.
.
20.02.13 География 8-сынып ашық сабақ Шөл зонасы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2107 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: Шөл зонасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстанның табиғат зоналары бойынша оқушыларға
шөл зонасының ерекшеліктері туралы білім беріп түсіндіру
Дамытушылық:Тақырыпты ашып, оқушылардың ой-өрісін дамыту
мен өзіндік пікірін қалыптастыруға үйрету
Тәрбиелік:Сабақ мазмұны және әр түрлі дидактикалық материалдар арқылы
оқушыларға адамгершілік,экологиялық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі:Слайд,кестелер,суреттер,гербарилер
Сабақтың өту түрі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың өту әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,сайыс түрінде
Сабақтың өту барысы: I Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.Олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды 2 топқа бөлу.I топ Қазығұрт,II топ Заңғар
II Жаңа сабақтың жоспары
1Шөл зонасының еліміздегі орны
2Климаты
3Топырағы
4 Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
1-кезең Қызығушылықты ояту
1Қазақстан Еуразия материгінің қай бөлігінде орналасқан?
2Қазақстан Республикасы көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орын алады?
3Қазақстан елі қандай климаттық белдеуде орналасқан?
4Қазақстан территориясында неше табиғат зонасы бар?
1-слайд Қазақстанның табиғат зоналары картасы
2-слайд
Орманды дала Дала Шөлейт Шөл
2.5% 26% 14 % 44%
Шөл зонасы Қазақстан аумағының 44%-ына жуығын-Каспий теңізі жағалауларынан бастап,
оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне дейінгі 120млн га аймақты алып жатыр.
Бұл зонада,негізінен,құмды және сазды,тасты шөлдер кең тараған.
Қлиматы: Шөлдің климаты мұнда да тым континентті және аса құрғақ.
Жауын-шашын өте аз түседі,жылдық орташа мөлшері 200мм-ден аспайды.
Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік бөлікке бөлінеді.
Топырағы: Шөлдің солтүстігінде жеңіл саздақтың үстінде қалыптасқан құрамында 2.5% шіріндісі бар
қоңыр топырақ тараған.Ал құрамында 1.0-1.2%ғана шірінді болатын сұр-қоңыр топырақ шөлдің оңтүстігіне тән.
Өсімдігі: Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұқымдастарға жататын селеу өседі.
Селеуден басқа эфемерлі өсімдіктер:өлеңшөп,құмның боз жусаны,құм бетегесі,еркекшөп,құмның жабайы сұлысы,
қоңырбас,құм түймедағы,көсік,құмаршық жақсы өседі.Сырдария аңғарында,Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратау
бөктеріндегі шөлдерде Қазақстан эндемигі-жусан дерменесі өседі.
Шөл өсімдіктерінің ерекшеліктерінің бірі-табиғат жағдайларына бейімделуі.
Мысалы,құмдағы өсімдіктердің барлығының тамыры ұзын болып келеді.
Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден құмды жерде ақ сексеуіл және сортаң топырақты жерде қара сексеуіл өседі.
Шөл зонасында көктемде алуан түрлі әдемі гүлдер:қызғалдақ,шөл көкнәрі бой көтереді.Өзен аңғарларына тән ерекше
өсімдіктер-әр түрлі өсімдіктерден құралған тоғай деп аталатан қалың бұталар,шеңгел,жыңғыл өседі.
Шөлдің жануарлары онда өмір сүруге бейімделген.Олар:қосаяқ, сарышұнақ ,құм тышқаны,кесіртке, жыландар,
тасбақа,кірпі шаян,қарақұрт,бұзаубастар.
Бетпақдала,Маңғыстауда,Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде ақбөкен мен қарақұйрық,қасқыр,түлкі,қарсақ,қоян тіршілік етеді.
Шөл зоналары мал шаруашылығы үшін,әсіресе құмды шөлдер қысқы жайылым үшін қолайлы.
Қой,мүйізді ірі қара,түйе,жылқы шаруашылықтары жақсы дамыған.
