Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шешендік сөздер. -

Шешендік сөздер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2193 | Размер: | Автор: гость
. Юлдашбекова Насиба Максатбековна
Сайрам ауданы, №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер.
Мақсаты:
1. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - қазақтың шешендік сөздері және жанрлық түрлері туралы мағлұмат беру.
2. Сөйлей білудің шеберлік екендігін ұғындыру. Шешен сөйлеудің мәнерін игеруге ынталандыру. Ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу;
3. Жас ұрпақты халықтық педагогикамен, ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынамен сусындатып, тарихи тұлғаларды үлгі тұта отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, СТО элементтері
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Көрнекілігі: шешен, билер портреті, интербелсенді тақта, нақыл сөздер, «Шешендік» бәйтерегі.
«Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды» М. Әуезов.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы аңыз әңгімелерді қайталау мақсатында «ББҮ» кестесі толтырылады.
б) Бекіту.

III. Жаңа сабақ
Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және елге таралған үлгілі ойлар. Дүние жүзіне әйгілі Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон, қазақтың тұңғыш шешені аталатын Майқы би, Сырым, Үргеніш, үш жүзді билеген атақты билер Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би аталарымыздан шешендік сөз өнері мол тараған.
Қазақтың шешендік сөздері - би, шешен секілді сөз шеберлерінің дауда, жиында, терең ойға, көркем сөзге байланысты айтқан тапқыр сөздері. Көбіне авторы белгілі болып келеді және ол ежелгі ауыз әдебиетінің соңы мен жазба әдебиетінің бастау болып табылады. Құрылымы шынайы оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым - қатынас, әрі көркем образды түрде болып келеді.
Көрініс. Қазыбек бидің шешендігі.
Осыдан соң Қазыбектің атағы елге жайылып, өсе келе би болған екен.
- Ал, балалар би болу үшін адамда қандай ерекшелік болуы керек екен? Бала Қазыбектің бойынан қандай қасиет көрдіңдер?

- Би - шешен, әділ, елші, батыр, тәрбиеші, ақылды, заңгер.
Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» деген заң шыққан. Осы заңның жобасын үш би жасаған. Ел ішіндегі дауларды әділ шешіп отырған.
Интерактивті тақтадан кесте көрсетіледі.
Ғасыр Би - шешендер
XII - XIII Майқы би, Аяз би
XIV - XV Асан қайғы, Жиренше шешен
XV - XVIII Шалкиіз, Бұқар жырау
XVIII Төле, Қазыбек, Әйтеке, Шортанбай, Дулат, Мұрат т. б.
XVIII - XIX Байдалы би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен, Сырым Датұлы, Досбол шешен.

Қазақтың атақты үш биі Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің суреттері ілінеді. Қысқаша мағлұмат беріледі.
Бұл кісілер хан, сұлтандардың кеңесшілері, ел мен елді татуластыру, бітістіру мақсатындағы жұмыстарды атқарған. Қазіргі таңдағы сот, прокурорлар міндетін атқарған. Ол кісілер жай сөзбен емес, көркем де, терең мағыналы, астарлы, айшықты сөздерді пайдаланған.
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: шешендік дау, шешендік арнау, шешендік толғау.
«Бұл дүниеде не өлмейді?», «Кімнен кім туады?» үнтаспадан тыңдату.

«Ассоциация» әдісі
Шешендік сөздер
Қынаптан суырылғандай қылыштай өткір.
Соқырға таяқ ұстатқандай анық.
Көңілге медет болатындай мағыналы.

Тапсырмалар:
Берілген шешендік сөздерді құрамына қарай талда.
Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,
Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді?
(антоним)

Әйел – үйдегі ырысың,
Ұл – айбарлы қылышың,
Қыз – түздегі өрісің,
Келін – кеңейген тынысың.
(метафора)

