.
.
Сағындықова Бибінұр Сабитқызы Ш. Мұртаза «Бала Тұрар»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1991 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе облысы, Шалқар ауданы, Есет ауылы
Сарыбұлақ негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтын тақырыбы: Ш. Мұртаза «Бала Тұрар»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Тұрар Рысқұлов туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.Автор туралы мәлімет беру.Сөздік қорларын жана сөздермен байыту,шығармашылық қабылетін дамыту.
Оқушыларды өз халқына ,ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жана сабақ
Әдісі: түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: автор суреті, шығармалар көрмесі, Т.Рысқұловтың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық даярлық. «Шаттық шеңбері».
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Бәлел Тұрсынбаев «Алғашқы көмек»
1. Оқушылардың түсінгендерін сұрау, бағалау
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Жазушы қай кезді еске алады?
- Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттеледі?
- Аштық жылдары туралы өзің тағы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
1 Автор туралы қысқаша мәлімет.
Ш. Мұртаза Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылында туған. Әкесі Мұртаза 1937 жылы «халық жауы» болап ұсталып кеткендіктерден жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып өскен. Ауылда мектептен соң Жамбылдағы интернатта оқыған. Ш. Мұртаза – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері.
Топтастыру.
1932 жылы Шығармалары
Жамбыл облысы «Қызыл жебе»
Жуалы ауданы «Қара маржан»
Қазақтың белгілі жазшысы
2.Кіріспе әңгіме.
Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады.Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп,байлардың малын бақты. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды.
1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер иниститутына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып,Т.Рысқұлов соған белсене атқалысады.
Топтастыру.
1894 жылы «Еңбекші қазақ»
Талғар облысы газетінің редакторы
Қоғам қайраткері
3.Мәтінмен жұмыс
А)мұғалімнің оқуы
Ә)оқушының тізбектеп оқуы
В)тұтастай оқыту
Г)сұрақтармен жұмыс.
1 Шығармада Тұрар қай қырынан танылған?
2.Тұрарне туралы ойлап отыр екен.?
3.Тергеушінің Тұрар оқитын сыныпқа келуі не?
4.Ол неліктен Атамырза емес ,Тұрарды таңдап алды?
4.Сөздік жұмыс
Саусақпен санарлық- өте аз
Қылкөпір-ақыр заман,қиямет-қайым.
Тұяқ серіппеді - қыбыр етуге шамасы келмеді.
5. Топпен жұмыс.
1-топ.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.
2-топ. Осы мәтінге қысқаша түсінік беру.
3-топ.Мәтіндегі түсініксіз сөздерге сөйлем құрап айту.
IV.Сабақты бекіту.
1.Венн диограммасы
Тұрар Атамырза
2.
Не білгіміз келеді? Не білдік? Нені үйрендік?
Шерхан Мұртаза кім? Тұрар Рысқұлов кім,қандай адам? Жазушы
Сабырлы
Ақылды
білімді Жазушылардың шығармасы өз бетімізбен оқуды уйрендік
V Білімді тиянақтау
VIҮй тапсырмасы «Бала Тұрар» әңгімесінің мазмұнын айту.
1-топ.Шерхан Мұртаза
2- топ. Тұрар Рысқұлов туралы қосымша мәліметтер іздеп, мәнжазба жазу
3-топ. Сөздіктегі жана сөздерді қатыстырып, қысқа әңгіме жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.