Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-тендік. Логарифмнің қасиеттері. -

Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-тендік. Логарифмнің қасиеттері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1461 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-тендік. Логарифмнің қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
А) Логарифмдік тепе-тендіктерді,қасиеттерді тиімді пайдалануда және санның логарифмін табуда оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру ;
Ә) Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қаблетін дамыту, іскерлік білімдерін,дағдыларын қалыптастыру;
Б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта,компьютер,бағалау парағы,карточкалар.
Сабақтын түрі: Білім мен дағдыны қорытындалау, жүйелеу сабағы.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
А)Логарифмдік функция тарихина шолу.
Б)Логарифмдік функция қасиеттері.
3. Ой қозғау.
4.Лагорифмдер эстафетасы.
5.Оқулықпен жұмыс.
6.Шығармашылық жұмыс.(күрделі жаттығу).
7. Ой толғаныс «Шапшандылық».
8 . Қызығушылықты ояту
9.Бекіту.
10.Үйге тапсырма.
1.Ұйымдастыру.
Бүгін сендерге «Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-тендік. Логарифмнің қасиеттері »тақырыбы бойынша өз білімдеріңді тексеріп бағалауды ұсынамын. Сабағымыздың мақсаты осы Логарифмдік функция тақырыбы бойынша алған білімдеріңді тереңдету.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парағына белгілеп бағалаңдар.
Өздерің білесіңдер биыл 2011жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз »деген жолдауы жарияланғанын. Осы болашақтың іргесін қалайтын білімді ұрпақ ,мына өздеріңсіңдер.Сендердің алдарыңда өз математикалық білімдеріңді жетілдіру мақсаты тұр. Себебі мемлекет алға басуда техникалық бағытты ұстануда,ал оның құраушысы математика екені белгілі.Бүгінгі сабағымызды біз осы жолдауға байланысты өткізбекпіз.Сабағымыздың әр бөліміне жолдаудан алынған сөздерді ұран етіп алмақпыз .
Біз 1-ші бөлімімізді «Болашақтың тұтқасы білімді ұрпақ қолында деген ұранмен бастасақ.Бұл бөлім өткенге шолу.
1.Логарифмдік функция тарихына шолу.(1-оқушы айтып шығады)
2.Логарифмдік функция қасиеттеріне шолу.
Елбасымыз 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында:
«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады»-деген.
Осы діттеген межеге біз неше жылда жеттік? (13 жылда)
Қандай себептердің арқасында жеттік? (56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит және 7-ші Қысқы Азиада олимпиадасы, Сарарқаның сайын даласына салынған Астана, қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болуы.)
2-ші бөлімімізді «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады»-деген ұранмен жалғастырайық.

3.Ой қозғау
Мағнасы болатын өрнектерді тап
Log 5 =
Log1/3 (3- )
Log1 7=
log2 (-4)=
log5 1=
Өрнектің мағынасы болу үшін қандай шарт орындалуы қажет?
3-ші бөлімімізді «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады»-деген ұранмен жалғастырайық.
ЛОГАРИФМДЕР ЭСТАФЕТАСЫ
(Әр топтан бір-бір оқушы шығып сайысады).
1- топ 2-топ
Log51= log2 16=
Log525= log381=
Log0,20,04= log7343=
2log215 = 3log34 =
5log52+3= 71+log77=
Lg0,01= 7-log74=
25log52= lg10=
Log183+log186= log27-log263+log29=
Log75-log735= log52-log510=
«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс » ,-деген ұранмен оқулықпен жұмыс жасайық.
Оқулықтан №230 есепті орындау.
«Білімді мыңды жығар,білікті бірді жығар» деген ұранмен шығармашылық жұмысқа кезек берейік
5.Қызығушылықты ояту (шығармашылық жұмыс)

Карточка№1
-
Карточка№2
25 +49 =
6.Ой толғаныс«Шапшандық»(жарты оқушы компъютерде денгейлік тест орындайды, жартысы өзіндік жұмыс орындайды. Бағалауды комьпютер орындайды).
Деңгейлік тест тапсырмасы
1-нұсқа
А-дуңгейі
1. х-ті тап log9x=1/2
А.81 В.+-3
С.3 Д.-3
2.Есепте:log√636
А.6 В.4
С.36 Д.басқа жауап
3.Есепте:71+log74
А.28 В.14
С.42 Д.7
В-деңгейі
4.Есепте:log14log4log√525
А.1 В.0
С.5 Д.11
5.Анықталу облысын тап:y=1/log5(x-6)+√8-x
А.(7;8] B.[7;8)
C.[7;8] Д.(7;8)
11-нұсқа
А-деңгейі
1.log525
А.1/2 В.2
С.5 Д.басқа жауап
2.Анықталу облысын тап:y=log7(10-x)
A.(10;+∞) B.(-∞;10]
C.[10;+∞) Д,(-∞;10)
В-деңгейі
3.Есепте:41+1/2log25
А.4√5 В.20
С.8 Д.5
4.Ықшамда:(251/log75-61+1/log46)1/2
А.2 В.3
С.4 Д.5
5.lg2=a lg7=b болса,lg56-?
А.3в+3а В.3а+в
С.в+2а Д.2а+2в
Өзіндік жұмыс
“5”-9балл,”4”-7-8балл,”3”-5-6 балл
1.Есепте:log3243 (2балл)
2.х-ті тап:log3x=-1 (1балл)
3.х-ті тап:logx81=4 (1балл)
4.Анықталу облысын тап:y=log2(x2-6x+8) (3балл)
5.Салыстырыңдар:
Log37 және log35
Log1/37 және log1/35 (2балл)
Шешімдері:
1.5
2.1/3
3.3
4.xс(-∞;2)U(4;+∞)
5.log37 >log35
log1/37<log1/35
Бекіту:
-Балалар Елбасымыздың Жарлығымен биылғы жыл қандай жыл деп жарияланды? (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы)
Осы мерей тойымыздың ұраны қандай? (Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы)
Келесі тапсырмада жұлдызшаның орнына тендік тура болатындай белгісіз санды тапсақ Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының қалыптасқан арқаулық құндылықтарымен танысатын боласыңдар
4..Миға шабуыл. (Оқушыларға ауызша тапсырма беріледі).
Log2*= 5 (Бостандық)

log161=*(Тұрақтылық)

Log*25=2 (Бірлік)

πlogπ*=1,2(Өркендеу)
Сонымен балалар мен сабағымызды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы мына сөздермен аяқтағым келеді:
«Алдымызда атқарылар қыруар істер бар.
Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз-берекелі бірлігіміз.
Мен ауызбірлік айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа , шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін».
Үйге тапсырма: тестер жинағынан логарифмдік функция қасиеттеріне есеп шығарып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.