.
.
Сыныбы: 8 сынып Пәні: Алгебра Күні: 13.11.2015ж Санды теңсіздіктер қасиеті
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1721 | Размер: | Автор: гостьСабақ тақырыбы Санды теңсіздіктер қасиеті
Сабақ мақсаты Теңсіздіктің ережесін пайдаланып ,санды теңсіздіктің қасиеттері арқылы есептің шешу жолдарының дағдысын қалыптастыру.
Табыс критериі - Теңсіздіктің ережесін түсінбегенсің және формулаларды дұрыс қолдана алмайсың.
- Санды теңсіздіктердің 6 қасиетін жатқа білесің бірақ мысалдарың өте әлсіз.
-Санды теңсіздіктің 3 қасиетін ғана есептерде қолдана аласың.
-Ережені қолданып ,санды теңсіздіктердің 6 қасиетін пайдаланып кез-келген есепті шеше аласың.
Әдіс -тәсілдер Тәсілі –жеке,жұппен,топпен. Әдісі-«Миға шабуыл», «ДЖИГСО» «,Тыңдап отырған үштік»
Негізгі дерек көздер.
(көрнекі құралдар) Геометриялық фигуралар.стикерлер,плакаттар маркерлер,бағалау парағы смайликтер.
Меңгерілген білім. Квадрат теңдеудің формуласы,теңсіздіктің ережесі,кез келген санның квадрат түбірін табуды біледі.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс-әректі
Кіріспе
1минут Шаттық шеңбері
«Амандасудың түрлері»
Мұғалім бірінші болып амандасады. Оқушылар өздері қалаған түрде бір бірімен амандасуды жалғастырады.
1минут Геометрялық фигура үшбұрыш және төртбұрыш қиындылары оқушыларға таратылады.Топ екіге бөлінеді топ ережесін сақтайды көшбашшы сайланады. Оқушылар фигураларға бірігіп екі топ құрайды.әр топ тапсырма бойынша ережесін сақтауға ұмтылады.
Топтар:Үшбұрыш Төртбұрыш
3 минут Үй жұмысын тексеру .Екі топ бір бірімен дәптерлерін ауысып үй жұмысын тексереді. Көшбасшы әрбір дұрыс есепке бір бал беріп отырады.
Таныстырылым 3 минут «Миға шабуыл » әдісі
Санды теңсіздіктің қасиеттері тақырыбын ребусты шешу арқылы ашады. Оқушылар ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Негізгі бөлім 12 минут Жаңа тақырып «ДЖИГСО»әдісі бойынша тақырыптағы санды теңсіздіктердің 3 –қасиетін бір топқа,3 қасиетін бір топқа беріледі.
І- топ 1,2,3 қасиеті
ІІ- топ 4,5,6 қасиеті
Тақырыпты оқып постерге жазып келесі топқа түсіндіріп береді.
Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап білім білік дағдыларын анықтап кері байланысқа шығады. Топтағы оқушылар қасиетін қарастырып ,бірге отырып талқылап постерге мысалдармен түсіндіреді.Топтағы көшбасшы басқаларға бағыт беріп отырады топтық талқыға салады ойланады өзгелерді тыңдай отырып өз білімін толықтырады,ізденеді.
1-қасиет а<в және в<с болса онда а <с
болады.
2- қасиет а<в болса онда кез келген с үшін а+с<в+с болады.
3 -қасиет а+с <в теңсіздіктің екі жағында –с қосу жеткілікті .
4-қасиет егер а>в және с>0 болса онда ас>вс теңсіздігі ол с<0 ас<вс болады.
5- қасиет а>в с>0 онда а/с>в/с теңсіздігі с<0 болғанда а/с<в/с
6- қасиет а>в>с с>d>0 болса ас>вd
3 минут Сергіту сәті
33-ке дейінгі 3 ке бөлінетін сан. 33 ке бөлінетін санды атамай қол соғу қажет.
5 минут «Тыңдап отырған үштік »әдісі арқылы оқушылар қиылған формуланы біріктіреді,формуланың атын табады,формуланың элементтерін таныстырады.
D=b^2-4ac
x_1.2=(-b±√D)/(2 a)
Оқушылар үшеуден бірігеді біріншісі формуланы біріктіреді екінші оқушы формуланың атын айтады ,үшінші оқушы формуладағы эементтердің мағанасын түсіндіреді.
10минут Ой толғаныс . жеке жұмыс. Интерактив тақта арқылы тест тапсырма көрсетіледі Оқушылар топта есепті шешіп көшбасшы бағалайды.
2 минут Өзін –өзі бағалау.Стикер арқылы оқушылар табыс критериіне өздері қай деңгейде тұрғандығын смаликтер арқылы бағалайды. Қолдарындағы смайликтерді табыс критерине жабыстырады.
Қортынды 3 минут Бағалау .
Топ көшбасшылары топ мүшелерін бағалайды.
Тапсырмаларды орындауын және табыс критериіндегі формативті бағаларды ескеріп журналға сумативті баға қойылады.
Рефлексия 1-минут Стикер арқылы оқушылар пікірін білдіреді.
Сабақ несімен қызық болды?
Бүгін не үйрендің ?
Не білгің келеді? Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып іледі.
Үй тапсырмасы 1 минут. №521есепті шығару Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.