Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шығыс Қазақстан -

Шығыс Қазақстан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1974 | Размер: | Автор: Публикатор
. Жайлауова Элмира Мырзақадырқызы
Жетісай ауданы, «Үлгілі» жалпы орта мектебі.
Тарих пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Шығыс Қазақстан табиғат жағдайы және халқы, Шілікті патша қорғандары, Берел қорымдары, мәдениеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу, салыстыру талдауға үйрету.
Тәрбиелік: Ертеде мекендеген халықтар тарихын үйрету, сатл-дәстүр, әдет-ғұрыптарын құрметтеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карта, тірек-сызбалар, кестелер, электрондық оқулықтар.
Пәнаралық байланыс: География, сызу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Жаңа сабақты меңгеру
а) картамен жұмыс
ә) «Блиц-ринг» ойыны
б) тірек-сызба толтыру
3.Қорытынды
4.Үйге тапсырма беру.

Картамен жұмыс. Шығыс Қазақстан аумағын картадан көрсет.
(Шығыс Қазақстанға Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғы Семей облыстары аумағы жатады)

«Блиц-ринг» ойыны.
(Сұрақтарға оқушылар тез, әрі қысқа жакап беруіге тиісті)

1. Шығыс Қазақстан климаты қандай? (жазы қысқа әрі ыстық, қысы ұзақ та қатал)
2. Шығыс Қазақстан ертеде немен даңқы шықты? (металлургия орталығы болуымен)
3. Шығыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары туралы жазба мәліметтерді кім қалдырды? (Геродот)
4. Геродоттың айтуынша Шығыс Қазақстан аумағын ертеде қандай тайпалар мекендеген? (аримаспылар)
5. Аримаспылар атауы неге байланысты шыққан? (Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан)
6. Шығыс Қазақстандағы патша қорғандары ең көр шоғырланған жерді не деп атайды? (Шілікті ескерткіштер)
7. Шілікті қорымында қанша оба бар? (51 оба)
8. 1960 ж. зерттелген Шілікті «Алтын қорғанындағы» қабірден не табылды? (13 қола жебе, жебе салатын қорамсақтың жұрнағы табылды)
9. Шілікті (Алтын қорғанынан» табылған заттарды, обалардың салынған уақытын қай ғасырға жатқызды? (б.з.б. 7-6 ғ.)

Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орны



Қорытынды: Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда бұл өңірді қандай тайпалар жайлағанын дәл басып айту қиын. Ғалымдардың болжауы бойынша бұл жерді ертедегі үйсіндерге туыстас тайпалар немесе «үрге» деген атпен қытай жазбаларында кездесетін жұрт мекендеген.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.