Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шешендік сөздердің ұлағатты, тәлім-тәрбиелік мәні. -

Шешендік сөздердің ұлағатты, тәлім-тәрбиелік мәні.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2798 | Размер: | Автор: гость
. Тасекенова Гүлжанат Серікқызы
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі

«Жауқазын» (5-6 жас) ересектер тобы

Тақырыбы: Шешендік сөздердің ұлағатты, тәлім-тәрбиелік мәні.
Түрі: Баяндама.
Мақсаты: Қазақтың тіл өнеріндегі шешендік пен тапқырлықты, салт-дәстүрлердегі
тіл шұрайын тану, үлгі алу.
Әдісі: Жатқа айту, сөздерді дәлелдей отырып түсіндіру.
Көрнекілігі: Шешен кісілердің суреттері, қанатты сөздер.

Ұйымдастыру барысы:
Баяндама оқылады.
Шешендік нақылдар мен толғаулар - ата-бабаларымыздың тіл маржаны, ақыл ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Ана тілімізді меңгерем, оның астарлы сырларына үңілем, шешендік өнерден тәлім алам деушілер көп.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр.
Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар. Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмаған. Бізге тек ұзын ырғасы, желісі жеткен.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі – М.Әуезов.
Шешендік сөздерді жинау, зерттеу ісіне үлкен үлес қосқан адамдардың бірі – Сәкен Сейфуллин.
Шешендік сөзде халықтың бастан кешірген оқиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, дүниеге көзқарасы көрінеді.
Қазақ шешендерінің атасы – Жиренше. Ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де осы – Жиреншенікі.

Мұсаның жұмбақтарын Саққұлақтың шешуі:
Орта жүз Қаржас Шорманның баласы Мұсаның бес ауыз жұмбағы:

Ибраһим: - Ағат деген немене?
- Санат деген немене?
- Қанат деген немене?
- Жанат деген немене?
- Жаным деген немене?

Файзолла: Екі кісі ұрысса
Ағат емей немене
Екі жақсы сөйлесе
Санат емей немене
Мінген атың болдырмай
Мәрелі жерге жеткізсе
Қанат емей немене?

Әбусейіт: Тоқтышақтың терісі,
Тоңдырмаса суыққа
Жанат емей немене?
Адал болса жан досың
Жаным емей немене?
Жайлы болса мінезі
Жаның емей немене?

Мөңке бидің сөзі:
Нұрасыл: Алыстан қызыл көрінсе
Жанат емей немене!
Көтеріліп ұшқан соң
Қанат емей немене!
Бас қосып бір жүрген соң
Санат емей немене!
Сусағанда берген су
Шәрбат емей немене?!

Қылышбай шешеннің сөзі:
Рахман: Көлде жүзген қаз-үйрек
Шөл қадірін білер ме?
Ата қамқор болмаған
Жақсыдан үлгі алмаған
Сөз қадірін білер ме?
Халықпен бірге өспеген
Ел қадірін білер ме?
Ынтымаққа қосылмай
Пасыққа пасық кездессе
Қуанысады досындай.

Қазбек биге бір адам «Кім жақын, кім қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беріңізші деп қиылыпты.

Қазбек айтқан: Кім жақын?
Әлішер: Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын
Бауырмал болса інің жақын
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жақын қарындасың
Адал болса досың жақын
Еркелейтін немерең жақын
Өз ұрпағың шөберең жақын.

Кім қымбат?
Назерке: Алтын ұяң - Отан қымбат!
Құт берекең –атаң қымбат!
Мейірімді – анаң қымбат!
Бәрінен де,
Ұят пенен ар қымбат.
Не қиын?
Мадияр: Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Жазылмаса дерт қиын
Іске аспаған серт қиын
Ақылдан адасып
Өзің түскен от қиын
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың.

Жерден ауыр не? Бала би қартайған шағында халқын жиып:
Еркежан: Жерден ауыр не?
Судан терең не ?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Бала бидің өз жауабы:
Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім.
Судан терең дегенім - оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.

Бір мәжілісте бас қосыр сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза:

Шұғыла: Ақ сауыт деп нені айтамыз?
Арғымақ деп нені айтамыз?
Ақылды деп кімді айтамыз?
Ер жігіт деп кімді айтамыз?

Шоңның жауабы:
Ақсауыт деп айтамыз
Атқанда оқ өтпесе
Арғымақ деп айтамыз
Желгенде жылқы жетпесе
Ақылды деп айтамыз
Тозған елді септесе
Ер жігіт деп айтамыз
Жауға тастап кетпесе?

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
- Үш арсыз,
- Үш ғайып,
- Бес жетім.
Үш арсыз: - Ұйқы арсыз Үш ғайып: - Қонақ ғайып
- Күлкі арсыз - Несібе ғайып
- Тамақ арсыз - Ажал ғайып

Қарабас шешеннің бес жетімді шешуі:
- Оты жоқ жер жетім,
- Басшысы жоқ ел жетім,
- Елінен ауған ер жетім,
- Тыңдаусыз сөз жетім

Калиман: Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Алдын тоссаң тоқырар
Кісі бірге туыспау керек
Туысқан соң сөз қуыспау керек
Жол қуған олжаға жолығады
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ
Құйрығы суда тұрса да
Уақтысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.

Абай сөзі хормен:
1. Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң айтпа сөз.
2. Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
Екі жаққа үңілдім.
3. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.