Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың тақырыбы: Ұшқыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ҚР-ның ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен, ғарыш және ғарыш ұғымдарымен таныстыру.

Дамытушылық: Танымдық және шығармашылық ойлауларын, қызығу- шылықтарын,Талдау және қортынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Денсаулығы мықты,ақылды,білімді ұрпақ болуға,алған білімдерін ұмытпауға,адал әрі шыншыл болуға тәрбиелеу.

Міндеті: Тұңғыш ғарышкер,қазақ ғарышкерлерімен танысып,олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып,оқушы бойындағы аспан денелеріне деген қызығушылықты ояту.

Күтілетін нәтижелер:
1.Оқушылар ҚР-ның ғарышкерлері,Байқоңыр айлағы туралы мәлімет алады.
2.Ғаламшарлар туралы түсініктері кеңейе түседі.
3.Жердің алғашқы серігі жасанды ұшырылғанын меңгереді.
4.Танымдық ойлаулары дамиды.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,әңгімелеу,тест,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Ю.А.Гагарин,Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтың портрет- тері.Интерактивті тақта.Бағалауға арналған көрнекіліктер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Оқушылардың өткен таақырыптардан не түйгендерін сөзжұмбақ арқылы тексеру.
1.Егіс даласындағы ауыр еңбек иесі.(Диқан)
2.Оңтүстік өңірдегі кең алқапты шаруашылық. (Жүзім)
3.Көмірді алғаш тапқан қойшы бала. (Апақ Байжанов)
4.Маңғыстау өңіріндегі «тірі алтынды» теңіз. (Каспий)
5.Үш метрге дейін жететін балық (бекіре)
6.Еті мен уылдырығы қымбат ірі балық. (қортпа)
7.Оңтістіктің «ақ алтыны» қалай аталады? (мақта)
8.Шахтерлер шоғырланған қала.(Қарағанды)
9.Көктем айы. (Сәуір)
А).Ой қозғау. 12-сәуір қандай күн? -Ия балалар.
Ал ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?

Байқоңыр –Қарағанды облысының территориясында орналасқан.Совет Одағының ең ірі космодромдарының бірі.Байқоңырда кеңкөлемді зерттеулер жүргізу үшін техникалық құрлыстар салынған.
Кеңес одағы кезінде 1961 жылы 12-сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағын дүр сілкінтіп, «ВОСТОК-1» ғарыш кемесі әуеге көтерілді.20 үміткердің ішінен 27жасар Юрий Гагарин таңдалды.
Бұған дейін адам баласы ғарышқа ұшып көрмеген еді.Жалпы Кеңес Одағы кезінде1957 жылы 4-қазанда ғарышқа жол ашылды. Сол жылы қараша айында Лайка атты итті «спутник-2» бортына салып, ұшырады. Телевизор арқылы иттің қан қысымын,тыныс алуын, жүрек соғысын бақылап отырады.Оның кемесінде қайта қону аппараты болма-ғандықтан Лайка ғарыш кеңістігінен оралмайды. Содан кейін Белка мен Стрелка ғарышқа ұшырылады.Олар бірінші рет орбитаны сәтті айналып,жерге аман оралады.Осы зерттеулерден кейін адам ғарыш кеңістігіндегі радияциядан,жоғарыдағы қысымнан,суықтан қорғап,ішкі температураны сақтап тұратын ғарыш костюмін шығарады.Ол костюмді-СКАФАНДР деп атады.
Осылайша «ВОСТОК-1» бортына мініп,скафандрасын киіп, Американ- дықтардан бұрын ғарыш әлеміне Юрий Гагарин есік ашты. Ол 1сағат 48мин ішінде жерді айналып,тарихта болмаған ерлік көрсетті.Ленин орденімен,көптеген шетел ордендерімен де марапатталды.1968-жылы 27-мартта самолетпен жаттығу кезінде қаза тапты. Оны Москвадағы Қызыл алаңға жерледі.
Ғарышқа адам баласы зерттеулер жүргізу үшін,суретке түсіру үшін, аспан денелерінің орналасуын көріп,ғылыми жоба жасау үшін,тіпті ауа райын да зерттеп,болжап отыру үшін де ұшып отырған.
Аспанда ай мен күннен басқада планеталар бар.Көзімізге жұлдыз болып көрінетін жарықтарда алыс орналасқан планеталар.Олардың саны миллиардтаған. Сендерге мен күнге жақын орнаслсқан планеталар жайлы айтып өтейін.Күннің төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі бар.Олар: Меркурий, Марс, Шолпан, Жер, Юпитер, Уран, Сатурн, Нептун, Плутон. Аспанның ашылмаған сырлары өте көп.
Ғарыштық зерттеулер жүргізу үшін де көптеген бойжеткендеріміз осы салада жұмыс атқарды. Жаңа жаңалық еңгізу үшін 100 шақты нәзік жан -дылар сынға түсті. Валентина Терешкова таңдалып,ол 1963 жылы16 маусымда «Восток-6» ғарыш кемесімен көкке көтерілді. Ол ҮШ күнде жерді 48 рет айналып,шаршап,өзін жаман сезінгеніне қарамастан ,ғылым үшін көптеген суреттермен бейнелер түсіріп,олжалы қайтты.Бұлардан кейін де көптеген адамдар ғарышқа ұшып,ғылымға үлкен жаңалықтар әкелді.
СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ
Сонымен қатар қазақ жігіттері де ғарышқа ұшудан қалыс қалмады.
-Қазақ ғарышкерлерін білесіңдер ме?
-Ия,балалар!Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер,әрі ұшқыш,әрі Кеңес Одағының батыры,өз еліміздің халық Қаһарманы-Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.Ол1946 жылы Қарағанды облысына қарасты 1Май колхозында дүниеге келген.Ол бір үйдің жалғыз баласы.Ол әкесінен 7 айында жетім қалып,Шешесінің тәрбиесінде болады.Кішкентайынан ұшқыш болуды армандап,малдың омыртқа сүйегін самалет етіп,кейін өскен соң ағаштан жасап ойнаған екен.Жастайынан ауыр жұмысқа араласып,оқуында қоса алып жүрген.Ол әскери әуе училищесін 1969жылы бітіріп,күрделі ұшыру сынақтарына да қатысады.Егеменді Тәуелсіз Қазақстанды жалпақ ғаламға танытып,1991 жылы 2-қазанда тұңғыш қазақ ғарышқа ұшады.
Содан кейін ғарышқа екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Ол ғарышта екі рет 1994жылы борт инженері ретінде және 1998 жылы 29-қаңтарда ұшып, «МИР» орбиталық станциясында еліміздің маңызды мәселесін жүзеге асырды.
Ол 1951 жылы 7-қаңтарда туған.РИГА инженерлер институтын және Жоғары ұшу училищесін бітірген.
Сабақты қортындылау: Оқушыларды екі топқа бөліп, сұрақтар қоя отырып, сабақтан не түйгендерін тексеру.
І.Күн тобы ІІ.Ай тобы.
Қайталау сұрақтары:
1.Ең алғаш ғарышқа не ұшырылды?
2.Ғарыш айлағын ата?
3.Дүние жүзінде 1-ші болып космосқа ұшқан кім?
4. «Восток-6» зымыранымен ұшқан әйел ұшқыш?
5.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін айт?
6. 2рет ғарышта болған 2-ші ұшқаш кім?

Сабақты қортындылау: Оқушыларды жұлдызшалармен бағалай
отырып, сабақты қортындылау.
Үйге тапсырма: 133-бет.Ұшқыш тақырыбын оқу, мазмұндау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.