Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шалғынды қорғау -

Шалғынды қорғау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2331 | Размер: | Автор: гость
. Кеттебекова Замзия,
«Сырдария» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шардара ауданы
Сабақтың тақырыбы: Шалғынды қорғау

Сабақтың мақсаты:
1.Шалғында кездесетін өсімдіктер мен жануарлармен таныстыра отырып, олардың тіршілігіне тоқталу.
2.Әр өсімдік пен жануарлардың өзіне тән қасиеттері мен ерекшелігі, және олардың тіршілігі туралы түсінік бере отырып, танымдылығын дамыту.
3.Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге және күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, маркерлер мен стикерлер, оқулық.
Сабақтың түрі: жұптық жұмыс, талдау, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.

ІІ.Өткен сабаққа шолу.
Сыныптағы 24 оқушы 12 жұп болып өздері үйде дайындап келген сұрақтарын өздері қалаған тобына қояды. Сұрақтың жауабының дұрыстығы мен бұрыстығына сұрақ қойған жұп бағасын береді.
№1 жұп: шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді не дейді? (Көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді)
№2 жұп: Шалғында қандай өсімдіктер өседі? (Шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ)
№3 жұп: Пішен шабу қай кезде басталады? Неге? (Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады)
№4 жұп: Пішен дайындалатын шалғынды не дейді? (Шабындық дейді)
№5 жұп: Кейбір шалғындар жазда және күзде не ретінде пайдаланылады? (Мал жайылым ретінде)
№6 жұп: Шалғында мал жемейтін қандай улы өсімдіктер кездеседі? (Уқорғасын, сарғалдақ)
№7 жұп: Жаз ортасында шалғында нелер көп болады? (Бунақденелілер өте көп болады)
№8 жұп: Көк жасыл шалғын үстінде ненің құбылта салған әні жиі естіледі? (Бозторғайдың әні жиі естіледі)
№9 жұп: Бөдене көбінесе немен қоректенеді (Шөп дәнімен, оның жас сабағымен бунақденелілермен қоректенеді)
№10 жұп: Бөдене қандай құс? (Жыл құсы, күзде жылы аймақтарға ұшып кетеді)
№11 жұп: Неге шалғында ірі аңдар болмайды? ( Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын)
№12 жұп: Саршұнақ пен көртышқан өз тіршілігіне қажетті барлық жағдайды қайдан табады?
ІІ. Жаңа сабақ: Шалғынды қорғау. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.

1.Көктем мен күздің салқын түндерінде шөп басына тұратын атмосфералық дымқыл тамшы. (шық)
2.Тайдан кіші, бес-алты айлық ересек құлын (жабағы)
3.Қасқырдың басқаша атауы (ұлыма)
4.Кім сендерді сағынар шетке кетсең, .... іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? (ғылым)
5.Астық дәнінің сыртқы қабығы (қауыз)
6.Қарғаның бір түрі (таған)
7.Қанаты үлкен, мойны ұзын, ірі дала құсы (дуадақ)
8. Мол байлық береке (ырыс)
9.Үстінде қара нүктелері бар кішкене қызыл қоңыз (қанқыз)
10.Жалғыз аяқ жол сүрлеу (соқпақ)
11.Қара ала тоны бар, аңдардың ол краны. (керік)
12.Алғаш рет Тоқтар Әубәкіров ... көтерілді. (ғарышқа)
13.Тиген жерін дуылдатып ашытатын көп жылдық өсімдік (қалақай)
14.Басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын түсі сары қоңыз (бұзаубас)

Мұғалімнің сөзі:
- Шалғындар еліміздің табиғи байлығы. Шалғын неліктен қорғауды қажет етеді? Шөптекті өсімдіктер жаз ортасына қарай жаппай гүлдейді, пісіп жетілген тұқымдарын шашады. Келесі жылы көктемде ол тұқымдардан өсімдіктер қайтадан көктеп, өсіп жетіледі. Жыл сайын шалғындағы тіршілік осылайша қайталанып отырады.
Егер шалғындықта мал жайылмаса, пішен дайындалмаса, шалғын жыл сайын жайқалып өсер еді, оны арнайы қорғау шараларын жүргізудің қажеті болмас еді. Алайда адам шалғынды пайдаланбай тұра алмайды.
Шалғында тіршілік ететін көптеген жануарлар одан өздеріне азық, паналайтын орын табады және өздері де өсімдіктерге пайдасын тигізеді. Мысалы, аралар, түкті аралар, көбелектер ұшып-қонып, өсімдіктердің бірінен-біріне гүл тозаңдарын тасиды. Өсімдік тозаңданған соң ғана тұқым береді. Шұбалшындар қураған өсімдік қалдықтарын топырақ арасына тасып, оны қарашіріндіге байытады: құрттар салған қуыстарға ауа кіріп, өсімдік тамырларының өсуіне жақсы мүмкіндік береді. Сондықтан шалғын жануарларын ерекше қорғауға алу керек.
Көбелектің дернәсілі – жұлдызқұрттар шалғында шамадан тыс көп болса, олар өсімдіктердің жапырағын балауса жемісін, тұқымын жеп шалғын аз уақыт ішінде жойылар еді. Бірақ, шалғында тіршілік ететін құстар, кейбір ұсақ аңдар, шаншарлар, т.б. жұлдызқұрттарды жеп қоректенеді де, олардың шамадан тыс көбеюіне мүмкіндік бермейді. Олар зияндап үлгерген өсімдіктер қурап, шұбалшындар арқылы топыраққа араласып, минералды тұздарға айналады, онымен өсімдіктер қоректеніп, жақсы өсіп жетіледі.
Шалғын өзіндік ерекшелігі бар, аса маңызды табиғи бірлестік. Сондықтан, табиғи бірлестікті, ондағы тіршілікті тұтас қорғау қажет.
Деңгейлік тапсырмалар: ІІІ деңгей: Сызба бойынша ойларын жүйелеу.

ІІ деңгей: Шалғынды қорғау тақырыбында кездесетін бунақденелілердің атын жазу.
І деңгей: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары тақырыбында кездесетін құс- бөдене туралы әңгімелеу.
Оқулықпен жұмыс. Ойланып еске түсіру.
ІІІ деңгей. 1. Енді шалғында мал жаю, пішен дайындау жұмыстарын адам өсімдіктердің тұқым шашатын мерзімін ескермей, одан ерте жүргізсе, мұның шалғынға қандай әсері болады?
2. Шалғын шөптерінің ішінде мал сүйсініп жейтін, тіпті жемейтін өсімдіктер бар. Үнемі мал жайылатын шалғында 3-4 жылдан соң қандай өсімдіктер жойылып, қандай өсімдіктер көбейеді?
ІІ деңгей. 1. Шалғын көгал деген не? Шалғын өсімдіктерін ата.
2. Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктерді білесің?
3. Шалғынды қорғаудың қандай жолдарын білесің?
ІІІ деңгей: Берілген жануарлар арасынан шалғын жануарларын теріп жаз:
Қасқыр, көбелек, ара, қоян, түкті аралар, жолбарыс, тиін, торғайлар, қосаяқ, кірпі, бөдене, қоңыздар, шегіртке, бөкен, тырна.
Бағалау. Стикерлер арқылы жұптық бағалау.
Үйге тапсырма: Шалғын өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.