Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды көбейтіндіге бөлу -

Санды көбейтіндіге бөлу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3938 | Размер: | Автор: гость
. Садуақасова Айгүл Бекенқызы,
Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім
Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы
Тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Санды көбейтіндіге бөлу


Білімділік:
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілімен таныстыру,
Есептеудің тиімді тәсілін таңдай білуге үйрету
Дамытушылық

Жүйелі ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік
қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу
іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік:

Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау.


Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер Интерактивті тақта, слайд, стикерлер,маркерлер, плакаттар, суреттер
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдістер

Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. Жұптық тапсырмалар беру арқылы.

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
Психологиялық дайындық:

Қызығушылықты ояту: «Табиғат құбылыстары» жаттығуы арқылы сыныпты топқа бөліп аламыз.
Топ ережесін еске түсіреміз.
Қонақ күту салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.

5 мин

Үй тапсырмасын бекіту: -Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Жердің де, елдің де иесі кімдер, болашақ сендерсіңдер!
-Олай болса, «Болашақтың энергиясы» деп бүгінгі сабағымызды «ЭКСПО -2017» -ті мен байланыстырып өтеміз.
Сендер сынып сағатында «Болашақтың энергиясы» деген сөзді естігенсіңдер, еске түсірейік.
1.ЭКСПО деген не?
2.ЭКСПО қай жылы өтеді?
3.Біздің Қазақстан қай елмен таласқа түсті?
4.ЭКСПО - да жинаған дауыс?
5.ЭКСПО - ның тақырыбы.

-Балалар, енді топ аттарына байланысты қандай жоба ұсынар едіңдер?
( оқушылар өз топ аттарына байланысты өз жобаларын қорғайды, берілген уақыт ішінде)
Ой қозғау
3 мин Бұл кезеңде оқушыларға қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының компоненттерін айтқызамын.
1.Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2.Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3.Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
4.Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
5.Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
6.Көбейтудың терімділік қасиеті дегеніміз не?

Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
5 мин

Санды көбейтіндіге бөлу
( мұғалімнің түсіндіруі)

Тақтамен жұмыс



1-тапсырманы әр топтан оқушылар шығып түсіндіре отырып шығарады.
«Күн» тобы
48: (2*3)=48:6= 64:(4*2)=64:■=

«Жел» тобы
48:(2*3)=(48:2):3= 64:(4*2)=(■:■):■=

«Су » тобы
48:(2*3)=(48:3):2= 64:(4*2)=(■:■):■=
Дәптермен жұмыс
3 мин 2-тапсырманы топтар ішінде жұптық тапсырма ретінде дәптерге орындайды.
420:(2*3)= 360:(3*2= 59*(2*5)=
160:(4*10)= 720:(9*10)= 54*(5*2)=
810:(30*3)= 560:(10*8)= 25*(8*4)=
480:(20*4)= 630:(3*30)= 15*(9*4)=
Сергіту жаттығуы
2 мин Қимылмен берілген музыка арқылы оқушыларды билету

Шығармашылық тапсырма
10 мин Топтық жұмыс.
3-тапсырманы плакатқа сурет сала отырып топпен орындайды және қорғайды.
Топтық таныстырылым.
1.Көмірді әрқайсысына 5 тоннадан тиеп,7 машинамен жылу қазандығына тасыды.Әр машина 4 рет көмір жеткізді. Жылу қазандығына барлығы неше тонна көмір жеткізілді?
2.Тігін фабрикасында әр пальтоға 5 түймеден қадайды. Бір күнде 10 пальто тігіледі. 250 түйме неше күнге жетеді?
3.Бейнеплейердің қорабының көлемі 12дм3.Егер қораптың ұзындығы 4дм,ал ені 3дм болса, онда қораптың биіктігі нешеге тең?

Өзіндік жұмыс 5-тапсырманы оқушылар жеке-жеке орындау

1.643 пен белгісіз санның айырмасы 585 пен 5-тің бөліндісіне тең.
2.1200 бен ойлаған санның айырмасы 18 бен 6-ның көбейтіндісіне тең. Ойлаған санды тап.



Қорытынды 6-тапсырманы (ауызша орында)
1.Тәуліктің үштен бір бөлігінде адам ұйықтайды. Бір тәулікте адам неше сағат ұйықтайды?
2.Тәуліктің үштен бір бөлігінде адам ұйықтайды. Бір аптада адам неше сағат ұйықтайды?
3.Тәуліктің үштен бір бөлігін адам ұйқымен өткізеді,бұл оның жұмыста болатын уақытынан 1сағат кем. Бір күнде адам неше сағат жұмыста болады?

- Әр топ аттарына байланысты жобаларын 3 минутта қорғап шығады.
Бағалау
2мин Топтық бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау және топ көшбасшысының бағаларын салыстыра отырып қорытынды баға шығару.


Кері байланыс
2 мин Сабақ ұнады ма?
Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма?
Қандай ұсынысың бар?

Үй тапсырмасы 4-тапсырманы түсіндіре отырып үйге беріледі.
354252:10 873124:10
60341:100 405123:100
78003:1000 824900:1000
812496:10000 217000:10000
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.