Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Ибадуллаев Сайфулла Абибуллаұлы
ОҚО, Сарыағаш ауданы Бозай ауылы
№129 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі
Білімі жоғары. Бірінші санатты мұғалім.

Сабақтың тақырыбы: «Scary things»
Ағылшын тілі 5 cынып

Жаңа сабақтың технологиялық картасы.

Сабақтың тақырыбы Unit 5. My world. Step 3. Scary things.

Сілтеме Оқулық (Messages 1), жоспар, Student’s Book,
Workbook, Teacher’s Resource Pack,
Audio CD/CD - ROM



Жалпы мақсаттар Оқушылардың білімін, танымдық белсенділігін арттыру, Present Simple шағында сұрақтар қою үшін жоба жасап қорғайды, ол білімді іс жүзінде дұрыс қолдана білуге әрекеттенеді.
Ұжымдаса отырып Present Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрлерінің жасалуы мен қолданылуын талдайды, шешім қабылдайды, топтаса отырып жұмыс істеуге машықтанады.



Оқыту нәтижесі Ағылшын шақтарын өзара ажыратып, ауызекі тілде оларды еркін пайдалануға машықтанады, оқушының танымы кеңейіп, сын тұрғысынан ойлау тапсырмалары арқылы ойлау қабілеті артады. Present Simple шағымен сұраулы сөйлем құрастырады, ерекшелігін үйренеді, топта жұмыс жасай алу қабілеті дамиды, өзара силастыққа дағдыланады.
Оқушылар өздері ұнататын және ұнатпайтын
нәрселер туралы сөйлеуге дағдыланады.

Негізгі идеялар Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқу, жазу, тыңдап түсіну әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақ түрі,
оқыту әдістері Жаңа сабақ. Оқытудағы жаңа әдістер.
СТО. Диалогтік оқыту
(жұптық, топтық жұмыстар)

Дереккөздер Ғаламтор көздерінен алынған мәліметтер,
суреттер, оқулық, сөздік, электронды оқулық,
Power Point–тегі презентациялық көрсетілім.




Тапсырмалар 1. Presentation. Do you like heights?
2. Key grammar. Present Simple: questions and
short answers.
3. Practice.
4. Speaking.
5. Key vocabulary. Scary things.
6. Listening. Song.
7. Writing and speaking. A questionnaire.

Кейінгі тапсырма Үй тапсырмасы. «Scary things» тақырыбына эссе жазу. Басқа әріптестермен пікірлесу.

Cабақ барысы:

Сабақ
кезеңдері
Мұғалімнің іс–әрекеті
Оқушының іс–әрекеті


Кіріспе
( 1 мин.) • Сәлемдесу, көңіл күйлерін
сұрау
• Оқушыларды түгелдеу
• Бағалау парақшаларын тарату
• Қызығушылығын ояту • Сәлемдеседі, көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
• Кезекші жауап береді
• Сұрақтарға жауап береді

Оқушыларға психологиялық
ахуал туғызу
( 2 мин.) Оқушыларды 4 топқа бөлу үшін әрбір оқушыға құпиялы конверт беріледі. Оны ашу үшін оқушылар сыртында берілген сөзбен дұрыс сөйлем құрастыруы керек, сонда ғана олар конвертті ашып, ішіндегі кеспеқағаздың түсіне қарай сол түске сай топқа барып жиналады және ішіндегі тосын сыйды (кәмпит) алады. Осы арқылы кездейсоқ топқа жиналады. Әрбір түстегі топ белгілі бір грамматикалық тақырыпқа негізделген.



Оқушылар қолдарындағы конвертте берілген сөзбен жақсы сөйлем құрастырып, түске сәйкес топқа жиналып, сол оқушылармен осылайша топ құрады және тосын сыйды алады.
Сабақтың басынан көтеріңкі көңіл күйге бөленеді.
Үй
тапсырмасын
сұрау
( 5 мин.)
Workbook. Exercises 1–7.
Pages 26 – 27.
Бес оқушыдан ауызша сұрау. Оқушылар үйде орындаған жаттығуларды
оқиды, талдайды,
дәлелдейді.
Бір–біріне сұрақ қояды.


Жаңа
сөздерді
меңгеру
( 2 мин.)
Экранда жаңа сөздерді көрсетеді. Оларды оқып, айтып, қайталап, тыңдап, жазады.
(«Жазу, оқу, айту» тәсілін қолдану) Тыңдайды, қайталайды.
Сөздерді сөздік дәптерге жазып, транскрипция жасайды. (жұптық жұмыс).
Есте сақтау қабілетті дамыту үшін бір оқушы тақтаға бормен жаңа сөздерді жазып шығады.


