.
.
Батыс Қазақстан облысы Сенің денсаулығың – Отан байлығы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1236 | Размер: | Автор: гостьЖаңақала ауданы Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ бастауыш сынып мұғалімі
Қаденова Асылгүл Қанатқызы
Тақырыбы: « Сенің денсаулығың – Отан байлығы »
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жүруге, гигиена ережелерін пайдалануға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сахналық көрініс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Кіріспе әңгіме жүргізу
«Сенің денсаулығың – отан байлығы» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса, бәрі болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Жан-адамның , ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың жаны да сау. Сондықтан, әрбір оқушы өз денсаулығына саналы, жауапты қарап, сақтау керек.
1-оқушы:
Денсаулық- ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
2-оқушы:
Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Кикілжің, ренішті
Білмейді арамыз.
4-оқушы:
Істердің бәрін де,
Келісіп аламыз.
Адал да, әділ де,
Сенімді баламыз.
5-оқушы:
Жан сезімің өзіңнің
Көңіл-күйің сезімің.
Денсаулыққа жағымды,
Көңілі шат, қуаныш,
Сезімді рахат, жұбаныш.
6-оқушы:
Үйде жоқ анашым,
Үйде жоқ папашым.
Жинадым төсекті,
Киімді шашпадым.
Үйді де жинаймын,
Себебі анамды
Мен өте сыйлаймын.
Мұғалім: Ал, балалар, дәрумендер (дәрумендер) туралы кім не білер екен? Қандай дәрумен қай тағамда кездеседі екен?
1-оқушы: «А» дәрумені асқабақта, өрікте және салаттарда болады.
2-оқушы: Ал «Б» дәрумені болса балық, картоп, сиыр еті, жаңғақ сияқты тағамдарда кездеседі.
3-оқушы: «С» дәрумені қарақат, алмұрт тағы басқа көптеген жемістерде кездеседі.
1-оқушы: Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкейсің.
Кетіп кір-ласың
Тап-таза боласың.
(сабын)
2-оқушы: Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар.
(тарақ)
3-оқушы: Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
4-оқушы: Уай, біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үңілдік.
Көрініс
Тіс ауруы мен кәмпит.
Бір қолтырауын болыпты. Ол тәттіге сондай құмар екен. Бірақ кәмпитті көп жеген оның бір күні тісі қатты ауырып, қиналса керек.
Қолтырауын: Ой, тісім қақсап барады. Жанымды қоятын жер жоқ.
Қолтырауын дауыстап жылайды. Оның даусын естіп, тоты құс келеді.
Тоты құс: Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты! Қолтырауынға не болған? Кім оны ренжітті? Қолтырауын саған не болды?
Жылама!
Қолтырауын одан сайын жылайды. Оған енді маймыл келеді.
Маймыл: Не болды, жасыма, айтшы өзің?
Неліктен ісінген бас—көзің?
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп,
Тұрмысың намыстан қорланып, егіліп?
Қолтырауын: Жоқ, мен ешкіммен күрескен жоқпын. Тісім ауырып жылап отырмын. Енді не істеймін? Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Маймыл мен тоты құс қосылып: Айболит атаны шақырайық.
Айболит атамыз бәрін де емдейді,
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді Айболит атамыз,
Айтыңдар, қанеки, оған кім тең келмейді?
Маймыл мен тоты құс Айболит дәрігерді алып келеді.
Айболит:
Бір сәтке тойынар тәп-тәтті кәмпит үшін,
Тәртіпті бұзыпсың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ!
Тәртіп те керек қой, білсеңші жан үшін.
Қане аузыңды аш, көрейік!
Айболит қолтырауынның тісін емдейді. Қолтырауын сауығып, рахметін айтады.
Айболит:
Кәмпит жесең көбірек,
Тісің жүрер мазалап.
Не жесең де күніне ,
Екі рет жу тазалап.
Қолтырауын: Балалар, тістеріңді күнде жуып, жүріңдер.
1-оқушы:
Ішсең де айран, жалғыз шай,
Тамақтан соң ауыз шай.
Мұғалім: Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Тазалық-денсаулық кепілі.
* * *
Теледидар қарама,
Көзің талар.
Сағыз шайнама,
Аузың тозар.
* * *
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
* * *
Әуелгі байлық-денсаулық
* * *
Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық егізі.
* * *
Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Сергіту жаттығулары
Көжектерім,тұршы,
Беттеріңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Сабағыңды оқышы,
Орныңа отыршы.
Мұғалім: Балалар, енді біз ойын ойнайық. Ойынымыз «Иісіне қарай ажырат» деп аталады.
Ойын барысы: Оқушылар көздерін жұмып, таныс иісті ажырату керек. Оқушының мұрнына әртүрлі нәрселерді иіскетіп, иіс сезу қабілетін тексереді. 1-топқа-алма, 2-топқа-пияз, 3-топқа апельсинді иіскетеді.
Мұғалім: Екінші ойынымыз «Кім жылдам?» деп аталады.
Ойын барысы: Бөлшектелген сурет қиқымдарынан әр түрлі аң, жан-жануар, адам бейнелерін тез құрастыру.
Сабақты қорыту:
Денсаулық-тазалық, ұқыптылық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, ерте тұру, т.б.
Мұғалім: Денсаулық кепілі-ұқыптылық, тазалық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу. Олай болса «Сенің денсаулығың-отан байлығы» деген мақалдың мәні осынды жатса керек. Байлығымызды сақтап, оны жоғалтудан қорғайық. Еліміздің болашағы да дендері сау азаматтардың қолында. Сондықтан келешегімізді сақтай білейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.