.
.
Маңғыстау облысы «Шәкірт балаларға» Ж. Жабаев
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1620 | Размер: | Автор: гостьҚарақия ауданы
№3орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
БЕКТИЛЛАЕВА АЙША ИСАХАНОВНА
Сабақтың тақырыбы: «Шәкірт балаларға» Ж. Жабаев
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлем туралы толық теориялық білім беру.Жамбыл атаның «Балаларға» айтқан өсиетін түсіндіру.
ә)Оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.
Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.ой өрісін, танымдық қабілетін арттыру.
б) Адамгершілікке, инабатты, мейірімді болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Жамбыл ата суреті,слайд, Жамбыл Жабаев өмірбаяны.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
-Балалар сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабағымызды анықтайық.
Сөзжұмбақ шешу.
1.Ыбырай өз өлеңінде балаларды неге шақырады?
2.Тілі жоқ өзінде
Сөзі жоқ ізінде .
3.Сөздерден не құралады?
4.Үстіндегі есігі
Өзі орындық, әрі үстел
Оқушылар бесігі.
5 .Бағаны ол көрсетіп
Жүреді оқушыға ол еріп
6.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
7.Бірін-бірі қоштаған
Бір үйде көрдім
42-дос жаран.
8. Әл-Фарабидің оқытқан шәкірті кім болды?
9. Білімнің дәнін тереді
Балаға білім береді.
Балаларға сөзін шығару.
-Балалар, қазақтың жүз жасаған ақынын кім айтады?-Ол Ж.Жабаев
V. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс
150-жаттығу
Әр сөйлемді оқып, жатқа жазыңдар.
Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады, сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
ЕРЕЖЕ
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады.
Тақтамен жұмыс
151-жаттығу
Сөйлемдерді оқыңдар.Керекті жеріне нүкте қойып, оларды бас әріптен бастап жазыңдар.
Құралай терезені ашты. Үйге салқын ауа кірді.
Үйдің ауасы тазарды. Құралай сабақ оқыды.
Сергіту сәті
Жамбыл Жабаев туралы мағлуматтарға кезек берейік.
Жамбыл Жабаев (1846 – 1945жж.)
Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып – соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Жамбыл Жабаев туралы тілшілер зерттеуіне кезек берейік.
Жамбыл туралы бейне түсірілім.
Ескерткіштер мен театр, мұражайларымен таныстыру.
Жамбыл аталарың туралы қандай кинолар түсірілді?
Жамбыл аталарың балаларға өте көп өсиет айтқан.Соның бірі бүгінгі «Балаларға» деген өлеңі
Балаларға
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Балалар аманбысың шырақтарым.
Майысып көлге біткен құрақтарым
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына сендей жотам
Кітаппен жұмыс
Іштей оқу
Тізбектей оқытамын.
Зерде ойынын ойнау. 3-топқа бөліп жарыстыру.
1.Алғырлар 2 .Тапқырлар 3. Ойшылдар
Ұяшық таңдау
1.Фараби жігітттің қандай өнерін байқады?
.Жігіт қандай жақсылыққа жетті?
2.Қазақ батырларын ата.
Ер қаруы-бес қаруды ата.
3.Қазақтың үш биін ата.
4.Жамбыл атаның қандай өнері бар?
5.Жамбыл ата балаларға қандай сөздер айтты?
6.Жамбыл ата туралы не білесіңдер?
Есептер шығару.
Ойлан тап
VI.Жаңа материалды пысықтау:Ережені сұрап, мысалдар келтіру.
VII.Бекіту кезеңі:
Әр топтың бағасымен таныстыру.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:
Балаларға өлеңін мәнерлеп оқып келу, 152-жаттығу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.