3-слайд
Құмды Сазды Тасты
Қызылқұм Үстірт Сарыарқаның
Арал маңы Қарақұмы Бетпақдала оңтүстігінде
Мойынқұм Бетпақдаланың
шығысында
Үстіртте
Маңғыстауда
4 -слайд
III Жаңа сабақты пысықтау
Дәптермен жұмыс
Шөл зонасына байланысты кестені толтырыңдар
Шөл зоналары Аймағы Сипаттамасы
Құмды шөл
Сазды шөл
Тасты шөл
Жауабы
Шөл зоналары Аймағы Сипаттамасы
Құмды шөл Қызылқұм,Арал маңы Қарақұмы,Мойынқұм,Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдары т.б Мұндағы құмдар мыңдаған жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған
Сазды шөл Үстірт,Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалауларында,құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас орналасқан Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер,сор,сортаң және тақыр жерлер алып жатыр.Оларды негізінен,жер бетіндегі ағын сулар қалыптастырады
Тасты шөл Сарыарқаның оңтүстігінде,Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте,Маңғыстауда кездеседі Қазақстанда тастақ немесе тасты шөлдер онша көп емес.Тастақ шөлдердің өсімдігі құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдің өсімдіктеріне ұқсас
IV Үй тапсырмасын сұрау
Географиялық диктант
1Еліміздің шөлейт аудандары Жайықтан ......... дейін дала мен шөл зоналары аралығында ......... км-ге созылып жатыр.
2Шөлейттің климаты ............. ,жауын-шашын .... ,шұғыл континенттілігімен ерекшеленеді.
3Жылдық жауын-шашынның мөлшері ............ мм аралығында.
4Тұрақты ағатын өзендері Ойыл , ....... ,Торғай, ...........,Аягөз, қалған өзендерінің көбінің суы ........ тартылып қалады.
5Шөлейттің негізгі топырағы беткі қабатында шірінді .........% ғана болатын ......... қызыл-қоңыр топырақ.
6Шөлейт зонасында даланың және шөлдің өсімдіктері:бетеге, ......... , түймедағы, ....... таралған.
7Шөлейт зонасында даланың және шөлдің жануарлары:қасқыр, ........... , түлкі, .......... ,саршұнақ,қосаяқ, .......... , сасықкүзен тіршілік етеді.
8Шағыл,бархан-құмды шөл және шөлейт жерлерде ....... ......... пайда болатын ысыранды ......... ......... ,жер бедерінің пішіні.
Географиялық диктант
Жауабы
1Еліміздің шөлейт аудандары Жайықтан Алтайға дейін дала мен шөл зоналары аралығында 2900 км-ге созылып жатыр.
2Шөлейттің климаты құрғақ ,жауын-шашын аз ,шұғыл континенттілігімен ерекшеленеді.
3Жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында.
4Тұрақты ағатын өзендері Ойыл ,Жем ,Торғай, Сарысу,Аягөз, қалған өзендерінің көбінің суы жазда тартылып қалады.
5Шөлейттің негізгі топырағы беткі қабатында шірінді 2-3% ғана болатын ашық қызыл-қоңыр топырақ.
6Шөлейт зонасында даланың және шөлдің өсімдіктері:бетеге, жусан , түймедағы, боз таралған.
7Шөлейт зонасында даланың және шөлдің жануарлары:қасқыр, қарсақ , түлкі, қоян ,саршұнақ,қосаяқ, құмтышқаны , сасықкүзен тіршілік етеді.
8Шағыл,бархан-құмды шөл және шөлейт жерлерде желдің әрекетінен пайда болатын ысыранды құм төбелер ,жер бедерінің пішіні.
Деңгейлік тапсырмалар
1 Электрондық оқулықтан күрделі тест шешу
2 Кеспе қағаздар тарату
Кескін картамен жұмыс
1Кескін картаға шөлейт пен шөл зонасының шекарасын белгілеңдер
Шығармашылық тапсырма
С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»өлеңін параграф мәтінімен салыстырыңдар.Сол кездегі ақын көтерген мәселе бүгінгі күні де өзекті ме?
Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Ақсақ киік
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ-шөл,ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ,күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел жайлау,өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш,қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.
Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
Сайланып қос ішінде талай кештік.
Азамат,ат пен айғыр,атан ғана,
Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.
Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп -өнген,
Жалғыз-ақ құлан,киік шөлге көнген.
Қазақтың малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген...
Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
Таңы аппақ,екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес адам өзі қиып.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай мекен?
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап байағыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға
Кез келеді анда-санда саяқ-некен.
Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып,шетке сатып,
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.
Қиырсыз,Бетпақдала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...
Ел қайда?Ел алыста-шулаған ел!
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақ бөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ ,құр журекте айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғада!..
Ботакөз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген.
V Қорытынды
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.Олардың білімін бағалап, журналға және күнделіктеріне қойып беру.
Үйге тапсырма
Шөл зонасы тақырыбын оқу, Шөлейт пен шөл зонасын салыстырып Венн диограммасын сызу.
«Шөлдегі тіршілік» тақырыбына эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.