.
.
Пәні: Сауат ашу Сауат ашу. Қайталау
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3588 | Размер: | Автор: гостьТақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау.
1. Дыбыс, әріп, буын,сөз, сөйлем туралы түсініктерін тиянақтау. Сөзді буындап, тұтас оқу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.
2. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
3. Оқушылардың таным қабілеттерін , байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жұма
Жұма күні сәтті болсын,
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық ,
Үлкендерді сыйлайық.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
2 . Өткен әріптерді қайталау.
1.«Қар үйіндісі» ойыны
- Қардан нелер жасауға болады?
- Аққала, т.б.
- Ендеше, аққала жасайық. Ол үшін қардың тапсырмаларын дұрыс орындайық.
Оқушылар алдарына қар қиындылары беріледі. Сол қардағы жазылған әріптерді атап, дыбыс түріне ажыратады.
Осы әріптен басталатын сөз ойлап айт.
- Дыбыс дегеніміз?
- Әріп дегеніміз?
- Буын дегеніміз?
- Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыстарды қалай ажыратуға болады?
2.Көркем жазу минуты
Аққала аққала аққала
2. Жұптық жұмыс
- Қыс мезгіліндегі қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Жұмбақ
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
- Ендеше, жұбымызбен бірге шаңғы тебеміз.
Тапсырма.
Буындардан сөз құрау.
1. Ұш 2. Қыш
3 жа 4. Рыс
- Сөзде неше әріп, неше дыбыс , буын бар.
- Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.
4.Тақтамен жұмыс
Сөздерді тақтаға жазғызу.
5 Жұмбақ.
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге
6.«Сөз ойла, тез ойла»
Сағат- тарақ- қала- алма
7. Мәтінмен жұмыс Тізбек бойынша оқыту.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
«Қар » «Қыс» «Аққала»
- Мәтін не туралы айтылған?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
8. Топтық жұмыс
1. Адасқан әріптер
А ш а н - р а қ- л м а а –
2. Сөйлемді көшіріп жаз
Қыс келді. Қар жауды. Мұз қатты.
3. Жоғалған әріпті тап.
Жуса......, ...дыс, ...... па, тағ......, бұза....
4. Суретті жұмбақ
5. Не ? Нелер?
Қозы- қозы....
Әріп- әріп.......
Сергіту сәті.
- Балалар осы қыс мезгілінде тонын ауыстыратын қандай жануарды білесіңдер? Не себепті ауыстырады екен деп ойлайсыңдар?
«Сұр қоян» өлеңін қимылмен көрсету.
Суретті диктант
Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Жаңа жылда не күтесіңдер?
Балаларды мадақтап сыйлықтар тарату.
Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп- гимназисы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.