Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сауықтыру  базасы: «Денсаулық жазығы». -

Сауықтыру базасы: «Денсаулық жазығы».

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1586 | Размер: | Автор: гость
. Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімдері: «Шымырбектің денсаулық сатылары» профильді бағдарлама
Тақырыбы: Сауықтыру базасы: «Денсаулық жазығы».
Мақсаты: балалардың бойына денсаулықтың адам өміріндегі құндылық екенін түсіндіру және денсаулығын күтуге ынтасын жетілдіру. Денсаулықтың қимылмен,шынығумен байланысты екенін қалыптастыру. Дұрыс тамақтануына мақал-мәтелдер, мысалдар арқылы ықпал ету. Танымдылық қызығушылығын, ойлау қабілетін, қимылын дамыту. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: ойын-сабақ
Қостілдік құрауыш: денсаулық-здоровье , арал-остров

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші педагогтың әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық, оятушылық кезеңі Қызықты бой жазу жаттығуы:
Әзір титтей бойымыз
Әзір балаң ойымыз
Қиындықтан қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Иілеміз оңға бір
Иілеміз солға бір
Мойнымызды бұрамыз
Қолымызды созамыз
Аяқтармен топ-топ басып
Орнымызды табамыз.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды
Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезеңі
Тосын сәт –видео хат.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені таныдыңдар ма мен дәрігер Саулықбек. Мен сендерге «Денсаулық пен спорт атты сауықтыру базасындағы «Денсаулық жазығында » көптеген жылдар бойы «Денсаулық гүлі» өскен, ол барлық балалардың денсаулығын жақсартып, қадағалап отырады, бірақ та зұлым профессор «Микроб», сол гүлдің өскен жерін біліп алып, сол гүлді біздің әсем бақшамыздан жұлып алып, күлтешелерін әр жерге шашып тастаған. Егерде біз сол гүлдің күлтешелерін тауып бірін жинамасақ, барлық балалар ауыра бастайды.
«Микроб» профессордың дауысы: ха-ха-ха дұрыс айтасың Саулықбек ,енді балаларыңның барлығы ауырады, және оларды ешкім емдей алмайды ол сиқырлы емдік гүлден басқа ха-ха-ха .Ол үшін сендер мен жасырған күлтешелерді табыңдар, бірақ ол сендердің қолдарынан келмейді. Сендер «Денсаулық жазығын» құтқара алмайсыңдар.
Т: Денсаулық-здоровье , арал-остров деп
Сол сәтте көмекке Шымырбек келеді.
Шымырбек : Балалар, біз тездетіп «Денсаулық жазығындағы» халыққа көмектесуіміз қажет.
Шымырбек: Жарайсыңдар, балалар. Көрейікші бұл жазықта гүлдің қандай күлтешелері қалып қойыпты?
қараңдар ,«Шынығу күлтешесі».
-Ал, шынығу дегеніміз не, ол қалай орындалады? Ағзаны не үшін шынықтыру қажет?
Шымырбек: Ал, шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, әлде бұрыс па?»
-Микробты ағзаға кіргізбеу үшін үнемі қолды таза сумен жуу, тазалықты ұстану керек.
-Ауруға жол бермеу үшін, таңнан кешке дейін ұйықтау керек?
-Мықты, епті, икемді болғын келсе спортпен дос болу қажет
-Қыста көп ауырмау үшін көп қар мен мұз жеу керек –
Шымырбек: Жарайсыңдар, біз «шынығу күлтешенің» тапсырмаларын орындадық. Қараңдар, мына жерде «Тамақтану күлтешесі» жатыр. СӨС ұстану үшін шынығу ғана көмектесе алмайды, бізге дұрыс тамақтану да керек.
Дидактикалық ойын: «Пайдалы ма, әлде зиян ба?»
Қағаз бетінде түрлі тағам түрлері тұрады: көкөністер, конфет, жеміс, чипсы, сүт, газ суы, балық, балмұздақ, жұмыртқа , қара нан.
-Енді балалар ракетаға отырып басқа күлтешелерді тауып, тапсырмаларды орындап келейік.
Тыныс алу және дыбыстық жаттығу: «Ракетаның ұшуы». «У» дыбысын шығарып, алыс-жақын шыққан дыбысын шығару.
Шымырбек: Міне, балалар біз «Кірқожалақтар» жазығына келдік. Бұл жерде профессор «Микроб» күлтешенің біреуін жасырып қойыпты. Бұл жерде жалаң аяқ жүру керек екен, ол тұрғындардың шарты. Шұлықтарымызды шешіп жазыққа кіріп күлтешенің біреуін тауып алайық.
-Біз орман ішінен жүреміз – тізені жоғары көтеріп жүру, тасты жолдармен жүру, құлап жатқан бөренелерді аттап өтейік, тастан-тасқа секіріп жүрейік.
Шымырбек: Сендер орман ішінен жүреміз деп шаршаған боларсыңдар, мен сендерге күштеріңді қайта қалпына келтіру бой жазу жаттығуын білемін:
Қиындықтан қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз
Еркін ұстап денені
Тарсылдатпай еденді
Орнымызда тұрып- ап, Жүгірейік бір уақыт
1,2,3-1,2,3
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық
Жүгірейік бір уақыт
1,2,3-1,2,3
Бойға жинап күш.
-Күш жинап алдыңдар. Енді ары қарай жүрейік.
-Балалар, бұл не? –шашылған кәмпит қағаздары, беті кір қуыршақтар. Осы лас жердің бір жерінде күлтеше тығылып жату керек.
-Осылай кір, лас тұруға бола ма?
-Профессорға көрсетейікші біз оны жене алатынымызды.
Саусақ гимнастикасы:
Кім тісті тазаламайды

