.
.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК Сандар сыры
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1991 | Размер: | Автор: гостьТәрбиеші: Шонаева Гулнур Сырлыбаевна
Тобы: ІІ кіші
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Тақырыбы: «Сандар сыры»
Тобы: «Ботақан»
Мақсаты: 2, 3, 4, 5 сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.
Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.
Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы ұштастыра отырып 2, 3, 4, 5 санына деген ұғымдарын кеңейту. Ұжымдық іс-әрекетке баулу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ жасыру, санамақтар.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің түрі: сайыс сабақ
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің типі: білім тиянақтау
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, ән, құрастыру, көркем әдебиет, өзін-өзі тану
Көрнекіліктер: цифрлар, пішіндер, шыршалар,суреттер және компьютер, проектор.
Билингвалды сынары: қосу – плюс, азайту – минус, сандар – цифры, бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шеңбер.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырасын даламыз
Жайнай берсін қаламыз
Шаттық шеңберді қимылмен орындайды
Iздeнicтep.
Ұйымдacтыpy
Қорытынды.
Түзету жұмыстары. III. Жаңа материалдардың мазмұны.
Сабақты "Жыл құстары" тақырыбына байланысты әңгімеден бастаған жөн. 2 санынан бұрын "қосу" амалымен танысады. Бұтада бір торғ-ай отыр еді, оған біреуі ұшып келіп қосылды. Сонда неше торғай болды. (екі). Бірге бірді қосқанда екі болады.
Екі араның біреуі ұшып кетті. Нешеуі қалды? (Біреуі). Екіден бірді алғанда бір қалады. Сөйтіп, "азайту" амалымен танысады. Бірден кейінгі сан — екі, екінің алдындағы сан — бір. Екі санының пайда болуы текшелер арқылы керсетілген. Бір көк текшеге бір қызыл текшені қоссақ, екі текше болады. Екі шардың біреуі жарылып еді, біреуі қалды.
Ендеше біз «Санауды жалғастыр» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп алайық.
Балалар 5-ке дейін санап, әр 5 бала бір топ болып бөлінеді
1-топ: Алғырлар тобы
2-топ: Тапқырлар тобы
3-топ: Ойшылдар тобы
№1 тапсырма «Адасқан сандар»
Шарты: 3 топтың да балаларына 5-ке дейінгі сандарды беріп, белгі берілген кезде ретімен тура тұра қалу керек. Бірінші болған топқа 1 жұлдызшадан беріледі.
Келесі сәтте сол сандар кері тұрулары қажет
2 пішіннің тапсырмасы: «Ойыншық жинау»
Шарты: Әр топқа бір шыршадан 5 қорапшадан беріледі.Қорапшаның сыртында 5-ке дейінгі сандар жазылған. Шыршаларда ойыншықтың суреті салынған, сол ойыншық нешеу болса, сол санның цифр таңбасын тауып салу қажет.
3 пішіннің тапсырмасы: Санамақ жарыс
Балалар санамақ айтып жарысады.
4 пішіннің тапсырмасы:
Бой сергіту
Балалар «Санамақ» әнін айтып, қимылын жасайды
5 пішіннің тапсырмасы.
«Танграмм» ойыны
Әртүрлі геометриялық пішіндерден бейне құрастыру.
6 пішіннің тапсырмасы:
Бейне жұмбақ. Электронды оқулықтан беріледі
«Кел санайық», «Ойнайық, ойланайық» ойындары
7 пішіннің тапсырмасы:
«Жеті жұмбақ»
Балалар жұмбақтардың шешуін табады
Балалар, бүгінгі ойынымыз қызықты болды, бәрің де өте жақсы қатыстыңдар.Енді әр топтың жинаған жұлдызшаларын санап жеңімпаз топты анықтайық. Балалар хормен санап, әр топ неше жұлдызшадан жинағанын анықтайды.
Жеңіске жеткен топты мадақтау. Балаларға жұлдызшалар тапсыру.
Сергіту сәті
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп -теріп алайық
Қалтамызға салайық
Екі таяқшадан не құрастыруға болады?-деген сұраққа жауап ретінде практикалық жұмыс жүргізіледі.
Бұлжытпастың тапсырмасы бойынша құрбақа, инелікке жөткенше қанша қадам аттайтынын табады.
Балалар екі таяқшаны пайдаланып, өз беттерінше құрастырумен айналысады.
"Аулада" атты тақырыпқа берілген сурет бойынша балалар әңгімелеп жаттығады. Екі құс ұшып жүр, Тауықтың екі балапаны бар. Екі үйрек жүзіп жүр т.б. сөйлемдер құрап, өздерінің ойларын математикалық жүйеде әңгімелейді.
Өзіндік жұмысты орындауда үлгіде керсетілгендей әр қорапқа екі балапаннан салу керек.
2 цифры неге ұқсайды? (Аққудың мойнына).
2 цифры. Оны жазу алгоритмімен таныстырылады. 2 цифрының баспа түріндегі элементтерін үзік сызықты бастыра жүргізіп жазуды 2 цифры үлгідегідей бір жолға жазылады. Дамытушылыққа берілген тапсырмада 2 санының қасына екі заттың суреті салынып, суреттің саны жанындағы бос орынға жазылады.
Пысықтау сұрақтарына жауап беріп отырады.
Балалар ойынға қатысып, тапсырмаларды орындай бастайды
Балалар жарысады.
Балалар ән айтады.
Балалар пішіндерді құрастырады.
Балалар ойнайды.
Балалар жұмбақты шешеді.
Балалар сергіту жаттығуларын жасай бастайды.
Балалар сұраққа жауап береді.
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic: Сандар мен цифрларды білуі тиіс.
Tүciнiгi: 2 3, 4, 5 құрамымен танысты
Kөpceтe бiлyi: 2 3, 4, 5 цифрын жаза алды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.