынандай қажеттіліктерді басшылыққа алу керек:
- заттарды салыстыру
- фигураларды ажырата білу
- 10-ға дейін санау
- 10-ға дейін қосу мен азайту
Математиканы білген бала бастауыш сыныпқа барғанда математика пәніннің мазмұның үлкеннің көмегінсіз, еркін, әрі қызығушылықпен меңгере алады. Сыныптастарымен, мұғалімдерімен ашық әңгімелесе алады. Ойы ұшқыр, логикасы дамыған болады.
«Сандар әлемінде» 2-кезеңінде тәрбиеленушілерге түрлі логикалық ойындар, қызықты есептер берілген.
Жыл соңында мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері фигураларды
танып, ажырата алады. Тәрбиеленушілердің логикасы мен қиялы дамыған. Тәрбиеленушілер 20-ға дейін санай алады. Заттарды салыстырады және ажырата біледі. 10-ға дейін қосып, азайтады.

Бағдарламаның мақсаты –
Сандар әлеміне саяхат арқылы математиканы үйрету. Заттарды салыстыру, санау, фигураларды ажырату, есептеу т.с.с. қабілеттерін дамыту.

Білімділік:
Тәрбиеленушілермен сандар әлеміне саяхат жасау арқылы математикаға жол ашу.

Дамытушылық:
Ойындар арқылы тәрбиеленушілердің логикасын, қиялын дамыту.

Тәрбиелік:
Мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерін шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Тәрбиеленушілерге фигураларды танып, ажырата білуге үйрету.
2. Ойындар арқылы тәрбиеленушілердің логикасын, қиялын дамыту.
3. Сандар әлеміне саяхат арқылы 1-20 дейінгі сандар және оның құрамын түсіндіру.
4. Заттарды салыстыра, ажырата білу қасиеттерін дамыту.
5. Дидактикалық ойындар арқылы 10-ға дейінгі қосу мен азайтуды үйрету.

Күтілетін нәтиже:
1. Балалар фигураларды танып, ажырата алады.
2. Тәрбиеленушілердің логикасы мен қиялы дамыған.
3. Тәрбиеленушілер 20-ға дейін санай алады.
4. Заттарды салыстырады және ажырата біледі.
5. 10-ға дейін қосып, азайтады.

Нәтижені бағалайтын құралдар:
Ойындар, кестелер.

Өзектілігі:
Өмірде заттарды санап, салыстыру, ажырату, фигураларды білу, есептеу қабілеттерін пайдалана алатын бала тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:
Математика пәнімен тығыз байланысқан.

Оқушыға қойылатын талаптар

Міндетті деңгей:
- 10-ға дейін санау;
- Фигураларды ажырата білу;
- Заттарды салыстыра білу;

Мүмкіндік деңгей:
- Шамаларды күнделікті өмірде пайдалану;
- Ондықтарды қосу, азайту.

«Сандар әлемі» бағдарламасының білім мазмұнының жіктелуі
(мектепалды даярлық тобы, аптасына 1 сағат, барлығы 32 сағат)

1.Кіріспе 1 сағат
«Сандар әлемімен» танысу

2. Негізгі бөлім 29 сағат
Тәрбиеленушілерді ойындар арқылы математикаға қызықтыру.

4. Қорытынды 2 сағат
Концерттік бағдарлама қою.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар:
№ Тақырыбы сағат саны мерзімі
Кіріспе 1 сағ
1 Кіріспе. Заттардың қасиеті 1
Негізгі бөлім 29 сағ
2 Оң жақ, сол жақ 1
3 Фигуралар 1
4 Үшбұрыш, төртбұрыш 1
5 Көпбұрыш 1
6 Текше, ромб 1
7 Дөңгелек, шеңбер 1
8 Қайталау 1
9-10 Салыстыру 2
11 1 саны мен цифры 1
12 2 саны мен цифры 1
13 3 саны мен цифры 1
14 4 саны мен цифры 1
15 Артық, кем, сонша 1
1617 Қайталау 1
18-19 «+», «-», «=» таңбалары 2
20 Сандардың құрамы 1
21 5 саны мен цифры 1
22 6 саны мен цифры 1
23 7 саны мен цифры 1
24 8 саны мен цифры 1
25 9 және 10 сандары 1
26 Ауыр- жеңіл 1
27 Жұқа-қалың, жуан-жіңішке 1
28 Сұйық және сусымалы заттар 1
29-30 1-20дейінгі сандар 2
Қорытынды 2сағ
31-32 Қайталау 2

Қорытынды сөз

«Тәрбие – балабақшадан», демекші, бала тәрбиелеуде мектепалды даярлық тобының үлесі орасан зор. Тәрбиеленушілердің ойлауы мен танымын дамытатын бағдарламалардың орны ерекше. Бағдарламалардың білімділік және тәрбиелік мәні зор. Өйткені, бұл бағдарламалар бір жағынан тәрбиеленушілердің ой өрісі мен ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналадағы өмір туралы қалыптасқан және жаңадан қалыптаса бастаған түсінігін кеңейте, молайта түсуге жәрдемін тигізетін болса, екіншіден, оларға сан алуан практикалық дағдылар мен шеберлікті меңгертуге көмектеседі.
Қазіргі өмір талабы – балаларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландыру. Тәрбиеленушілердің тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады.
Сабақ мақсатына қарай жұмыстың түрлері қолданылады:
- Жаңа білімді меңгерту;
- Жаңа білімді бекіту;
- Жаңа білімді тиянақтау;
- Жаңа білімді қорыту, білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Осының нәтижесінде тәрбиеленушілер мынадай біліктер мен
дағдыларға ие болуы тиіс:
 Балалар фигураларды танып, ажырата алады.
 Тәрбиеленушілердің логикасы мен қиялы дамыған.
 Тәрбиеленушілер 20-ға дейін санай алады.
 Заттарды салыстырады және ажырата біледі.
 10-ға дейін қосып, азайтады.
Қорыта айтқанда, бағдарламалар жеке тұлғаның өзін-өзі даытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелерін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталыған.

Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:

1. Бастауыш мектеп №1 2013ж
2. Бастауыш мектеп №5 2013ж
3. «Математика» Алматы 2000ж
4. «Математика» Алматы 2010ж
5. «Логика әлемі» Алматы 2012ж
6. «Математика» Алматы 2011ж
7. Мөлдірбұлақ 2013, 2014ж
8. Айгөлек 2014ж
9. Балдырған 2010,2011ж

Оқушы пайдаланатын әдебиеттер:

1. «Сандар әлемі» курсы бойынша жұмыс дәптері
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.