Қолды сабынмен жумайды
Сол аурушан, нәзік болып өседі
Қожалақпен тек дос болар
Еріншек пен жалқаулар.

-Балалар біздің ақылымызды тыңдап кірқожалақтар бізге «Тазалық» күлтешесін тастап кетіпті. Біз дұрыс айттық па, «тазалық – саулық кепілі».
Шымырбек: Балалар, келесі күлтешені алу үшін біз конверттегі суретті табанымызбен, башпайларымызбен салу керек екенбіз.
Шымырбек: Профессор «Микробқа» біздің суреттеріміз ұнап , ол бізге келесі күлтешені беріп тұр. «Аурудың алдын-алу» күлтешесі.
Видео хат: Профессор «Микроб» балалардан кешірім сұрап «Ойын» күлтешесін береді.
Қимылды ойын: «Микробты ортадан қу». Кім женетіні көрейік «Ауру-микроб па», әлде «СӨС – денсаулық па?».
Профессор: Балалар енді осы «Денсаулық жазығындағы «денсаулық гүлін», оларды қатты тымаудан сақтап қалыңдар. Сендер де салауатты өмір салтын ұстанбай, спортпен айналыспай жүрсеңдер мен сендерге өз аралымнан қайта оралып келемін.
-Балалар күлтешелерді тұрғындарға ракетаға салып беріп жіберейік.
Денсаулық жазығының тұрғындары балаларға алғысын айтып денсаулық гүлінің бір кішкентай өсіндігін береді.
Психогимнастика: «Денсаулық гүлін иіскеу» Балалар хатты мұқият тыңдайды.

денсаулық-здоровье , арал-остров деп қайталайды

балалар Шымырбекпен амандасады.

-әрине көмектесеміз.

-гүлдің күлтешелерін іздейді

Балалар алаңнан «шынығу»күлтешесін табады.
-Шынығу арқылы адамның ағзасындағы аурудың алдын алу қызметі жетілдіріледі. Шыныққан адам көп ауруға төтеп береді.
-Суық сумен, таза ауамен, күнмен шынығу. Дене жаттығуларын уақытылы орындау, жүгіру, секіру, дәрумендерді қабылдау.

– дұрыс

–бұрыс

- дұрыс

- бұрыс

Балалар қатты қуанады.



Балалар пайдалы ас түрлерін жасыл маркермен айналдыра сызып шығады, және неліктен екенін түсіндіреді.

Балалар тыныс алу жаттығуын орындайды.

Көздерін жұмып-ашып «кірқожалақтар жазығына» келеді.

Балалар шұлықтарын шешіп, жалаң аяқ жүреді.
Балалардың алдынан үйшік көрінеді, ішінен балалар «Денсаулық пен спорт» күлтешесін тауып алады.

Жаттығуды орындайды

Балалар таң қалады

-Жоқ, кір болып жүрген адам көп ауырады.

-әр саусақты бас бармақпен амандастыру

-саусақпен кішкентай баланы көрсетеді,
-саусақтарды жұдырыққа жинау.

-Балалар кемпірқосақ, күннің бейнесін салады.

Балалар таң қалып видеоны тамашалайды

Екі бала- бірі микроб, екіншісі –СӨС. Екеуі шеңбер ішінде тұрып, арқанды арқаға байлап тартысады.

Балалар гүлдің күлтешелерін ракетаға салады

Балалар дем алып, тынығады.
Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі

-Балалар, енді ракетамызға отырып өз балабақшамызға қайтайық.
-Біз қандай жазыққа көмектестік?
-Денсаулық жазығының гүлі қалай аталады?
Қандай күлтешелерді тауып алдық?

Қоштасу сәті:
Біздің топтың ұл-қыздары
Тату-тәтті ойнайды
Айналаға, бар адамға
Тек денсаулық тілейміз.
Барлығымыз тазалықты сүйеміз
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз
Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

Балалар орындықтарға отырады.
–денсаулық жазығының тұрғындарына.
-денсаулық гүлі

Балалар ауып алған күлтешелерін атап шығады.

Өлең жолдарын қайталап, орындарына отырады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаттығулардың адам денсаулығына маңызын.
Меңгереді: тыныс алу жаттығуларын, ойындардың дұрыс орындау шарттарымен танысады.
Жасай алады: тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.