Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сенімділік күш береді -

Сенімділік күш береді

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1521 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Сенімділік күш береді»
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ке психологиялық тұрғыдан дайындау, өз-өзіне деген сенімділігн артыру.

Қатысушылар: 11-ші сынып. Мектеп бітіруші сыныптар.

1. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысущылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;

Жаттығу барысы

Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 2 топқа бөліну ұсынылады: Екі топ бір біріне қарама-қарсы тұрып бір-бірімен мимика яғни үнсіз түрлі сәлемдесу тісілімен жағдай сұрасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

2. «Менің көңіл-күйім қандай» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының сабаққа келген кездегі көңіл-күйін анықтау.
Психолог: Сәлемдесіп алдық, енді сабағымызды бастамас бұрын қазіргі көңіл-күйіміздің қандай екенін анықтап алайық. Ол үшін мына көрсетілген түстерден өз көңіл-күйімізге жақын түсті таңдаймыз.
Интерпретаця
• Алқызыл- ұнамды көңіл-күй
• Ақ- анықталмаған көңіл-күй
• Қызыл – қуанышты көңіл-күй
• Көк-суық көңіл-күй
• Қоңыр – қиналған көңіл-күй
• Күлгін- алаңдаушы көңіл-күй
• Қара- күш- қуатытың төмендеуі
• Сары- жағымды көңіл-күй
Психолог: Сенім- адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірбиесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Сенімділік әрқашан адам бойына күш-қуат береді. Өз-өзіне сенімді адам ғана кез-келген қиындықта жол таба біледі.

2. Жаттығу «Молекула»
Мақсаты: Оқушылардың өзін еркін сезінуге және бір-бірімен қарым – қатынасын нығайту.

Жаттығу барысы

Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.

3. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.

Жаттығу барысы

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Талдау.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көргеніме қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығу «Сілкіп таста»
Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділік орнату.
Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз өзімізге көп күш жұмсайтын ауырлықты көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалады. «ҰБТ-ке жақсы дайындала алмаймын», «Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберемін» деген сияқты. Ендеше сол қасиеттерден арылу үшін келесі жаттығуды ұсынамын.
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, қолымызды жоғары көтеріп, алақанымызды сілкілейміз, білегіңізді сілкілеңіз, иығыңызды сілкілеңіз, басыңызды сілкілеңіз. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады. Денелеріңізді аяқтарыңызды сілкілеңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр, жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілдісіз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:
• Мен ақылдымын
• Менің жаным тыныш
• Мен қиындықтан қорықпаймын
• Мен жаспын, қандай әдемімін
• Менің қолымнан көптеген жақсылықтар келеді, бәрі келеді.
• Маған сенімділік күш береді
• Мен дайынмын.
Енді екі топ сабақтан алған әсері жайында плакатқа түсіріп постер қорғайды.
Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай?
Әр қатысушы смайлингтерден өз көңіл-күйіне қарай таңдап, өз жүзімен көрсетіп береді.

ОҚО. Түркістан қаласы.
Бабайқорған ауылы.
«Бабай-Қорған» жалпы орта мектеп МКМ
Педагог-психолог:
Бигелдиева Эльмира
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.