Жаңа сабақ
материалын
меңгеру
(13 мин.) Жаңа сабақ Present Simple шағының questions and short answers құрылымының жасалуы мен қолданылуына арналады. Оқушыларға жаңа сабақ «жеңілден ауырға» әдісі бойынша түсіндіріледі, яғни интербелсенді тақтада түрлі мысалдарды талқылау арқылы оқушылар өздері Present Simple
шағының сұраулы және қысқа жауаптарының ережесін шығарады.
( Student’s Book. Page 52.)
Key grammar.

Оқушылар өз топтарында ақылдаса отырып, сілтемелерді шешуге тырысады. Өзара тапсырмаларды бөлісіп, мәселені шешуге тырысады. Осылайша ынтымақтастығы артады, сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады.

Топтық
тапсырмалар,
постер қорғау
(12 мин.) • Listening. Song
a) Listen to the song. Choose a title.
(Ask students to turn to the song words on page 144 Student’s Book.)
b) Listen again. Complete these sentences from the song.
Шағын топтағы оқушылардың белсенділік деңгейін анықтау үшін постер қорғау тапсырмасы беріледі:
– Children can you to give me a few examples of horror films, funny films, comics etc.
немесе
– Сan you to describe people’s most common fears? Оқушылар музыкаға ілесе отырып, ән орындайды. Берілген жаттығудағы қалып кеткен сөздерді ән тыңдау арқылы толықтырып жазады.

Постер қорғау тапсырмасын орындау барысында топ мүшелерінің барлығы жұмысқа қамтылдады.

Сергіту сәті
(1 мин.) Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға арнайы «сергіту сәтіне» арналған ағылшын тілінде айту арқылы орындайтын жаттығуларды қояды. Балалар
– тыңдайды,
– қайталайды,
– жаттығуды
орындайды.


Қорытынды
бөлім
( 4 мин.) Сабақ барысындағы материалды бекіту үшін интербелсенді тақта арқылы оқушыларға СД дисктен
5.5 «Scary things» ойынын
ойнатады
Find the words by clicking on
the letters in the box.
Оқушылар әріптерді шерту арқылы сөздерді
табады. Әр топ өздеріне көп ұпай жинауға әрекет жасайды.


Бағалау
( 2 мин.) Мұғалім алдын–ала оқушылармен санаса отырып дайындалған бағалау критериялары бойынша жұмыс істеуді ұсынады:
– сұрақ – жауап,
– қатесіз жазу,
– топтық тапсырма,
– грамматикалық ережелерді
түсіне білу,
– тыңдап түсіне алу,
– қорытынды баға.
Формативті және суммативті
бағалау.

Бағалауды көшбасшы
жүргізеді.
Түрлі бағалау формалары
қолданылады:
– өзін өзі бағалау,
– достарын бағалау,
– топты бағалау,
– жалпы бағалау.




Рефлексия
( 2 мин.) Оқушылармен кері байланыс
жасайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін мынадай сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс жасайды:
• Маған не ұнады?
• Маған не әсер етті?
• Менің қандай тілегім бар, яғни
нені өзгертуге ұсыныс жасар
едім?
Осы ойларын «Help me»
дәптеріне жазып кетеді.

Оқушылар өз ойларын
жазып, әсерлерімен
бөліседі.

Үй
жұмысына
нұсқау беру
( 1 мин.) Үй тапсырмасын қалай орындау
тәсілдерін түсіндіреді.
Workbook. Exercises 1–7.
Pages 28 –29.
«Scary things» тақырыбына эссе
жазу.
Күнделіктерін ашып,
жазады.
Бағаларын күнделіктеріне
қойдыртады.

Қосымша материалдар:

PATTERN DRILLS

Unit 5. Step 1.
Present Simple: third person s
Sadie and her friend Lisa are similar in a lot of ways. Listen to Sadie, then make sentences about Lisa.
For example:
I like horror films.
Lisa likes horror films too.

I play tennis.
Lisa plays tennis too.

I love pizza.
Lisa loves pizza too.

I talk a lot.
Lisa talks a lot too.

I believe in ghosts.
Lisa believes in ghosts too.

I go the judo club.
Lisa goes to the judo club too.

Unit 5. Step 2.
1. Present Simple: questions
Listen to the example, then ask more questions.

ghosts Do you believe in ghosts?
aliens Do you believe in aliens?
UFOs Do you believe in UFOs?
vampires Do you believe in vampires?
Father Christmas
Do you believe in Father Christmas?

2. Present Simple: questions and short answers
Listen to the example, then answer the questions.
• Do Joe and Sadie live in Exeter?
Yes, they do.
• Does Jack live in Exeter?
Yes, he does.
• Does he play in Joe’s band?
No, he doesn’t.
• Does he go to school with Sadie?
Yes, he does.
• Do they walk to school?
No, they don’t.
• Do they go on the bus?
Yes, they do.

Сертификатты мына мекенжайға жіберуіңізді өтінемін:
160900 ЮКО г. Сарыагаш
Главпочтамп
До востребования
Ибадуллаеву Сайфулле Абибуллаевичу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.