Сабақты бекіту
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты ойыны
– Ал, балалар, би - шешендеріміздің өнегелі сөздерін жадымызға жаттап, қаншалықты санамызға сақтағанымызды байқау үшін
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интеллектуалды ойынын жүргізбекпіз.
Ойын талабы – ұяшықтарда берілген би - шешендердің сөздерін жалғастыру.
- Қазақта батырлар көп болған. Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай т. б Солардың ішінде Сырым Датұлы деген атақты батыр өте шешен адам болған. Ол кісі жөнінде аңыздар өте көп. Ендеше «Сырым мен Үргеніш шешеннің арасындағы» шешендік сынды тыңдап көрейік.
Үргеніш пен Сырым.
- Ал, осыдан не байқадыңдар? Сырым батыр бізге қандай өсиет айтты екен?
Азаматпен дос бол, жан жарыңмен, білімдімін дос бол деді. Яғни досты таңдай біл, кез - келген адаммен дос болуға болмайды дейді. Ал осы достық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Сырым батыр туралы тағы қандай аңыз, шешендік сөздер білесіңдер?
Рауан «Атаға қарап ұл сөйлегеннен без, анаға қарап қыз сөйлегеннен без.
Осы екі мақал төңірегінде сөз таластырып көрейік.
Әйгерім - Айдана.
Екі мақал да орынды жерінде айтылса өзінің дұрыс шешімін табады. Екеуінікі де дұрыс. Пайғамбардан: ең бірінші кімді сыйлау керек?- дегенде, «Анаңды»- деп жауап берген екен. Демек ата - аналарыңды сыйлау, ең әуелі өз - өзіңді, бір - біріңді сыйлауларың керек. Бір үйде нешеусің? Бір біріңе қонақсың - деген. Адам мәңгілік өмір сүрмейді. Осы қысқа өмірде бар адаммен сыйласқанға ештеңе де жетпейді
- Енді тақтаға тегіс назар аударайық.
1. Мынау - ағаштың түбірі. Шешендіктің тамыры тереңде жатыр, Сонымен қандай шешендерді білесіңдер? ( Қазбек, Әйтеке, Майкы би, Төле би, Абай)
Абайдың шешендігін қалай дәлелдер едің? 45 қарасөзі арқылы.

2. Мынау - ағаштың діңі. Шешендіктің діңі мықты болу үшін:
* Адам сөйлемес бұрын тыңдаушысын біліп алу керек.
*Ортаға не үшін шыққаныңды білу керек.
*Сөйлейтін сөзіңнің тақырыбын білуің керек.
3. Шешен болу үшін адамда қандай қасиет болуы керек?
1. тапқыр 2. тәрбиелі 3. өжет 4. ақылды 5. ақын т. б

4. а) Ақылды болу үшін не істеу керек?
Сабақты жақсы оқу.
ә) Қандай адам өжет болады?
Шыншыл
б) Тапқырлық көзі - іздену, әдеби кітаптарды көп оқу, үлкендермен көп әңгімелесу, көп тыңдау.
в) Тәрбиелі болу үшін не қажет? Ата - ана, ұстаздарды сыйлау, тәрбиесін алу. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау.
г) Ақын болу үшін? Ақын боп адам тууы мүмкін. Мұны тума талант дейді. Бірақ ұйқасын тауып талаптануға болады.
Міне, көз алдымыздағы кішкене қарағаш гүлденіп өсіп, үлкен бәйтерекке айналды. Сендер де осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңірсеңдер, өскенде үлкен азамат, ең бастысы нағыз адам боласыңдар.
- Я құдайым бала берсең дана бер деген екен бір данышпан. Сол сияқты ақылды, дана болып өсіңдер.
Шешендіктің тағы бір тармағы - мақал - мәтелдер.
Менің сұрағыма кім мақалмен жауап береді екен?
1. Сиырдың сүті қай жерінде?(Сиырдың сүті тілінде) Не сипағанды білмейді? ( Сиыр сипағанды білмейді) Қандай бала сүйкімді? (Күлшелі бала сүйкімді)

Қорытынды: «Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды»- деген екен ғұлама жазушы М. Әуезов. Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеу - бүгінгі күннің талабы. «Өнер алды – қызыл тіл» деп ұққан ата бабамыз «От ауыз, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан астында тақпақтап айтқан ақыл - нақылға толы толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, кейінгі ұрпағына мирас еткен.

Бағалау:
Үйге: Ойтолғау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.