Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шаршы –геометрияық фигура. -

Шаршы –геометрияық фигура.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1703 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Шаршы –геометрияық фигура.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды геометриялық фигуралармен таныстыру және олар туралы түсінік беруді жалғастыру.Шаршының периметрін табуды үйрету.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу,танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат,кеспе қағаздар, стикер, фломастер.
Сабақтың түрі: Өткен сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Ойын, жарыс сабақ.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқау;
Шаттық шеңбері: Жаңылмаймыз, сүрінбейміз,
Зерек бала боламыз!
Стикер арқылы топқа бөліну.
ІІ. Өткен сабақтарды пысықтау(Ой ширату)
1.Қосудың компаненттерін ата
2.Азайтудың компаненттерін ата
3.Уақыт өлшем бірліктерін ата
4.Қосудың нәтижесін қалай атаймыз?
5.Бір жылда неше ай бар?
6.9 ондық, 8 бірліктен тұратын сан
7.Ұзындық өлшем бірліктерін ата
8.3 қабырғасы, 3 төбесі бар фигура қалай аталады?
9.Төртбұрыштың қасиеттерін айтып бер
10Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Шаршы – барлық қабырғалары тең төртбұрыш. Р ═а+а+а+а
а═2см
Р ═? Р ═2см+2см+2см+2см ═ 8см

2. «Математикалық сөзжұмбақ» (Есептің нәтижесі арқылы ең кіші саннан өсу ретімен орналастыру арқылы жасырынған сөздерден нақыл сөзді оқу. Мағынасын түсіндіріп өту)«Бір тал кессең, он тал ек!»
1-топ2-топ 3-топ
60+20 =80(А) 45+3=48(с) 10-5=5(н)
54+40 =94(л) 77-60=17(е) 99-60= 39(к)
30+7=37(І) 50+7 =57(е)80-70= 10(а)
81-80=1(б)60+8 = 68(ң) 28-8 = 20(л)
60-20=40(р)10 – 9 = 1 (к) 10-3 = 7(т)
60+5=65 (т)40+7=47(с)90-60 = 30(е)
81-80 = 1(о)

3.Сергіту сәті: (қолмен қимыл жасайды)
1,2,3 – бұл үшбұрыш,
4,5,6 – бұл төртбұрыш,
7,8 – білім теңіз,
9,10 – білім еліне қон!

4. «Теңдеулер елінде» ( 3 топқа 3 есеп беріледі).Дәптермен жұмыс
х+20=50х-5=3545-х=30
х=50-20х=35+5х=45-30
х=30х=40х=15
30+20=50 40-5=35 45-15=30
50=50 35=35 30=30

5. «Қызықты шаршы»

1-топ«18» 2-топ «24» 3-топ «21»
5 10 3
4 6
9 7
7 12
8 10
11 4 9
10 6
7 11
8 9 4

6. «Кім жылдам?»
1-топқа
1жылда неше ай бар?
Метр ненің өлшем бірлігі?
Барлық қабырғасы тең төртбұрыш
7ондық,8 бірлік қандай сан?
Ондығы бірлігінен 1-ге артық 2 таңбалы кез-келген сан
2-топқа
1аптада неше күн?
Килограмм ненің өлшем бірлігі?
3қабырғасы 3 төбесі бар,ол не?
8ондық,5бірлік қандай сан?
Ондығы бірлігінен 2-ге артық 2 таңбалы кез-келген сан

3-топқа
1тәулікте неше сағат?
Сантиметр ненің өлшем бірлігі?
4қабырғасы 4 төбесі бар,ол не?
9ондық,7бірлік қандай сан?
Ондығы бірлігінен 1-ге кем 2 таңбалы кез-келген сан

7. «Математикалық жұмбақ»
1. Өткізген тырна сабаққа
Қатысты жеті сауысқан.
3-еуі ғана олардың
Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысты осы сабаққа? (4)
2.
Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті
40-ы қызыл,8-і сары, 20-ы жасыл еді,
Тиін мен тышқан 8-ін жеді
Қалды екен нешеуі? (60)

ІY.Қорытынды кезең
Әр топтың жетістігін айту, мадақтау,бағалау.

Сабақтың тақырыбы:Елімнің мақтанышы –Рәміздер.

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушының Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, тағылымдық , тәрбиелік мәнін ұғындыру.
2.Тәуелсіз елдің ұланы екенін мақтанышпен сезінуге тәрбиелеу.
3.Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертеңгілік.

Көрнекілігі: Рәміздер, суреттер, шарлар, жалаулар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе (Мұғалім сөзі)
3.Негізгі бөлім.
Аяулым:Қазақстан Республикасының Конституциясы 34-бап, 1 –бөлім:
«Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға , басқа адамдардың құқықтарын , абырой мен қадір – қасиетін құрметтеуге міндетті».

Айша: Қазақстан Республикасының Конституциясы 34-бап , 2-бөлім: әр-кім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәіздерін құрметтеуге міндетті.

Ақбота: Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбамды.
Елтаңба, туың ,Гимн-
Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі-
Қасиетті осы рәмізер.
Еліме рух, мән берді
Иесі оның мына біздер.

Бекнұр: Мемлекеттік Ту- 1992 жылы 4-маусымда қабылданып- 6-маусымда күшіне енді

Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан
Бейнеленген ашық аспан күн көзге.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны,
Көріп жүремін көк туымды күнде өзім
Көгілдір түс мөлдір таза пәктігім,
Ырымдадым, болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышаны,
Көк туымның білдіріп тұр тап бүгін.

Хор:«Елтаңба».

Якия: Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім ?
Қазақстан-Отаным.
Әлем білген атағын
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба
Халқымыздың бейнесін.
Кең таныта өрлесін

Қарақат: Түп төрінде жұлдызым тұр,жаңа жанған бағымдай,
Мәңгі – бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазастан»деген жазу жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.

Нұргүл: Шаңырақ тұр арқау болып,бар жүгіңді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

Алтынай: Көк кілемдей желде ескен қанаты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа матын бұрып тұрады.
Желмен бірге жүйрік болған,ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата – баба тұрағы.

Аяулым: Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әні талай сақталады бүкіл әлем есінде.

Ернұр:Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағымнан таныған,
Өзі ақын,өзі әнші халықта,
Кім айта алар
Болмаған деп Әнұран?!

Рамазан: Жеңістерге қолбасыдай,
Ерліктердің жолдасындай.
Еліміздің Гимні
Жүректерде жаңғырады
Жаршысындай даңқымыздың
Жан серігі халқымыздың

Сүндет: Әйгілісің әуенімен әлемге
Гимнім, пәктігіңдідәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей
Ұран болып айтыла бер әр елде.

Айша: Қазақстан дейтін менің елім бар
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл далаа атам қолға ту алған
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Аспанымыз ашық болсын!
Бейбіт тыныш далам болсын.

Хор: Қазақстан.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.