.
.
Молдашова Асем Оразбаевна, №1 жалпы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Шешендік және сөз мәдениеті
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1867 | Размер: | Автор: гостьОҚО, Арыс қаласы
Тақырыбы: Шешендік және сөз мәдениеті
Мақсаты: Шешендік сөздердің мазмұны, айтылу формасы. Стильдік ерекшеліктері жайлытүсінігін молайту. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – қазақтың шешендіксөздері және жанрлық түрлерін анықтау.
Нәтижесі: Шешендік сөздердің мазмұнын, айтылу формасын түсінеді. Қазақтың шешендік сөздері жанрлық түрлерін анықтайды.
Кіріктірілген молульдер. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, АКТ, ОҮБ
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, диалогтық оқыту, ой шақыру, кері байланыс
Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс
Қолданылатын ресурстар: интер белсенді тақта, шешен, билер портреті, нақыл сөздер, шешендік бәйтерегі
Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастырукезеңі
а) Шаттық шеңбері. «Жүректен жүрекке»
(Оқушылар бір-бірінет игі тілектер айтады)
ә) Топқа бөлу.
1 Майқы би тобы
2 Төле би тобы
3 Қазақ би тобы
4 Әйтеке би тобы
II. Үй тапсырмасы:
а) «Құнды сөз – құнарлы ойдан шығады» (Сұрақ-жауап)
1 Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?
2 «Өнер алды қызыл тіл» деген мақал мәнін қалай түсінесің.
3 Шешен нені біліп, неден сақтану керек?
4 Сөз қадірін білген, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай?
ә) Шешендіктің тағы бір тармағы – мақал-мәтелдер арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
Менің сұрағыма кім мақалмен жауап береді екен?
Қызым саған айтам. Бұны кім тыңдасын?
Қандай сөзден мән шықпайды?
Қандай ауыздан кесапатты сөз шығады?
Аңдамай сөйлеген қайтеді?
Ойнап сөйлесеңде, қалай сөйлеген жөн?
Әшейінде ауыз жаппаған, той дегенде не таба алмайды?
III.Жаңа сабақ
Шешендік және сөз мәдениеті
а) Аудио-видео арқылы жаң сабақ түсіндіріледі
ә) Шығармашылық тапсырма. «Даналардан қалған асыл сөз»
Майқы би тобы
«Шешендік сөз – өнер падишасы» тірек сызба бойынша шешендік жанырының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.
Төле би тобы
Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырушы Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендер еңбегін түсіндіреді.
Қазыбек би тобы
Филипп патша басқыншыларына қарсы афин азаматтарының күресін ұйымдастырған Цицеронның азаттық миссияларымен салыстырады.
Әйтеке би тобы
«Шешендік сөз өнері» тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін жазады.
а) Оқулықпен жұмыс. «Асыл сөз гаухардан да қымбат»
3-жаттығу. Айтылған пікірлерді негізге ала отырып, «Шешеннің сөзі-шамшырақ!» атты ой толғаңдар.
VI. Сергіту сәті «Көзімнің қарасы»
V. Пысықтау. «Шешендік бәйтерек»
1 Мынау – ағаштың түбірі. Шешендіктің тамыры тереңде жатыр, сонымен қандай шешендерді білесіңдер? (Майқы би, Төле би, Әйтеке би, Абай)
Абайдың шешендігін қалай дәлелдер едіңдер? (45 қара сөзі арқылы)
2 Мынау – ағаштың діңі. Шешендіктің діңі мықты болу үшін:
Адам сөйлемес бұрын тыңдаушысын біліп алу керек.
Ортаға не үшін шыққаныңды білу керек.
Сөйлейтін сөзіңнің тақырыбын білу керек.
3 Шешен болу үшін адамда қандай қасиет болу керек?
1 Тапқыр 2 тәрбиелі 3 өжет 4 ақылды 5 ақын тб
а) Ақылды бол үшін не істеу керек?
Сабақты жақсы оқу.
ә) Қандай адам өжет болады? Шыншыл
б) Тапқырлық көзі – іздену, әдеби кітаптарды көп оқу, үлкендермен көп әңгімелесу, көп тыңдау
в) Тәрбиелі болу үшін не қажет? Ата-ана ұстаздарды сыйлау тәрбиесін алу. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау.
г) Ақын болу үшін! Ақын боп адам туу мүмкін. Мұны тума талант дейді. Бірақ ұйқысын тауып талаптануға болады.
Міне көз алдымыздағы кішкене қара ағаш гүлденіп өсіп, үлкен бәйтерекке айналды. Сендер де осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңірсеңдер, өскенде үлкен азамат, ең бастысы нағыз адам боласыңдар.
- Я құдайым бала берсең дана бер деген екен бір данышпан. Сол сияқты ақылды дана болып өсіңдер.
VI. Қорытынды. «Кері байланыс»
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы жазыңдар.
Мұғалім сөзі: «Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, Әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениеттке жете алмайды» - деген екен ғұлама жазушы М.Әуезов. Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеп «От ауыз, орақ тілді» ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, нақылға толы термелерін жадымызда сақтап, кейінгі ұрпағымызға мирас етейік!
VII. Оқушыларды бағалау
Оқушының аты-жөні
Үй- тапсырмасы Шығармашылық жұмыс Оқулықпен жұмыс Шешендік бәитерек Бал Бағасы
Бағалау критериясы
«5» 18-20
«4» 15-17
«3» 14
VIII Үйге тапсырма. «Шешен тіл шешен сан істі» тақырыбына шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.